Тақырып бойынша 20 материал табылды

тәрбие сағаты: Экология туралы түсінік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілірге, бастауыш сынып мұ,ғалімдеріне, Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларға экология туралы толық түсінік беру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Экология туралы түсінік»


Мақсаты:

1.Білімділік: «Экология» туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын байыту,логикалық

ойлау қабілетін дамыту, қызығушылықтарын ояту.

3. Тәрбиелік: Балалардың табиғатты қорғауға,аялауға тәрбиелеу.


Әдіс-тәсіл: көрнекілік, әңгімелеу, сұрақ-жауып, түсіндіру

Технология: дамыта оқыту

Тәрбиеші:

Қорқытпаймыз құстарды,
Қызықтаймыз ұшқанды.
Үркітпейміз аңдарды
Жасамаймыз дұшпандық!


Ребус шешу арқылы тақырыпты ашу: (логика)


-экология дегенді қалай түсінесіндер?


Экология туралы ұғым.  Ағзалардың бір түрлі тобы және әр түрлі  тобы белгілі бір жерде қоныстанып,  өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі ағзалар өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық , ас пен қорек , олардың достары мен жаулары кіреді.

       Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.

       Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.

       Ол гректің "oicos”-"үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін  ағзаларды зерттейді, олардың басқа  ағзалармен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.


Тапсырмалар орындату:

Picture 2

1.Суреттерді кесте бойынша бөлу.




Пластик

Қағаз

Тамақ қалдықтары

Басқа қалдықтар

Бөтелке

Брелок

Емізік

Ілгіш

Кітап

Парақ

Сүйек

Банан қабығы

Шиыршық сым

Жапырақ


Әріптерді орнына қойып сөздер құрастыр. Сол сөздермен сөйлемдер құрастыр.


ЭЛОКОИГЯ РТОА ШАНҚОРҒАН

ЖААРНУ ТАРҚҰС

БАТАРЛЫҚ УАА

ЕРЖ ПЫРАҚТО УС

ІҮ.Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық,

Қәне қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық


Бекіту:

1.«Менің қаламның экологиясы» тақырыбында сурет салу.

2. «Бес жол өлең» құрастыру:Экология


Қорытынды:

Экология-қоршаған ортаны ластанудан қорғауға үйретеді.

- Сабақтың тақырыбы?

- Тақырыпты қайталауға қандай тапсырмалар берілді?

- Балалардан кім белсенді болды?көп қатысты?


Рефлексия:

-не білдің?

-не үйрендің?

-нені үйренгің келеді?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2020
641
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12