400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты. «Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?» 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың сынып жетекшілер үшін маңызы зор. Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялатып, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастырады. Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өленді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейтеді. Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?»

Мақсаты:

Білімділік: ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өленді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.

Тәрбиелік: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреті, өмірбаяны, естеліктері бейнеленген слайдтар

Барысы:

1: Мұқағали халық поэзиясын бұрқанған талантымен асқақтатып, өлеңнің өр кеңістігінің керегесін кеңейтіп жаңа өзгерістерге даңғыл жол ашқан ірілер санатындағы сайып қырандардың сұңғыла сұңқары

2 Мұқағали өлеңдерінің алғырлығымен аңызға айналған жыр жампозы, тәтті өлеңнің төресі, асығы алшысынан түскен асылдың асылы

1: сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

2: «Ей, өлең қайтсем саған жан бітірем?» атты 3 «ә» сыныбының «Қара өлең қасиетіңнен айналайын» деп жырлаған ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев атамызға арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер

1: . Мақатаев 1931-жылы 9-ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз аулында дүниеге келген. Анасы-Нағиман, әкесі-Сүлеймен, әжесі-Тиын

2: Мұқағалидың шын есімі Мұқаметқали. Жұрт пайғамбар аты балаға ауыр тиіп жүрмей ме, айтуға жеңіл ат қою керек дегенде есейгенде толық атын айтармыз әзірге Мұқағали деп айта берейік деген екен. Сонымен Қарасаздағы Сүлейменнің үйінде дүниеге келген нәресте бірте-бірте Мұқағали деп аталып кетті


1: 1941 жылы әкесі Сүлеймен Ұлы Отан соғысы майданында қаза табады. Ең алғашқы өлеңі 10 жасында майданнан оралмаған әкесіне арналады

2: 1948 жылы оқуын тастап Шибұт деп аталатын ауылға ауылдық кеңестің хатшысы болып барады

1: 1948-1949 жылдары ҚазМудың филология факультетінде оқиды

2: 1949-жылы көктемде жары Лашынмен отау құрады

1: 1949-жылы аудандық «советтік шекара » газетіне «Қырман басында», «Қойшы бала-Әкітай» өлеңдері жарияланды

2:1950жылы Алматыға келіп шет тілдер институтына неміс тілі факультетіне оқуға түсіп оны да тұрмыстық жағдайына байланысты тастауға мәжбүр болды

1: 1954-жылы Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілі пәнінен сабақ береді. Әдебиет және искусство журналында 3 өлеңі жарық көреді

2: 1957-жылы Республикалық радиоға диктор болып жұмысқа орналасады.

1: 1960-1966-жылдары «Советтік шекара» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.

2: 1963-1966 жылдары «Мәдениет және Тұрмыс» журналында жұмыс істейді

1: 1964-жылы Ильич атты алғашқы кітабы жарық көрді

2:1965-1966-жылдары Данте Алигьеридің «Құдіретті комедиясының» «Тамық бөлімін» аударады. Ол 1971-жылы жарық көреді.

1: 1965-1972-жылы «Жұлдыз» журналында қызмет атқарады

2: 1966жылы «Армысыңдар, достарым» атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты

1: 1970 Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды

2: 1972-жылы «Дариға жүрек» жинағы жарық көреді

1: 1973-1974жылдары Жазушылар одағының жолдамасымен Мәскеуде Әдебиет және өнер институтында оқиды.

2: 1974-1975 «Аққулар ұйықтағанда», «Чили, шуағым менің» кітаптар жарық көреді

1: 1976 «Өмірдастан» таңдамалылар жинағының сүйінші данасы өмірінің соңғы сәттерінде қолына тиеді.

СЕРИКБОЛ «Досыма»

Дос болам десең,

Досымды сйыла, қымбаттым!

Досыңа сонда,

Досыммен ғана қымбатпын.

Дос болам десең,

Мендегі доспен достасқын

Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын

Достарың көп пе?

Апырау неткен жақсы едің?

Досым аз менің...

Досым-ау, менің тапшы емін?

Достарыңмен достастыр мені, асылым!

Достастыр мені?

Болайын құлың нақ сенің!

Достыққа жүрмін

Достыққа жүрмін құүмартып!

Өлгелі жүрмін,

Өзімі-өзім мін артып....

Жауыздың барып, жанына уәзір болғанша

Достардың барып, ауласында өлген мың артық

БЕКАРЫС «Отан туралы»

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрә маған «Отан» деп сыбырлаған

Жаным менің кеудемді жарып шық та

Бозторғайы бол оның қыбырлаған

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем

Аружан«Лашынға»

Бүгін де, кеше де, өткенде

Іздеме қателік көп менде.

Қауғадай басыма барлығы

Сірә да соқпай бір өткен бе

Іздесең қателік көп менде ,

Сен бірақ түңілме, жек көрме

Лайсаң жауындар, дауылдар

Болмай ма күншуақ көктемде?

Өмірде кең даңғыл жол қайда..

Дауылдар , жауындар болмай ма?

Лай су шаймайтын арым бар,

Дауылдан қорықпас жаным бар

ГҮЛІМ «Тағы да Майгүлге»

Қайтсем сенің құтылам елесіңнен?

Отырасың қасыма келесің де,

Сен өлгенсің, жаным-ау мен тірімін

Тірімін

Көресің бе?

Көнген жаным жазаға, қазаға да,

Өкпелеме,

Сен мені жазалама

Шын болса табысармыз ахиретте

Әзірше , жаным мені мазалама

Мен деген тірі жанмын, сен елессің

Білесің ғой, өлтірген мен емеспін

Мен үшін артық емес сенен ешкім

Бірақ та сен-елессің

Сен –елессің

Майгүлім, гүлім менің, көгім менің!

