400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты "Елін сүйген - Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты "Елін сүйген - Елбасы" Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елін сүйген – елі сүйген Елбасы» (тәрбие сағаты)

Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Кіріспе. «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Біздің тұңғыш Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .
Мемлекет басқару ісі – мәртебелі міндет.
Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы -ең бақытты халық.
Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!

1 желтоқсан – Президент күніне арналған «Елін сүйген – елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

Қараңдаршы бүгін күн қандай тамаша.Қонаққа келген апайлармен амандасайық.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жайнап шықты гүліміз

Қайырлы таң, қайырлы күн

Сәлеметсіздерме балалар

Сәлеметсиздерме апайлар

-Жарайсыңдар балалар.Енді орнымызға әдемі болып отырайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар? (Жаңа жыл)

-Дұрыс айтасыңдар, сонымен қатар 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні, 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні.

-Біз қай ұлттың балаларымыз?

-Біз қай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

-Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 

Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Ақберен:

Еркімен кәрі жасымыз

Дауыс беріп сайлаған

Бар біздің елбасымыз

Халық қамын ойлаған

Еркемай:

Отанымның төрінде

Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам бас қалам

Бексұлтан:

Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін

Ұл қолында ту тұрсын

Қыз қолында гүл жүрсін

-Балалар ҚР Мемлекеттік рәміздеріне не жатады?

Рәміздер туралы слайдпен жұмыс

Әнұраны орындалады

Ақілес:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Бекасыл:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Жанеркем:

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте

Хор: «Қазақстан – отаным менің»

-Балалар енді назарларыңды тақтаға аударыңдар. Еліміздегі тәуелсіздікке арналған ескерткіштермен таныс болайық.

Теңге: ҚР ұлттық валютасы.

Бәйтерке: биіктігі 97м. 3буыннан тұрады:

1.Жер асты

2.Діңгегі

3.Алып шар

Қазақ елі монументі: 91м

Пирамида: (Бейбітшілік пен келісім сарайы)130 ұлттың келісімдерімен татулықтарының символы. Биіктігі : 75м

«Ақорда» ҚР президентінің резиденциясы

«Хан шатыр» Астана қаласындағы ірі ойын – сауық , сауда саттық орталығы. 2010ж 6 – шілдеде Астана күніне орай ашылған.

Диана:

Аялап ару ананы

Өсірген еркін баланы

Бесігім болып тербеткен

Қазақстан Республикам – менің

Қабыл:

Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл қаланы

Ардақты атаменкенім

Қазақстан Республикам – менің


Көрініс тәрбиешілер қойылымы

Жаршы: Сүйінші, сүйінші Назарбай бидің әулетіне ат ұстар ұл келді. Сүйінші, сүйінші

Баланы көтеріп Әбіш келеді

Әбіш: Алтыным, құлыным, асқар таудай биік бол, жаңбырдың суындай таза бол. Үлкен азамат бол.

Жаршы: уа Әбіш ұлыңның атын кім қоймақсың?

Әбіш: ұлымның атын анам Мырзабала қойсын. Сол кісіден сұрайық. Шеше немереңнің атын сіз қойыңыз.

Мырзабала: Жарығым – ау , еліңе қорған, адал бол. Елім, жерім, нұрлы болсын сенің атың Нұрсұлтан болсын. Сенің атың Нұрсұлтан, Сенің атың Нұрсұлтан, Сенің атың Нұрсұлтан,

Жаршы: Қабыл болсын.

Әбіш: Қабыл болсын.

Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қараша
657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі