Материалдар / Тәрбие сағаты «Елбасым-мақтанышым!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты «Елбасым-мақтанышым!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
628
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу;

ә) Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту

б) Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу.

Жүргізілу барысы:

Мұғалім сөзі: Армысыздар, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасым- мақтанышым»  - атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Мемлекеттік әнұран қосылады. ( Залдағы қонақтарды тұрғызу)

Жүргізуші:

Құтттықтау сөз Бөкей ордасы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі Айнаш Қайсарқызына беріледі.

Жүргізуші:

- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ата-анасын қатты құрмет тұтқан, ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.





Жүргізуші:

Ендеше барлығымыз Елбасымыздың өмір баяны жайында дайындалған

материалға назар аударамыз

(Бейне ролик қойылады.) – 3 мин

Жүргізуші:

Отан дейміз –от жаққан жерімізді,
              Отан дейміз- өсірген елімізді.
              Отан дейміз – туған жер, атамекен-
              Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
              Отан дейміз- кең байтақ астананы,
              Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,
              Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
              Ол бірақ өз үйіңнен басталады- дей отырып, Ахметжанова Ақмаралдың орындауында «Родина» әнін тамашалаңыздар.Қошеметтеріңізді аямаңыздар!!!


Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Қазақ ақын-жазушылары өз Елбасына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік....



Наш Президент – наш рулевой. Темирлан

Ведет страну к заветной цели,

Мы за него стоим горой,

Его заслуги мы воспели!



Народы разные в стране, Зере

Живут одной большой семьею.

И все дружны, и все равны,

Она и он, и мы с тобою!



Он указал нам путь вперед, Аңсар

Ему мы верим без прекрас.

И независим наш народ,

И детство светлое у нас!

Жүргізуші: Қазір «Егерде мен Президент болсам » - атты,қызықты ойын жүргіземіз.

(Балалар өз ойларын қағаз бетіне жазады немесе ауызша айтады )

Жүргізуші:

Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік! – дей отыра, «
Туған жер» жайында,өлең жолдарына кезек берейік!

Мыңайдарова Ұлдана

Отан- сенің ата-анаң

Отаң- досың, бауырың.


Алдамжарова Аружан

Отан- өлкең, астанаң,

Отан- аудаң, ауылың!


Әбу Бекнұр


Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік,

Кең өлкенің қырларын

Жүр, аралап келейік!

День Президента Акмарал

Поздравляем Президента,

В день счастливый для всех нас.

Пусть здоровье будет сильным,

И могучим Казахстан.



Наш могучий Казахстан,

Все живут в любви и дружбе.

Президент наш – Нурсултан!

За Казахстан стоим горой,

Ведь мы довольны своей судьбой.

Дорогой наш Президент! Султан

Дорогой наш Президент!

Шлем мы Вам большой привет.

Чтобы Вы до ста дожили,

Чтобы народы Вас любили.



И Вы никогда не тужили,

И с нами всегда рядом были.

Чтобы каждый день у Вас,

Был счастливым как у нас.



Жүргізуші:

Ал,енді барлығымыз тақтаға назар аударамыз

(тақтада сөзжұмбақ берілген,сөз ортасында «Президент»)





П

Р

Е

З

И

Д

Е

Н

Т

СҰРАҚТАР

1.Қазақ халқы қонақ келсе астына не төсеген?

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын,елтаңбасын,ән ұранын қысқаша қалай атаймыз?

3.Қазақта қандай сан киелі?

4.Қазақ халқы ертеден бері баспана қылып келген уй?

5.Қазақта жеті қазынаның бірі?

6.Қазақтың ұлттық аспабы?

7.Қазақстанның ұлттық валютасы,ақшасы?

8.Мемлекеттік рәміздің бірі?

9.Білім ордасы?



Жүргізуші:

Қол соға,отырайық!Ал енді,біраз демалып, сергіту сәтін жасаймыз!

Мереке Утегенұлы көрсетеді,біз қайталаймыз.

.

Тұрамыз орнымыздан

Ту алып қолымызға.

Былғаймыз оңды-солды

Қозғалып жолымыздан.

Қолымыз белімізде

Басымыз жеріміздей

Дөңгелеп,айналады

5,6,7 мен 8 дей

Тік болып тұрамыз

Сарбаздай сап құрамыз

Аяқты кезек,көтеріп

1,1,1,2,3,4- деп

Біз жаттығу қыламыз

Тынығып та, алдыңыздар

Демалып та, болдыңыздар

Ал енді баршамыз да

Отырайық орнымызға



Жүргізуші:

Жарайды ал,енді осы Елбасының атқарған жұмыстарына назар аударайық (бейне баян)

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған, - дей отырып қазақтың «Қара жорға» биіне кезек берейік. Орындайтын Менев Темирлан мен Габдулов Султан.


Жүргізуші:

Көгершін- бейбітшіліктің белгісі. Сондықтан біздің елімізде тек бейбітшілік болсын дей отырып осы көгершін құсын Сіздерге сыйлаймын!

«Заманауи қазақ биі» орындайтын Ахметжанова А.

Жүргізуші:

-Тәрбие сағатымыз өз уақытына жетіп қалды,Елбасымыз аман,жұртымыз тыныш болсын!!!

-Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын! Барлығыңызға үлкен алғыс айтамын!!!Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды!!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!