Жүрегін қияр дейсің өлімге кім

Сен-менің жүрегім ең

Дегенменен

Елессің, енді маған көрінбейсің

АЛУА«Анашым»

Анашым!

Қайда жүрсем сен-күш, арым

Сүйемін дидарыңды, мен құшамын

Қайда барсам өзіңдей қарсы алады

Кең байтақ Отанымның кең құшағы

Анашым!

Жаратылдың бағыма шын

Білемін көңілсізсің, сағынасың

Қайда жүрсем қамқоршым Отаным бар

Қапа болма мен үшін не ғыласың?

ЕРСІН

«Қабағы таудың қатулы»

Қар жауа ма, қайтеді?

Бұлақтар мұнда батулы

Мұз тұра ма қайтеді?

Ай туыпты шалқалап

Шатынап аяз бола ма?

Тыныстай қапты шартарап

Шарқ ұрып дауыл соғар ма?

Жапсаң дап тауды, қыратты,

Жаусаң жау, ақ қар, үш апта

Бұйығып жатқан бұлақты

Бұрқана келіп құшақта

ДАЯНА: Халыққа хат

Туған халқым!

Қатемді кешір менің

Сенің арқаң –сескенбей есіргенім

Егерде жырың болмай, ұрың болсам

Алақанға саласың несін мені

Ой-қырыңа мың сәлем мен көрмеген

Шөлдер менен тауларғ, көлдерменен

Құмда отырған қойшының қараша үйін

Қайсы бір сарайлардан кем көрмеп ем

НАРБЕК: Анам маған

Анам маған үлкенді сыйла деген

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен

Үлкендерден ауысқан кішілікті

Үлкендердің өзіне сыйға берем

Атамнан қалған мұра –ізеттілік,

Арымды қойған соған күзеттіріп

Адалдық менің сәби абарым ғой

Маңдайынан жүргені жүз өптіріп

БІРЖАН: мына өмір әділдіктен жаралған

Өз орнында жер де, күн де, тау, орман

Бір-бірінен қуат алған, нәр алған

Мына дүние әділдіктен жаралған

Күн барады әділдігін арқалап

Әділдігін бөлеп жатыр шартарап

Әділдік деп жүргеніміз біздердің-

Бар ғаламға, әлемге ортақ салтанат


«Менің анкетам» ГҮЛІМ, СЕРИКБОЛ

  • Туған жерің?

  • Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың

  • Туған жылың?

  • 1931. Құрдасымын Шәмілдің

  • Жынысың кім?

  • Еркекпін ғой еркекпін

Және дағы тәуірмін

  • Партияда барсың ба?

  • Жоқпын

  • Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын

  • Шыққан тегің?

  • Шаруамын

  • Бар тілектен бағалы оны санаймын

  • мБілімің ше?

  • Орташа ғой

  • Алайда өзім жоғарыға балаймын

  • Ана тілің?

  • Қазақша

  • Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар

  • Қайда істедің?

  • Мынау еңбек кітапшамнан танып ал

  • Оқымаған дипломсыз демесең

  • Бір басымнан бар мамандық табылар

  • Міндеттісің бе әскерге?

  • Біздің әлі жас кеуде

  • Жауынгердің ұлымын ғой

  • Жанын қиған Мәскеуге

Ақбілек Аққулар ұйықтағанда поэмасынан үзінді

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың т амшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?

Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,

Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә?

Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша өсті екен, құлады екен?

«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?

«Жетім көлден» су ішкен қанша марал,

Қанша киік қалды екен сай-салада?

Қанатынан үзіліп ән-самала,

Қаншама аққу кетті екен-аңсаған ән

«Арыз жазып кетейін»

Бүгін менің туған күнім

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай

Мына дүние неге жатыр үндемей?

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

Мынау-шапан, мынау-атың, мін» демей

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?

Бекер өмір сүргенім бе, әлде мен?

Халқым,

Сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен

....Тойланбаса тойланбасын,

Не етейін

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін

Қаламымды берші маған бәйбіше

Болашаққа арыз жазып кетейін

АХМЕТ: Шеше, сен бақыттысың

Шеше сен бақыттысың, жыламағын

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын

Бармын ғой, тірімін ғой, қасыңдамын

Өлмеймін мен өзәіңдей асылданмын.

Таусылып, өз –өзіңнен шашылмағын

Байырғы берекеңді қашырмағын

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып тозбасыма

Екі жыр жазсам бірін саған арнап

«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына

АЙДЫН: жиі енеді

Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл

Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр

Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл

Іркіт иісі келеді мұрныңа бір

Ойнамай жағасында құрақпенен

Жалығып әзер аққан бұлақ көрем

Мал өрістен қайтқанда кешке қарай

Жамыраған қозы мен лақ көрем

Тауларым да тұрады қалқан болып

Соны көріп қалады арқам кеңіп

Өлі ұйқыдан осылай оянамын

Оянамын, көңілім талқан болып


1

Жан жүрегі жаралған арман жырдан

Арман жырмен әлемді таң қалдырған.

Өлген жоқ Мұқағали Мақатаев

Сөз қалдырған соңына, ән қалдырған.

2

Кеше келген мектепке жас балалар

Тақпақтарын тақылдап жаттап алар.

Өлген жоқ Мұқағали Мақатаев

Тарих мәңгі таңбалап тасқа жазар.

1

Жаңарады уақыт, өзгереді

Өлеңдері өзекке өң береді.

Олай болса бақыты өрлегені,

Мұқағали атамның өлмегені.

  • Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет





































15


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі