Материалдар / Тәрбие сағаты "Егемен елімнің ертеңімін!"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Егемен елімнің ертеңімін!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 29-жылдығыны орай өткізілген тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
572
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Туркістан облысы . Мактарал ауданы.

41жалпы орта мектеп. МАДТ тарбиешісі. Акибаева Гаухар.





Егенмен елімнің ертеңімін

Мақсаты: Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту,туған елге деген сүйіспеншілігін,патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Балалар әуенмен залға кіреді,қонақтармен амандасу.

Қазақстан республикасының әнұранын орындау.



жүргізуші: - құрметті қонақтар, балалар, бүгін бізде үлкен мейрам. -тәуелсіздік күні құтты болсын!

бүгінгі «егеменді елдің ертеңімін» атты ертеңгілімізге қош келдініздер!

еліміз тәуелсіз, жеріміз шуақты, рухымыз, ұлттық байлығымыз өлместей боп, көк байрағы төбеге көтерген күн!

бейбіт таңдар арайлап атады,

туған жерім аймалайды шапағы,

байтақ елім-ұлы қазақстан,

ең бақытты балалардын отаны.


Жүргізуші:

-ҚР қандай мемлекет?

-Тәуелсіздікке биыл неше жыл?

-Қазақстан туралы не білеміз?

(Дұрыс, әрі тез сұраққа жауап беру)

1.Біздің мемлекет қалай аталады?

2.Ел басшымыз кім?

3.Бас қалаңды ата.

4.Ұлтың қандай№

5.Сен тұратын ауыл қалай аталады?

6.Қай тіл мемлекеттік тіл?

7.ҚР рәміздерін ата.

Келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік


Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.


Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолына,

Менің Қазақстаным


Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім- Елтаңбам!





Көк байрақ, көк аспан,

Алтын күн нұр шашқан,

Әлемге танылған.

Тәуелсіз Қазақстан

Біздің қыздарымыздың қазақ биін тамашалаңыздар!

Би: «Қазақ биі»

Келесі кезекті балаларымыздың тәуелсіздік күнімізге арналған тақпақтарына берейік.


Тәуелсіздік таңын сүйем,

Күн шуағы төккен күн.

Елім менің, жерім менің.

Баққа қолы жеткен күн


Қазақ жері сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер,

Балдай бала шағымыз


Отан елдің анасы,

Отан жердің анасы.

Бақытты ғой дәл мендей,

Тәуелсіз елдің баласы.


Бабамның да рманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары.

Бақ береді баршаға.


Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің қызымын,

Теңескен төбем көкпенен.

Ойын: «Бәйтеректі құрастырайық!»

1986 жыл.Желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.Желтоқсан желі дауылға айналды.Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында Қ.Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.

Атамекен ақ үйдің,

Азат болған күні,


Құндақтағы сәбидің,

Қазақ болған күні бұл.


16 – желтоқсан,

Ел мерекесі тасыған.

Қазақ деген халық жұрт,

Бәрін кешті басынан.


Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқап ескенсің,

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.


Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз.


Қазақстан даласында,

Жарасады сәніміз


Еркіндікті ежелден .

Бабам аңсап зарықты.


Енді міне, біз тәуелсіздік ел болдық,

Басқалармен терезесі тең болдық,

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай.

Отан үшін болуға да құрбандық


Тәрбиеші: Мен қазақпын қаныммен сүйегіммен,

Сән – салтанат, салтымды сүйемін мен.

Бақ орнатам, осынау кең далаға,

Мұрагермін, оған да иемін мен!

Осылай қазағымның бостандығын көрсем екен, еңбегін, өнерін көркейтсем екен, елім деп еңіреген халық ұлдарына үш би өз кеңестерін, ақыл даналықтарын айтып отыр.

(Ортаға үш би шығады)


Төле би:

Шешендіктен не пайда,

Артында сөзі қалмаса.

Батырлықтан не пайда,

Халқына қайран қалмаса.


Қазыбек би:

Отбасыңда білгір қартың болса,

Ол жазылған хаттан кем емес.


Әйтеке би:

Елім аман, жұртым тыныш,

Батыр ұрпақ аман бол.

Өсіп - өнер өрендерім,

Арқа сүйер панам бол!



Бала: Баба өсиетіңізді естідік,

Қабыл алды жас ұрпақ.


Төле би:

Балалар, сендер аман болыңдар,

Елімізді көркейтіңдер.


Бала: Рахмет, сізге би ата.

Тәрбиеші: Осылай билер елінің ұлы мен қызын болашаққа білімді, ал елін тәуелсіз мемлект болуын армандаған бабаларымыздың армандары орындалып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.

Желбіресін байрағың желді күнде

Биіктесін мәртебең елдігің де.

Таныта бер,ұлы Тіл,бар әлемге

Керегеңнің кеңдігін де,теңдігін де!

Сәулесі бар нұрында таңғы үміттің

Басын қосқан сан халық,сан ғұрыптың.

Даңқың артсын,егеменді елім менің

Серігіне айналшы Мәңгіліктің!

(Музыкалық аппараттан «Желтоқсан желі әні естіліп тұрады)


Ән: «Көк тудың желбірегені!»





Тарбиеші. Акибаева .Г .Т

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!