Тәрбие сағаты "Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі" 6 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
БТБ бойынша 10 минут қауіпсіздік сабағымен бірге жасалған тәрбие сағаты жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру ұйымының атауы


Сынып жетекшінің аты-жөні:


Күні:

07.10.2024ж

Сынып:

6 «В»

Барлығы:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

26



Сынып сағаттың тақырыбы:

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Сынып сағаттың мақсаты:

Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру;Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру; Денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.

Дәйексөз

«Туған жердей жерболмас, туғанелдей ел болмас!»

Тәрбие жұмысының бағыты

Денсаулық және салауатты өмір салты тәрбиесі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\ уақыты

Сынып жетекшінің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Әнұран орындау

  • Түгендеу

Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет?

-Денсаулық

-Балалар денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар әнұран орындайды. Өз ойларымен бөліседі.


Сұрақтарға жауап береді




Сұрақтар тізімі

Қауіпсіздік сабағы

«НЕЛІКТЕН АТА-АНАҢМЕН ӨЗІҢДІ МАЗАЛАҒАН ОЙЛАРМЕН БӨЛІСУ МАҢЫЗДЫ?»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ата-анаға деген сүйіспеншілігін, құрметін дамыту.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға ата-аналармен олардың қиындықтары туралы сөйлесудің маңыздылығын көрсету.

  2. Ата-аналармен өз сезімдерің мен ойларыңмен қалай бөлісу керектігін түсіндіру.

  3. Ата-аналармен қарым-қатынас дағдыларын дамыту және олардан қолдау сұрауға үйрету.

Шешілмейтінжағдайларболмайдыжәнеәрқашанкөмектесугедайын қолдаушыадам бар.

Негізгіереже:ата– аналар бірінші болып көмектеседі. Кез келген жағдайда,қаншалықтықиыннемесеқорқыныштыболыпкөрінсе де,есіңізде болсын:ата-анадан көмек сұрауға болады.

Егерсізөзіңіздікінәлідепсанасаңызнемесеата-анаңыз ашуланадыдепқорқатынболсаңыз да, оларғанеболғанынайтыңыз.

Неліктенбұлмаңызды?Ата-ана әрқашансіздіңжаңызда:олар сіз үшін алаңдайдыжәнесіздіңқауіпсіз болғаныңызды қалайды.Ата-ананыңбастымақсаты– сізге қолдау көрсету, мәселенішешугекөмектесу. Олар шешім табаалады:кейд е бізтығырыққа тірелгендей сезінеміз,бірақата-аналардың тәжірибесікөпжәнеоларсізгеқалайәрекет ету керектігін айта алады.

Адалдықүлкенқиындықтарданаулақ болуға көмектеседі:жағдайтуралыбірден айтсаң, одан шығудың жолын тезтабуғажәне одан даауырзардаптардыңалдын алуға болады.


Сабақтың ортасы

«Денсаулық -зор байлық» деген сөздердің астарында үлкен мағына жатыр. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал.

1.Денсаулық- адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі

2.Денсаулық- дұрыс тамақтану

3.Денсаулық- тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады

4.Денсаулық -таза ауада көбірек жүру

5.Денсаулық - тазалық сақтау

6. Денсаулық- тамақты шамадан тыс тойып ішпеу

7.Денсаулық- тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу

Дильназ:

Денсаулық ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай

Ал ауырған кезде, ауруды асқындырмау үшін не істеу керек?суықтан сақтанып, емделу керек.

-Адам бойындағы вирустарға қарсы тұратын, аурудан сақтайтын ол қандай қасиет?( иммунитет)

Ал мүлде ауырмау үшін не істеу керек?

-Иммунитетті күшейту керек

-Адамның иммунитеті неғұрлым күшті болса, оның денсаулығы соғұрлым жақсы болады

Иммунитетті күшейту үшін дұрыс тамақтану керек,денсаулыққа пайдалы, дәрумендерге бай тағамдарды жеу керек. Сонымен қатар дене жаттығуларды жасау керек, ауруларға қарсы егулерді уақытылы алу , сондай ақ тазалықты да сақтау керек,қолды жиі -жиі жуып, лас жерден аулақ жүру, айналаны таза ұстау керек.

1)Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең.

Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? ( Сабын)

Шомылған баланы аймалап алады.

2)Суртеді қолынды, суртеді дененді. Бұл не? ( Сүлгі)

3)Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар. Бұл не? ( Тарақ)

4)Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.

Қарайды  кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна)

-  Жақсы дұрыс шешуін таптық. Бұлардың бәрі тазалық құралдары.

- Міне сондықтанда адам өзінің денсаулығы болу үшін жуынып таза жүру керек.

Дені сау адам көңілді, мықты, жұмысқа қабілеті жақсы болады.

1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

2.Ісің түсіп тақсырға барма,

Аурулы болып бақсыға барма.

3. Бақсы көрінсе дерт қозады,

Ұста көрінсе таға тозады.

4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.

5.Ауру атанды да шөктірер.

6.Қотыр қолдан жұғады,

Таз тақиядан жұғады.

7.Бас ауырса жан қорқады.

8.Жұғын бар жерде - шыбын бар,

Шыбын бар жерде - шығын бар.

9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.

10.Жан ауырса - тән азады,

Қайғы басса - жан азады.



Сабақтың соңы бекіту

Сонымен денсаулық деген не?

Денсаулық - адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.

Денсаулық - дұрыс тамақтану.

Денсаулық - тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.

Денсаулық - таза ауада көбірек жүру.

Денсаулық - тазалық сақтау.

Денсаулық - тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.

Денсаулық - тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.


Балалар сұраққа жауап береді. Тәрбие сағатынан алғандарын айтады. Бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.01.2025
123
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі