Материалдар / Тәрбие сағаты: Ел мақтанышы - Елбасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Ел мақтанышы - Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
• Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру. • Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. • Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдық, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
416
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ел мақтанышы - Елбасы»

Мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру.

  • Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

  • Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдық, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, слайд, нақыл сөздері,

«Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді.

Жоспары:



І бөлім – Менің балалық шағымның аспаны

ІІ бөлім – Қызмет еткен кезеңдері

ІІІ бөлім – ҚР мемлекеттік рәміздері. Астана

ІV бөлім - қорытынды





Барысы:

Қазақстан Республикасы әнұранын айту

“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”

Нұрсұлтан Назарбаев

Тамырын терең тарихтан тартып екшеген,
Жүзінен нұры, жүректен жыры өшпеген!
Тәуекел қайық, бақытқа бастар жол ауыр,
Келеді Елі бастаған ұлы көшпенен!



-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сатына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» деп аталады.



    • Ал, балалар алда қандай атаулы мереке келе жатыр

    • Дұрыс айтасын. «1 – желтоқсан ҚР тұңғыш президенті күні»



Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді назарымызды президентіміздің туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне назар аударайық.

Бұл фильм елбасымыздың өзі жазған «Ғасырлар тоғысында», «Әділеттің ақ жолы», «Еуразия жүрегінде» атты кітаптарының желісі бойынша түсірілген (фильмнен үзінді көрсету).

    • Ал балалар айта қойыңдаршы тұңғыш президентіміздің туған күнін қашан ?

    • Дұрыс айтасыңдар 6 шілде.



Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады. Елбасымыз туған жеріне арнап «Үш қоңыр» деген өлең жазған. Ол өлеңді қазір МузАрт тобы орындап жүр.
(Слайдтан туып өскен жерінің табиғат көрінісін көрсету)


Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.

Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді.
Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
(Слайдтан отбасымен түскен фотоларын көрсету).


Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (7.5.1963, Қарағанды облысы Теміртау қаласында туылған) – тарих ғылымдарының кандидаты (1991), саясаттану ғылымдарының докторы (1998). ҚазМУ-ды (1985, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті (1992). «Хабар» телерадио корпорациясының вице-президенті, директоры, президенті (1994–2001), 2001 жылдан директорлар кеңесінің төрайымы, «Асар» партиясының төрайымы (2003–06) қызметтерін атқарды. 2009 жылдан ҚР Тұңғыш Президенті қорының басшысы.[1]«Демократизация политических систем стран СНГ: опыт, проблемы, приоритеты» («ТМД елдерінің саяси жүйелерін демократияландыру: тәжірибе, проблемалар, басымдылықтары») деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. «Парасат» (2004), Өнер және әдебиет (2009, Франция) ордендерімен марапатталған. 2015 жылдың 11 қыркүйегінен - Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары

Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдеріне тоқталайықшы:



Нұрай 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-

комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

Айажан
1973-1977жж – Қармет комбинатының партком хатшысы.



Қарақат

1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы.



Нұрмұхаммед
1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің

хатшысы.

Айнұр

1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.



Мадина

1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің

бірінші хатшысы.

Нұргелді

1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы

болды.
Бекнұр

1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%,

1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % ,

2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%,

2011 жылы сәуір айының 3-нде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
(слайдан дауыс беру кезеңі мен ант қабылдау сәті көрсетіледі).

Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға.


Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық.
(слайдтан әр мемлекет басшысымен түскен суреті көрсетіледі).


Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді».


Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер.
Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес. Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық. Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы».


Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді».


Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді.


    • Енді елбасым туралы жазылған кітаптарға және елбасымыздың өзі жазған кітаптаррға назар аударайық.

(Елбасының және Елбасы туралы жазылған кітаптарды көрсету)


    • Балалар сендер Елбасымыздың қандай қанатты сөздерін білесіңдер ме?



Қарақат

... Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.



Нұрболат

«Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды».



Нұр

Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.



Нұрай

Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.



Айажан

Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.



Бекнұр

Сөз бостандығы шексіз емес.
Ол – табындыратын ғана емес,
Талқандайтын да қуатты күш.

    • Осындай жанашыр басшысы бар мемлекет өте бақытты мемлекет.

    • Ал, сендер өз Отандарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай жеткізесіңдер?

Айажан: Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!



Мақсат

Абай туған, Сәкен туған

Құрметте, досым, Қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан –Республикам менің!




Мадина

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.


Нұргелді

Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті



Қарақат

Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.




- 1992 жылы 4 маусым Қазақ тарихында қандай күн?





Сағида

- 1992 жыл 4 -маусым – Қазақ халқында тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.

Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.

- Ал, балалар, ҚР-ның Елтаңбасында нелер бейнеленген және о
лар қандай мағынаны білдіреді?

Аруна

Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.


Аружан

Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.

Айнұр
Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.


Нұрасыл

Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.

- Балалар, сендер Елтаңба туралы өлең білесіңдер ме?

Абдсалам

Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Нұрай

Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.

Айнұр

Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.

-Елтаңбаның авторларын ше?

- Дұрыс айтасыңдар, Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.



Бәрі болған қараң сынды көне
Ел белгі де, ерлік өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
- Ал, енді балалар қараңдаршы туымыз қандай суреттермен безендіріліп, нақышталған?

Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.

- Тудың авторы кім?

- Дұрыс айтасың. (Слайдтан суретін көрсету)

Нұрлыбақыт

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.


Нұрмұхаммед

Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді..
Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?

Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов

- ҚР әнұранын айтқанда қандай сезімде боласыңдар?

Нұрасыл: ҚР-ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.

Сағида

Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.

Нұрболат

Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны


Аружан

Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі

Нұрасыл
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.

Аруна

Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.


Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде:

Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы – менің мұратым!
О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы – менің мақсатым!


- деп жырлағандай елбасмыздың басшылығымен
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. 1997 жылы 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады.. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.

Құрылған Астанамызға назар аударайық (слай

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!