Материалдар / Тәрбие сағаты "Елі сүйген, елін сүйген-Елбасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Елі сүйген, елін сүйген-Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
512
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1


№1 ОЖББ мектебінің 1 В –сынып жетешісі

Кадргалиева Эльмира Рамазановна.




Тақырыбы:Елі сүйген, елін сүйген-Елбасы.

Сабақтың мақсаты:. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдық, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу. Еліміздің Президентіне деген құрмет сезімін тудыру. Азаматтық және адамгершілік тәрбиеге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Президенттің портреті. Президенттің жан-ұясының суреттері, ҚР рәміздері.ҚР картасы.Астана туралысурер.
Сабақтың барысы:
Балалар кәне шаттық шеңберіне тұрайық.
Шаттық шеңбері.
- Арайлаған таңды сүйетін кім?
- Мен.
- Алтын сәулені сүйетін кім?
- Мен.
- Жарқын даланы сүйетін кім?
- Мен.
- Туған жерді сүйетін кім?
- Мен.
- Ата - ананы сүйетін кім?
- Мен.
- Досын сүйетін кім?
- Мен.
- Еліміздің болашағы кімдер?
- Біздер.
Мұғалім:

1. Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?
2. Қазақстан қандай ел?
3. Қазақстанда тек қазақтар тұрады ма?
4. Олар бір бірімен қандай?
5. Осындай тату тәті елді басқарып отырған Президентіміздің аты –
жөні кім?
Балалар олай болса бүгінгі сабағымыз Қазақстанның тұңғыш президенті

Н. Ә. Назарбаевқа арналған арналған «Біздің сүйікті- Елбасы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Әнұран орындалады.

Мұғалім:Олай болса сендерге Елбасымыздың өмірбаяны туралы (Балалық шағы туралы айтып өтейін).

Мұғалім:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Шамалған ауылы шағын ғана ауыл, ауылдың дәл ортасын қақ жара өзен ағып жатыр, машина мен трактор мүлдем жоқтын қасы.Жұрт жаяу,атпен арбамен жүріп тұратын.Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Нұрсұлтанның әкесі-Әбіш Назарбаев жас кезінде қара жұмысшы болған,ол әкесінен 11 жасында айырылған.1927 жылдары егіншілердің бригадасын басқарған.

Ал анасы-Әлжан Назарбаева Қасық аул.қазіргі Жамбыл обл Қордай ауданы Талапты ауылында Жатқанбай молданың отбасында дүниеге келген.Ол қарапайым үй шаруасымен айналысқан.

Нұрсұлтан үйдің тұңғышы, кейін отбасында оның інісі Сатыбалды 1947 ж,қарындасы Әнипа 1950ж, інісі Болат 1953 ж дүниеге келіп,өсті.
Сұлтан соғыс аяталғанда 5 жаста болды,ло өзінің жазба күнделіктерінде «суықтан тоңып,көгерген қолдарымызды пешке қыздырып,бір бөлке нанды бәріміз бөліп жеп өстік.Ауылдан мыңдаған шақырым жерде Ұлы Отан соғысының жалыны лаулап жатты» деп еске алады.

Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады.
Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.

Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді.

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-1977жж – Қармет комбинатының партком хатшысы.

Мұғалім: Қазір біздің сынып оқушылары кішкене мәліметтер айта кеткенді жөн көріп отыр. Соған назар аударайық.

Анель:

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

Диас:

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

Сымбат:1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

Агиль:

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.  1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР Президенті.

Мұғалім:Елбасына арналған тілектерінізді жолдайықшы.

 Ғабит:Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Анель: Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

 Гүлназ :Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

 Мақсат:

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

 Ернар:

1991ж 16 желтоқсан ҚР Жоғары Кенесінің жетінші сессиясында “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі түралы” Коституциялық Заңы қабылданды.

 Шыңғыс:

1992ж.7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.

 Сержан:

4 маусым Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.

 Азат:

1993ж.12 қараша ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы” жарлығы шықты.

 Нұралы:1998 ж 20 қазан ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы” Жарлығы шықты.

 Мұғалім: 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Аяна: Әнұраным , жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Бақыт,бірлік, күн талабы

Тоқталмайды дабыл әні

Мәңгі бақи шырқалады.

Республикам ән-ұраны.

Мұғалім: Балалар біздің еліміздің рәміздеріне нелер жатады,бізді Қазақстан елі екенімізді қандай белгіге қарап білеміз?

Мақсат:Қазақстан Республикасын танытатын белгілер; Елтаңба,Ту,

Әнұран. Мемлекеттік Әнұран – егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы.

Мұғалім: Елтаңбамызды кім суреттеп береді?

Гүлбибі:Қазақ елінің Елтаңбасында шаңырақ , қос пырақ ат бар, жоғары жағында елдің аты жазылған.

Ат- адамның қанаты. Шаңырақ – үлкен үй дегенді білдіреді, барлық еншілес халыққа ортақ бақыт тілейді.

Мұғалім: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.


Сымбат:Екі қанатты, қос сәйгүлік тыпыршып,

Қазағымның өз мінезін танытқан.

Елтаңба тұр, ортасында шаңырақ,

Көңіл қалай, шалқымасын шабыттан.

Мұғалім: ҚР туында не бейнеленген?

Агиль:Қазақ мемлекетінің Туы көк түсті. Тудағы дала бүркіті еркіндіктің белгісі. Күн- байлық пен берекенің белгісі.
Шуағынан сәуле шашқан күні бар,

Екпіндеген ақ қыранның үні бар.

Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай,

Қазағымның желбіреген туы бар.

-Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков

Мұғалім:Әнұран туралы не білеміз? оны қандай жағдайларда айтаыз?

Ернар:Әнұран- салтанатты ән. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттік Әнұран – егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы.

Елдің ердігі,

Ердің ерлігі - Әнұран.

Әннің асылы,

Ұранның басымы - Әнұран.

Мұғалім: Кез – келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған

Сөзі : Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Мұғалім::1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Анель:Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Диас:Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтындаршы, енді елім кем де неден?

Сөзжұмбақ.




О

Р

А

Л



Т

У




А

С

Т

А

Н

А




Ә

Н

Ұ

Р

А

Н


1.Біз тұратын қала? /Орал/

2.Аспан түстес көгілдір,

Биікте тұр желбіреп. /Ту/

3. Елордамыз қай қала? /Астана/

4.Әр дүйсенбіде ертеңгілік айтылатын ән. /Әнұран/


Мұғалім: /Суреттен көрсету/Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа Астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Айлина:Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бостандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Мұғалім:: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін Елбасына ризасыңдарма,балалар?

Шерхан:Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұр атамның бастауы
Гүлназ:Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Сержан:Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Жанарыс: Күміс күннің астында,

Желбірейді туымыз,

Қазақ деген халықтың,

Ұлы менен қызымыз.

Азат: Желбіресін көк туым.

Көтерілер шақтығым.

Қазақты әлем таныды

Егеменді ел боп бүгін.

Ернар:Елімде бейбіт тыныш заман болсың,

Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!.

«Туған жерді гүлдендір»

(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)


Мұғалім: Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде:
Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамың!
Өркені өссін қазақтың,
Осы – менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы – менің мұратым!
О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы – менің мақсатым!
Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы – менің тілегім.

Қорытынды: Құрметті тәрбиешілер, оқушылар бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Біздің сүйікті- Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.

«Туған жер –алтын бесік» - демекші, балалар, бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





































1орта жалпы білім беретін мектеп.














Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Біздің сүйікті- Елбасы»











Өткізген:1В сынып жетекшісі:

Кадргалиева Э.Р






2015ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!