400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға арналған дайын тәрбие жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 2 «А» сынып

Мұғалім: Жүнісбек Ақбота Мақсатқызы

Сабақтың тақырыбы: «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Н. Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар бүгін бізде ерекше сабақ, яғни қонақтар келіп отыр біздің білімімізді тексеруге сол себептен сабаққа жақсы қатысуға тырысайық.

Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
- Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1. «Ой ашар» сұрақ - жауап әдісі
- Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
- Біздің Отанымыз -....
- Біз қай ұлтпыз?
- Қандай Республикамыз?
- Біздің ана тіліміз қандай тіл?
- Елбасымыз кім?
- Балалар, біз қандай елміз?
- Қай жылы тәуелсіздік алдық?
- Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Оның мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздікке өте ауыр жолмен жетті.
Соның бір дәлелі, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

1986 жылғы 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Радиодан төтенше хабардың белгісі берілді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.

Видеоролик

Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Әкесі Ноғайбай бақташы, шешесі Дәметкен сауыншы болатын. Қайрат Шу қаласына таяу жердегі Новотащик селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта оқыды. Қайрат мектепте бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды. Қабырға газеттерінің редакторы болып, мақала жазумен әуестенетін.. Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып жарық күнмен мәңгі қоштасты.

Осы орайда, оқушылардың дайындап келген өлеңдері бар екен, соларға кезек берейін.

Әлинұр: Атыңнан айналайын егемен ел,              

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
 Мерейің құтты болсын Қазақстан!

 Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Інжу: Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі, 

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі. 
Есте сақтап ағалардың ерлігін, 
Жүректерге сақтау керек үнемі.

Диас: Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Аружан: Тауелсіздік бізге оңай келген жок 
Аталарым оны қолдан берген жоқ
Отан үшін құрбан болған боздақтар 
Ел есінде дейміз олар өлген жоқ

Нұрасыл: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,       
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.

Дана: Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамғанды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
Арай: Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата - баба аруағына сыйынып.
Балнұр: Наашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.
Нұрай: 16 - желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Әсел: Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

Дастан: Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
Іңкәр: Желтоқсанның қанды суық ызғары, 
Қалың әскер қазағымды қорлады. 
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың 
Отан үшін табандары тозбады. 

Ақерке: Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты.
Мерей: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, 
Мықты болсын елімнің керегесі. 
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан, 
Кетпесін туған жердің берекесі

Нұрәли: Болмасам да сол кезде мен сеземін 
Жүректе намыс оты сөнбегенін, 
Ызғарына аяздың төзгендерін, 
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін. 
Әмір: Жүректе намыс оты лапылдаған, 
Күш-жігері жастардың сарқылмаған. 
Отан үшін олар шығып алаңға 
Қарсы ағып өзендей тасқындаған. 

Темірлан:Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

Санжар: Желтоқсанның желі, аязы, ызғары  
Қанды мұзда талай қазақ сыздады. 
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға 
Азап шекті қайсар қазақ қыздары. 

  • Егеменді елдің басты белгісі не, балалар? (Рәміздер, халық, тіл,әдет-ғұрып)

  • Дұрыс айтасыңдар. Рәміздер арқылы топқа бөлейік.

1. Ту тобы 2. Елтаңба тобы. 3. Гимн тобы.

Ту:     Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран   және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың  белгісі.
Елтаңба: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал  екенін көрсетеді.
Гимн:     Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

  1. Топтық жұмыс. Пазл құрастыру

1.Ақорда

Ақорда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.

Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.


2.Бәйтерек

Бәйтерек – Астана қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.

«Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан.


3.Қазақ елі монументі

«Қазақ елі» - Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. Монумент 2009 жылы ашылды. Монументтің авторлары - Сәрсен­бек Жүнісов және Жаңбыршы Нұркенов.

Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орна­лас­қан орталық тұғырнамасы 1 гек­тар жерді алып жатыр. Ақ мәр­мәрдан құйылған монумент­тің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жыл­дың белгісі.


Отан туралы мақал - мәтел білеміз бе?
1.Отан – отбасынан басталады
2.Отан – оттан да ыстық
3.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл

4.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

5. Туған жерге туың тік

6. Өз елім - өлең төсегім.

7. Аққу көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды.

8. Туған үйдің түтіні жылы,

Туған ананың күтімі жылы.

Шығармашылық жұмыс (Постер құрау, хат жолдау)
1 - топ: «Желтоқсан»
2 - топ:
« Желтоқсан жастары»
3 – топ: Елбасына құттықтау хат жолдау

Бекіту: Сонымен балалар бүгін біздер не жайлы айтайық?
- Біз қай мемлекеттің азаматымыз?
- Ұлтымыз кім? - Тіліміз қандай?
- Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді?
- Тәуелсіздік деген не?
- Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
Биыл Тәуелсіздікке неше жыл?

Сабағымызды қорынтыдылау үшін стикерге сабақтан алған әсерлеріңді смайлик арқылы бейнелеп ағашқа жыбыстырсаңдар.

Қорытынды

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 - желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.

Хор: Көк тудың желбірегені

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
2274
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі