Материалдар / Тәрбие сағаты Ел ертеңін ойлаған Елбасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты Ел ертеңін ойлаған Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты Елбасы күніне орай 2 сынып оқушыларына арналған. Концерттік бағдарлама негізінде құрылған. Оқушылар өнер көрсетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2021
684
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

7 мектеп лицейі







«Байқау практикасы»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ел ертеңін ойлаған Елбасы»

Студент:Кушекбай Нарқыз

Сыныбы: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Хамитова Гүлжанар








Қызылорда 2021 жыл

Бекітемін:_______________


Тәрбие сағатының жоспары:


Мектеп:

7 мектеп длицей

Сыныбы: 2 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Күні:

26.11.2021 ж

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Ел ертеңін ойлаған Елбасы

Сынып жетекшінің аты-жөні:

Хамитова Гүлжанар

Машықтанушы:

Милы Мақпал

Тәрбие сағатының мақсаты:

«1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Көрнекілігі:

Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

0-3 мин

Мұғалім: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалсын.





Сәлеметсіңдерме оқушылар!


Әнұран орындалады. Барлығы оң қолдарын жүрек тұсына қойып, орындарынан тұрып әнұранды орындайды.


Тұңғыш елбасы Нұрсұлтан Назарбаев — сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылдығы мен өжеттігі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз марғасқаның бірі әрі бірегейі. Елбасына еліне жасаған жақсылықтары үшін алғысымызды айта отырып, кешімізді бастайық.

Алдымен тәрбие сағатымызды бастамас бұрын топтарға бөлініп алайық.

-Балалар суреттер қиындысы бойынша топқа бөлінеміз.Сол суреттерге байланыстырып топ атын қоямыз.

«Астана» «Бәйтерек» «Қазақстан»



Топқа берілетін суреттер

3 мин

Жүргізушілер тәрбие сағатын бастайды.




Досжан:Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!

Кәусар: Бүгінгі «Ел ертеңін ойлаған– Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Досжан:«Ел ертеңін ойлаған Елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген

Лебізіңнен ол арманы өрілген

Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп



Тақтада ілінген суреттер

5 мин

Тәуелсіздік туралы оқушылардың өлең шумақтары



Кәусар:Достық әні шарықтады төрімнен

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр – әнім

Өзің болдың көшбасшысы елімнің

Өзің болдың биік ұшқан қыраным-дей келе оқушыларымыздың өлең шумақтарын тыңдайық


1-оқушы (Малика)

Бар әлемге шын танылдық міне,біз,

Елін сүйген Ел басы деп білеміз.

Теңаталып Қазақстан-Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.


2 - оқушы (Сұлтан)

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше,

Армысыздар,ақпейілді көпшілік!


3 – оқушы (Дидар)

Елімнің атын айтсам -Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам- Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығын атын айтсам –Қазақстан!


Жарайсыңдар! Сендер өте ақылды екенсіңдер.


3 мин

Тақырып бойынша жүргізушілер мағлұмат береді

Досжан: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.

Кәусар: 1991 жылы 1 желтоқсанда Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев болып сайланды.

Досжан: Балалық шағы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп,отын жарды. 1991 жылы желтоқсанның бірінде республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбавты республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1992жылы қазан айында ғарышкер Тоқтар Әуәкіров ғарышка самғады

1993 жылы 12-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді

1994 жылы 30-маусымда тәуелсіз еліміздің ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды

1995жылы 28-қаңтарында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.


Кәусар:Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.



Тұңғыш Елбасының портреті

3 мин



Би: Асылбек Несібелі «Танго»

Досжан: Ашылып алдымыздан оң құбыла,

Бақ болып басымызға қонды мына.

Кірсек біз елу елдің қатарына,

Содан соң қол созамыз ондығына,-дей келе ортада Асылбек Несібелі биші қызымыздың орындауында «Танго» биін қабыл алайық!


Мадақтау Shape1


5 мин




Сөзжұмбақ шешу

Мұғалім:Балалар енді тақырып бойынша сөзжұмбақ шешіп жауабын бірге тауып көрейік.

Рисунок 1

Досжан: 1-Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы... (Теңге)

Кәусар: 2- Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?(Елтаңба)

Досжан: 3-Нұрсұлтан қаласының сол жағалауында орналасқан монумент...(Бәйтерек)

Кәусар: 4-Біз қандай республикада тұрамыз?(Қазақстан)

Досжан: 5-Балалар Қазақстан Республикасының астанасы қай қала.?(Нұрсұлтан)

Кәусар: 6-Ұлттар бірліг,татулығы...(Достық)

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар барлық сұраққа дұрыс жауап беріп,сөзжұмбақты дұрыс құрадық.



Жарайсыңдар!

Барлық сұрақтың жауабын дұрыс таптыңдар

Тақтада сөзжұмбақ жазылған плакат,маркер

3 мин






Ән: Серікбай Айзеренің орындауында «Отан» әні





Кәусар:Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Досжан:Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! – дей отырып
Серікбай Айзере қызымыздың орындауында «Отан» атты өлеңін қабыл алыңыздар!


Мадақтау


5 мин

Топтық тапсырма

Топтарға тапсырма:

1-топ

Елтаңбаны сипаттау

2-топ

Туды сипаттау

3-топ

Нүрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім?

Мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.-Балалар елтаңбадан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар.

-Шаңырақ, жұлдызша, қанатты тұлпар,күн шеңбері

-Балалар шаңырақ бірлікті,татулықты білдіреді,қанатты тұлпар қажымас қайраттың,жеңіске деген жасымас жігер, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі,асыл мұраттың,талмас талаптың, құштарлықтың,жақсылықтың белгісі.Ал бес бұрышты жұлдық елтаңбаның тәжі, жол нұсқайтын жарық жұлдызы.

-Балалар, біз қандай республикада тұрамыз? (Балалар: - Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.)

Иә, дұрыс айтасыңдар.Оның астанасы қай қала? (Балалар: Астана қаласы)

Өткен жылдар жемісі: жылдар кезегіне береміз


Жарайсыңдар өте тамаша!

Топқа берілетін суреттер

4 мин

Би: Кабадулла Малика қызымыздың орындауында «Қазақ биі»


Кәусар:Атадан қалған сара жолым бар.
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Досжан:Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын,-
дей келе ортада Кабадулла Малика қызымыздың «қазақша биін» тамашалайық!



Жарайсың Ернұр керемет орындау.


5 мин

Қорытынды





Досжан:Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне,сендерсіңдер. Еліміздің келешек тағдыры,Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда.Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең,керегесі кең ететін сендерсіңдер.Ол үшін терең ,әрі жан-жақты білімді болу-міндеттерің.

Кәусар:«Туған жер-алтын бесік» демекші, бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп,елді,жерді сүюді,қадірлеуді мақсат етейік.


Мұғалім:

- Санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі, - деп 21 жыл ішінде елімізде болған жақсы істерге шолуды қорытындылаймын.
Төле бидің сөзі
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын,- деп тәрбие сағатының соңғы бөлігінде
«Көк тудың желбірегені» әні тыңдалады.



Мадақтау




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!