400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Елін Сүйген Президент" Ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты "Елін Сүйген Президент" Ересек тобы Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беру.Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Елін сүйген – Президент! »

Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беріп , еліміздің - бас қаласы Нұр-Сұлтан жайлы әңгімелесу. Мемлекеттік рәміздер тұралы білімдерін дамыту. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық сезім, Өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу, рухани отансүйгіштік сезімді бойына сіңіру.

Көрнекілігі: Қазақстан рәміздердің суреті, шарлар, бәйтерек .

Өткізілетін орын: Топта.

Өтілу барысы: топ ішін безендіру, музыка ойнап тұрады.

Тәрбиеші: Балалар,бүгін бізде ерекше күн, біз бүгін барлық өнерлерімізді біздің Президентке арнаймыз, өйткені ол біздің тұңғыш Президентіміз. 1991 жылы 1-желтоқсанда - Қазақстан Республикасының тұнғыш Президентінің күні деп жарияланды.

Тәрбиеші: Еліміздің барлық саяси,салтанатты шаралар Қазақстанның Әнұран орындалуымен басталады,біз де қазір әнұранды орындайық.

Әнұран орындалады.

Сұрақ-жауап:

Тәрбиеші: Біздің елбасымыз, бірінші Президентіміз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші:Ал қазыргі Президентіміз балалар Токаев Қасым -Жомарт Кемелұлы.

Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны,еңбек жолымен таныстыру. (слайд арқылы)

Тәрбиеші: Балалар біз аспаны ашық, сәулелі кең байтақ елде тұрамыз. Ол елдің

аты қалай аталады?

Балалар: Қазақстан Республикасы.

Тақпақ: Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ,

Ол біздің Қазақстан. ( Батырхан )

Отан-жерім,Отан-суым,

Отан қуат нәр береді.

Отан-ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді. ( Нұрислам )

Тәрбиеші: Әр елдің өзінің Мемлекеттік рәміздері болады,ал біздің еліміздің

Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?

Балалар: Ту,Елтаңба,Әнұран.

Тақпақ: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды. ( Сезім )



Елтаңбасы елімнің,

Неткен айбат,әдемі,

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі. ( Томирис )



Тәрбиеші: Біз қай тілде сөйлейміз?

Балалар: Қазақ тілінде.

Тақпақ: Ана тілім - ұранным,

Ана тілім - құралым.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр, әнім. ( Арсен )

Мақал-мәтел: Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас. ( Барлығы )

Тәрбиеші: Еліміздің астанасы қай қала?

Балалар: Нұр- Сұлтан.

Тәрбиеші: Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышы –Нұр-Сұлтан! ( слайд арқылы таныстыру.)

Тақпақ: Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған ел.

Отан – ана,

Отан – үлкен туған ел. ( Сабина )

Балалардың өнері: Ән «Тұлпарым »

Қортындылай келе «Көк тудың желбірегені» әніне,Би: « Жалауша ».



Түсінді: елбасымыз туралы ,еліміздің рәміздерін құрметтеу керек екендігін

Білді: еліміздің рәміздерін

Үйренуі керек: әңгімелеп айтуды





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.11.2021
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі