жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Ел қорғауға әзірміз"
0 «ә» мектепалды даярлық тобы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ел қорғауға
әзірміз!»
Мақсаты:
Балалардың санасында «Азамат»,
«Қазақстандық» деген түсініктерді қалыптастыру,баланың жақсы адам
болуға деген ынта-ықыласын дамыту. Қазақстанға деген патриоттық
сезімдерін тәрбиелеу, Республикамыздың өткен, қазіргі, болашақ
өміріне қызығушылығын қалыптастыру, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге
дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Мерекеге байланысты бейне слайдтар, «Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етемін», «Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі» ұранды сөздер, шарлар, гүлдер.
Өтілу барысы:
Мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл – күй. Залды әсем әуен тербеп, іші мерекеге сай шарлармен әдемі безендірілген. Топтың балалары әдемі киініп, «Журавли» әуені ырғағымен ішке еніп, бимен орындарына жайғасады.
Тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
Армысыздар, ардақты
азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!
Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі:
Қайырлы күн. Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Тәрбиеші:
Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол – Әнұран
Сезім биігі, төзім шыңы, ол – Әнұран
Әннің асылы, ұранның басымы, ол – Әнұран
Олай болса «Ел қорғауға әзірміз!» атты тәрбие сағатымызды еліміздің әнұранымен бастайық.
Балалардың орындауында «Әнұран» орындалады.
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз.
Бүгінгі 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 – мамыр Жеңіс күніне арналған «Ел қорғауға әзірміз!» атты тарбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жеңіс күні адамзат аңсап күткен қастерлі күн. Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімін, аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлын, осы соғыста ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың есімін қашанда мақтанышпен айтамыз. Олардың ерліктері ешқашанда ұмтылмайды. Ендеше осы батырларымыздың құрметіне ән орындаймыз.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз».
Тәрбиеші:
Еңбектерің жемісті
қиыр шың боп,
Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.
Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын
деп.
Ер балалардың
тақпақтарына кезек берейік:
Балғын бөбек балалар
Болсыншы деп көңілді
Ер жауынгер ағалар
Күзетеді өмірді.
Бәрі де, Отан,сен үшін!
Мәуелеп тұрған жемісім,
Еселеп жатқан жеңісім –
Бәрі де, Отан,сен үшін!
Отанның ойы тауында,
Аязда,нөсер жауында.
Мүлгімей ағай тік тұрар.
Тыныштық сыйлап ауылға.
Бірге өскен біздей бауырға.
Сыйлай жүріп үлкенді
Үлкейеміз біз де ертең
Жақсы екен ғой үлкендік
Жас өмірді күзеткен.
Отан туған үйіміз,
Отан туған жеріміз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Отанның қиыр шетінде,
Аптапта желдің өтінде
Көз ілмей ағай сақ тұрып.
Еліне қызмет етуде.
Тәрбиеші:
Суда жүзіп
өсеміз,
Қырда жүзіп өсеміз,
Біз балдырған баламыз,
Жұлдыздай болып
жанамыз, -деп ортаға кішкентай
теңізшілерімізді шақырамыз.
Би: «Моряк» (ұлдар мен қыздар)

Тәрбиеші:
Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған.
Қыздардың тақпақтарына кезек берейік:
Сүйікті туған жер
Тыныштық тілейді
Содан да жауынгер
Тынығу білмейді.
Өлең болған айтулы
Солдат жаны тым қызық
Көк теңіздей шалқиды
Күнде шабыт туғызып.
Орман, тау көгіне
Сақшылар қырағы,
Қорған боп еліне
Күзетте тұрады.
Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия-аты көңілде,
Әпкеміз деп жүреді.
Даламыздың даңқысыз,
Балауса гүл,балғын қыз.
Жанын қиып,халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәншүк апай
батырқыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Тәрбиеші:
Балалар, сендерге қоятын сұрағым бар.
1. Біздің әскер
күшті ме? (Күшті)
2. Бейбітшілікті қорғай ма? (Қорғайды)
3. Ұлдар әскерге бара ма? (Барады)
4. Матрос деп кімді айтады? (Теңізшіні)
5. Ұшқыш шекараны күзете ме? (Жоқ)
6. Бүгін қандай мереке? (Жеңіс күні және Отан
қорғаушылыр)
7. Қыздар мен аналар мерекесі ме? (Жоқ)
8. Бейбітшілік - өмірде ең қымбат нәрсе ме?
(Иә)
Тәрбиеші:
Құстай ұшып, көкке самғап,
Тербеледі әуенмен.
Би сұлулық, әдемілік,
Біздің қыздар
сымбаттылық бұл дейді,- дей отырып енді кезекті биге
береміз.
Би
«Стюардесс» қыздардың
орындауында

Тәрбиеші:
Ағалар біздің кең
арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз – ,дей
келе
Тәрбиеші:
Ата – аналарға арналған «Сынақ» іскерлік ойынына кезек береміз.
Мектеп психологы: Садыкова А К
(Ойын үш кезеңнен өтеді. Ойынға жеті ата – ана қатысады. І кезеңдегі сынақ ситуациялық сұрақтарға жауап беру. ІІ кезеңдегі сынақ – аяқталмаған мақал- мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау. ІІІ кезеңдегі сынақ – бұл кісілер өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді) қорғайды, яғни балаларының атын қою тарихын, кім қойғанын, не үшін, кімнің құрметіне қойылғанын түсіндіріп айтып шығады).
Ойынға қатысқан әрбір ата – анаға мектептің «Отбасы» ата – анаға психологиялық кеңес беру кітапшасы таратылып, жеңімпаз үш ата - ана марапатталады.
Тәрбиеші:
Асқақ ән көңілді
тербесін,
Тұтпасын
күн қара пердесін.
Бақытпен
көз ашқан балалар,
Бүлікшіл
соғысты көрмесін,- деп балаларымыздың орындауында
ән.

Хор: «Әрқашан күн
сөнбесін!»
Құттықтау сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.А.Байменовке және ата – аналар комитетінің төрайымына беріледі.
(Ер балаларға сыйлықтар ән ырғағымен таратылады.



Қорытынды:
Болашақта өз Отанын сүйетін,
қорғайтын патриот болыңдар. Осымен
Жеңіс күні және
Отан қорғаушылар күніне арналған «Ел қорғауға
әзірміз» атты тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.
Құрметті ата – аналар, қонақтар! Бүгінгі 7 – 9 мамыр мереке күндеріне орай өткізіп отырған «Ел қорғауға әзірміз» атты тәрбие сағатымызға келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген