400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ел іші - өнер кеніші"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру; өнерге, өнер адамдарына деген құрметке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ел іші – өнер кеніші (өнер адамдарымен кездесу)

Мақсаты: Оқушыларды өнерге деген қызығушылығын арттыру, өнерді дәріптеу, өнер адамдарына деген құрметке тәрбиелеу.

Сыныптың жабдықталуы: мерекеге сай безендірілген; музыкалық аспаптар және мультиэкранмен жабдықталған. Өнер адамдарына арналған альбомдар қойылды.

Барысы:

Ән: Ерболатова Ақнұр «Әсем ән»

Ердана: Құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі шарамыздың қадірлі қонақтары. Бүгінгі өткізіліп отырған «Ел іші – өнер кеніші» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Гүлфия: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да, Мұндай күн болған бәлкім баршаңызда. Қол соғып, қошеметпен шақырайық Қонақтар келсін қане ортамызға.

Ендеше, бүгінгі кешімізге келген қонақтарымызбен таныс болайық:

Ғайсағалиев Жанат Орынбасарұлы.

Дюйсенбаева Жанар Жаубайқызы.

Ихсанов Батырғали Ерболатұлы.

Елшібеков Алмас Елшібекұлы.

Зүлфия: Ендігі кезекте ауылымыздың өнер адамдарына арнаған слайд пен сұрақтарымызға кезек берсек. (Ауылымыздан шыққан өнер адамдарын таныстырып өтеді)

Ән: Елшібеков Алмас «Майдангерлер»

Гүлфия: Ғайсағалиев Жанат Орынбасарұлы.

Сізге арнаған бірнеше сұрағымыз бар еді:

  1. «Өнер жолы ауыр жол» демекші, неліктен өнерді таңдадыңыз?

  2. Сіздің жолыңызды балаларыңыз жалғастырады деп ойлайсызба?

  3. Өзіңіздің ізбасарыңыз ретінде қай шәкіртіңізді айтар едіңіз?

Жауабыңызға рахмет!

Ендігі кезекті тамаша әнге берейік. Жанат ағамыздың шәкірттері Орынбасар Әмина мен Қыдырғали Гүлназдың орындауында «Мен қазақтың қызымын»

Зүлфия: Дюйсенбаева Жанар Жаубайқызы.

Сұрақтар: 1. Жалпы сахна ұғымын қалай түсінесіз?

2. Балалық шағыңызды еске алғанда, қандай оқиға езуіңізге күлкі үйіреді?

3. Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

Жанар апайымыздың тәрбиелеп жүрген шәкірттері, бірнеше аудандық, облыстық би жарыстарының жеңімпазы «Балбөбек» би тобына кезек берсек.

Би: «Қамажай» (орындаған 6-сынып оқушылары)

Гүлфия: Нұрлы үміт арқалаған арқаға Жан сәулесін тарататын баршаға. Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп Қонақтарды шақырайық ойынға біз ортаға.

Ойын: «Жасырын сөзді тап»

Нұрсұлтан: Ихсанов Батырғали Ерболатұлы

Сұрақтар: 1. Алғашқы орындаған әніңіз?

2. Өнерге қанша жасыңыздан бастап құмарттыңыз?

3. Сіздің жолыңызды балаларыңыз жалғастырады деп ойлайсызба? Қай балаңыздан көп үміт күтесіз?

Ән: Ерболатова Фариза «Қос бәйтерегім»

Ердана: Елшібеков Алмас Елшібекұлы

Сұрақтар:

  1. Өнер жолына келуіңізге не түрткі болды?

  2. Көбіне қандай тақырыптағы әндерді орындайсыз?

  3. Өсіп келе жатқан жас өнерпаздарға тілегіңіз?

Ән: Елшібеков Алмас «Алакелгей» (әні,сөзі: Жаскелең Ғайсағалиев)

Гүлфия: Құлақтан кіріп бойды алар Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй.

Енді, келген қонақтардан қонақ кәде сұраймыз.

Ән: Елшібеков Алмас «Оралар күн» (Сөзі: А.Жұмағалиев. Әні: Ж.Ғайсағалиев)


Тәрбие сағаты барысында шақырылған қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, оқушылар ұйымдастырған ойындарға белсен араласты. Кездесу кеші өте көңілді өтті. Қонақтар мен қатысушылар оқушыларға алғыстарын айтты. Тәрбие сағатының соңында сынып жетекшісінің қорытынды сөз сөйледі.



Жүргізуші:

Бүгінгі «Ел іші-өнер кеніші» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
2911
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі