Тәрбие сағаты "Елім деп соғар жүрегім" 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Елім деп соғар жүрегім" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Отасүйгіштікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Елім деп соғар жүрегім….

Мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері: • Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру; • Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру; • Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері: Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Оқушылар қолдарынан ұстап бір-біріне тілек тілеп орындарына отырады. Оқушылардың таңдаған геометриялық пішіндер арқылы екі топқа бөлінеді.

Әңгімелесу Аудио М.Мақатаевтың «Отан» өлеңін тыңдау.

https://www.facebook.com/kyzyktystudiya/videos/1653347881611837/

1. «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі?

Туған жер – адамзаттың, кең дүниені есігін ашып, өмірге келген, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен. Туған ел – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» – дегендей әркімнің өзінің туған жері, елі, атамекені

2. Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры не деп ойлайсыңдар?

(Өз ойларын қағазға түсіру)

Мәтінмен жұмыс: Аудио-видеоны тыңдау. https://www.youtube.com/watch?v=EP0uCruqFBc Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» (үзінді) Мәтінді мазмұндау бөлімдері: Етікші шыңы Жолаушы Қарт кесімі Қатал сызық Айнабұлақ Тұмар Мәтін бойынша сұрақтар - Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді? - Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі оның 40 жыл бойы туған топырағын бассам деп армандауынан, жолдың қаншалықты қиыншылығын көре тұра алған бетінен қайтпағандығы, заңсыз шекарадан басып өтуі, көзінен аққан жасына, жерді құып сүйгенінен көрінеді. - Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едің? - Қарт туған жер топырағын алып, тұмар етіп тағып жүрді. Себебі туған топырақ киелі, сондықтан өмір бойы оған күш-қуат беріп келді. - Қарттың туған жердің қасиетін қалай түсініп, бағалайсыңдар? - Туған жер – қасиетті. Әркімнің туған жері өзіне қымбат. Туған топырақты шалғайда жүрсең аңсап, сағынып жүруіңнің өзі киелілігі.

Топпен жұмыс

Постер қорғау

1 – топ. Біз өз елінің патриотты адамның қандай қасиеттері болу керек .Балалар тамшыларға жасаған игі істерін жазады.

2 – топ. Елдің гүлденуі үшін оқушылар қандай іс – әрекеттер жасау керек.

3-топ. Елімізде болып жатқан әділетсіздікті жоямын,елімізді дамытамын.

Суреттер

Нақыл сөздер

«Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес» (М. Шаханов) Түйіндеме: Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жерінде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай, табандап отырып алсақ, ақпайтын көл секілді өз-өзімізбен тұйықталып, әлемдік даму мен өркениеттен құралақан қалар едік. Десе де, жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың – туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өйткені өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес.

Мұғалім сөзі: Міне, Ш.Айтматов айтпақшы, Туған жер, атамекен әр адамның тағдыры. Одан алғангыңды жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю, өз еліңе байланыпи қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу. Себебі өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайтындығын біз бүгінгі сабағымызда білдік.

Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік. «Туған жер», «ел», «Отан» – сөздері баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз. Әрқайсымыз ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жер ежелгі қоныс, ата мекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер- қасиетті, құдіретті. Сіздер кең байтақ , Тәуелсіз қазақстанның жас ұландары, көгінде қалықтаған жас қырандарысыңдар. Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымыз аяғына келіп отыр. Ендеше, сабақ соңында, Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді әнмен білдірсек дегім келеді.

Жүректен-жүрекке https://developers.facebook.com/docs/plugins/embedded-video-player/?prefill_=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2F100014745617694%2Fvideos%2F278387785996073%2F#configurator

«Қазақ тілі» әні тыңдай отырып бүгінгі сабағымыз Тәуелсіз мемлекетіміздің Астанасының 20 жылдығына сәйкес келіп отыр, олай болса, Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болғай деген ізгі ниетпен, еліміз көркейіп, гүлдене берсін, дами берсін деген тілегімізді тақтаға ілулі «Күннің шуағына» өз жұлдыздарыңызды жағыңыздар.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2017
2563
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі