400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Елін сүйген, елі сүйген елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елін сүйген, елі сүйген елбасы


Мақсаты:Қазақстан Республикасының тұнғыш призиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызымет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымы, өмір жолын үлгі етіп балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, слайд, нақыл сөздері, «Балалық шағымнын аспаны» фильмінен үзінді.

Барысы.

1-жүргізуші:

Ел болдың, ерік алдың астаналы,

Енді кімнен қазағың жасқанады?

Тәуелсіз мемілекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етініздер. « Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде- бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты- толыққанды, тәуелсіз мемілекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ.

Осы жолда мен бойымдағы бар қайрат- қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандайда тәуекелге барамын...»деп елі үшін аянбай тер төгіп жүрген тұңғыш Президентімізге арнаймыз.

1-жүргізуші:Тұнғыш презиндетіміздің омір жолы қиын да қайталанбас көп қыалы. Енді назарларыңызға бейнебаянды ұсына отырып Елбасының балалық шағына, өмір дерегіне ой жүгіртелік.

1-оқушы:

Ұқсаған жарқылдаған жасындарға,

Жарасар сөз мәйегі асылдарга.

Әр ісі әр дәуірге үлгі болып,

Аты қалар ғасырлардан ғасыррларга.

Туған ел биік болсын бақ-талайың,

Егемен елім бар деп мақтанайын.

Ендеше жерге қорған, елге сүйеу

Нұрсұлтан-Нұрекеңе тоқталайын.

2-оқушы:

Інгәлап дүниеге бала келеді,

Уыстап елге бақыт ала келді.

Алатау қиясынан көрінген күн,

Деп еді:Бала емес, дана келді,

Таң атса, кеш түседі, күн өтеді,

Алатаудың көк майса гүл етегі.

Мың тоғыз жүз қырқыншы жыл еді ол,

3-оқушы:

Кемдік жоқ тұла бойы тумысында,

Ақ сәуле батысында, шығысында.

Ол кезде кім ойлаған жас баланың

Жатқанын егемендік уысында.

Қарасаң көз тойғандай жамалына,

Сондықтан тапқан әке амалы ма?

Нұрсұлтан деп ұлының атын қойды,

Лайықты перзент бол деп заманыңа.

4-оқушы:

Он бітті.

Өмір енді басталады.

Дәуірі балалықтың тасталады.

Білімнің қиясында арманы тұр,

Тартты ол бетке алып астананы.

Бес алды химиядан сүрінбеді.

Жас жүзі шырайланып күлімдейді.

Бірақ та жеме-жемде балы жетпей,

Қабылдау тізбесіне ілінбеді.

5-оқушы:

Талпынған тілегіне жете алмай,

Бір түйін шоқ боп түсті жүрегіне.

Әкеге қолғабыс қып еңбек қылмақ,

Сүйеніп бойдағы күш, білегіне.

Оралып ауылына қайтіп келді,

Бар жайды ата-анаға айтып келді.

Мойнында үйдің, тұздың жұмысы бар,

Көрсін деп соның бәрін артып берді.

6-оқушы:

Болады талай жайлар өмірінде,

Бар шығар, ей оқушым, көңілінде.

Теміртау қаласына шақырыпты

Жас алаш бір газеті нөмірінде.

Көрсетті оқыды да ата-анаға,

Жас жігіт еңбек қылмай жата ала ма?

Өмірдің қазанында қайнап піскен

Заманның бал шырынын тата ала ма?

7-оқушы:

Ел құрлы Теміртауды көрейік деп,

Шашылған ырыздықты терейік деп

Келіпті кілек жастар құрыш білек,

Еңбектің ащы терін төгейік деп.

Днепродзержинск.

Украина.

Ел алыста.

Қиындау барып қайту демалысқа.

Меңгермек біраз қазақ шәкірттері,

Болатшы мамандығын болар нұсқа.

Оқуда озып жүрді қатарынан,

Өзіндей орыс, өзбек, татарынан,

Ортада өзін еркін ұстай білді,

Үмітті таңы бір күн атарынан.

8-оқушы:

Оқу бітті.

Оралып елге келді,

Кешегі Теміртаудай жерге келді.

Білдей бір горновойшы от көсейтін,

Темірді балқытатын төрге келді.

Бір күні әке келді алыстағы,

Жайымен Нұрсұлтанның танысқалы.

Қонбады көңіліне ұлдың ісі,

Қызыл шоқ, от-жалынмен алысқаны.

9-оқушы:

Намысты от-шарыққа жанығандай,

Әкені сөзден тұтты жаны қалмай.

Кешегі қолда өскен баласы ғой,

Тұр енді Нұрсылтанын тани алмай.

Жақсының сөз, ісіне қанып шықты,

Комсомол, горкомға хатшы болып,

Мұз таулы бөгеттерді жарып шықты,

Айналды қалың елдің қорғанына,

Тағдырдың көніп қоймай салғанына.

Қырандай қана қағып ұша берді,

Өкінбей хатшы болып барғанына

2-жүргізуші: Егер де бізге Елбасының ерен еңбегін еліңе таныт деген ұсыныс жасалса не дер едік, ойланып көрдің бе?

1-жүргізуші:

Ойланатын несі бар?

Қазақстанның тұңғыш президенті

Қараулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшы

Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы

Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы

Ғасыр адамы

Экономика ғылымының докторы, академик

Әнұранның авторы, жазушы

Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы

Алымды да алғыр басшы.

Көреген саясаткер Елбасы Астана салды.Мұның маңызы зор.

2-жүргізуші:.Елбасы жайлы көп білетінің байқалды, рахмет. Менің анық байқағаным:Елбасы бойындағы асыл қасиет халқымен еркін қарым-қатынасынан және сөйлеген сөзінің өткірлігінен байқалады. Олай дейтінім:ол жан біткенді өзіне баурап алады. Сондықтан да мен оны шешен дер едім.

1-жүргізуші.Ендеше Елбасының ғасыр шындығын , тынысын ашатын көсем де шешен сөздерінен алынған үзінділеріне көңіл аударалық.

2-жүргізуші:Тәуелсіз еліміздің болашағына Елбасы қалай алаңдайтын болса, келешек жас ұрпақ –сол болашақтынң жалғастырар иелері. Елбасының сөзімен айтсақ:Білім, тәрбие берудің бір ізгі жолы еліміздінң ертеңгі жас ұапағының қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздарының қолында.

Білім нәрімен сусындап жатқан жас өркендер Елбасы жайлы не деп толғанар екен, құлақ түрелік.

(Оқушы шығармашылығы)

Көрініс» Нұраға тілегі»

Мен өз халқымды сүйемін. Тәуекелшіл ұлтымды мақтан етемін. Қамшының сабындай қысқа ғұмырымда елімді Азия барысына айналдыру арманым еді. Неге бұл тағы аңды таңдады деген ой туса, ол өз еркімен бостандықта жүргенді сүйетін, ешкімге тимейтін, тиіскен аңды аямайтын қасиеті менің халқыма өте ұқсас келгендіктен де осыны таңдадым.

Менің Астанам саналы уақытта көз татарлық дәрежеге жетті. Мен ата- бабам аңсаған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуді мақсат етіп отырмын.»Көппен көрген- ұлы той» дегендей әлі өңіріміз жаңарып, өміріміз жайнайтынына сенімім мол. Өйткені менің сенерім- келешек ұрпақ. Олар білім мен тәрбиенің ізгі жолымен сусындауда. Менің ұрпағыма, мені сүйген еліме айтарым:

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?

Тәләйлі болсын талғамың!

Өркені өссін қазақтың,

Осы- менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын

Қала болсын Астана,

Осы – менің мұратым!

О, Ақорда, Ақ шатыр,

Ұлысыма бақ шатыр.

Баянды болсын Азаттық,

Осы- менің мақсатым!

Халқым - менің тірегім,

Құрбан жаным, жүрегім!

Атымыз озсын бәйгеде,

Осы-менің тілегім!


1-жүргізуші:.Балақай, қайда барасың, мұнда әдеби кеш болып жатыр.

Бала:Мен Нұр атамның тойына бата бергелі келдім.

2-жүргізуші: Бала деген періште ғой, тілегі қабыл болсын деп қол жаялық.

Асқар тауың асқақтасын,

Ақорданың айбыны ассын.

Бәйтерегің саялатсын,

Ханшатырың аялатсын.

Тәуелсіздік тұлпары мұқалмасын,

Береке-бірлігіміз шайқалмасын.

Ел аман болсын ,

Ел бағына туған

Елбасымыз аман болсын! Әумин!




1-жүргізуші:Елбасының өнегелі өмірі жас ұрпаққа ұмтылмас әсер қалдырып, үздіксіз жалғасын табатынына сенімдіміз. Елбасының елге істеген игі ерен еңбектері әрқашан ұрпақтар жүрегінде орын алады.

2-жүргізуші:

Талай нөсер төгілер, болар жасын,

Алапат күн әйтеуір жоламасын.

Мына нұрлы өмірге тірек болған,

Елбасымыз әрдайым аман болсын.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды «Елім менің» әнімен аяқтаймыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
748
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі