Материалдар / Тәрбие сағаты "Еңбек түбі - береке"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Еңбек түбі - береке"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
2936
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы : «Еңбек түбі береке»Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту.Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; еңбек жасай білуге дағдыларын қалыптастыру. Еңбекке қызығушылықтарын дамыту;еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Көрнекілік:мақал- мәтелдер, нақыл сөздер,слайд. Ұйымдастыру бөлімі:Шаттық шеңбер: Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты- еңбек.Кесте тіксең зерлеп,Мұның аты- еңбек.Сабағыңды жөндеп,Әзірлесең еңбек.Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек!

Балалар адамға өмір сүру үшін нелер қажет?-Ауа, су, тағам. Ауа мен су- табиғаттың адамға беретін сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні нан. Нан еңбекпен келеді. Тағы басқа заттар адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттар мен толықтыру, денсаулықты сақтау бәріде еңбекпен келеді.

Олай болса, бүгінгі 3 «Д» сыныбының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі «Еңбек түбі береке» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Көрініс: Атасы мен он жасар немересі -Балалар бұл көріністен не түсіндіңдер?-Еңбек етуді ,уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.-Ия жарайсыңдар! Еңбек етуді үйренуіміз керек.

Келесі кезекті еңбек туралы тақпақтарға берейік.1.Еңбекті сүй құрметте,Береке болар еңбекте.Еңбек етсең емерсің,Жақын болшы еңбекке.2.Еңбек етіп езіліп жатқан жеріне,Жеміс егіп қазақтың ескі жеріне.Жетім зарым елдің қамын баяндап,Үлгі берген еңбекші қазақ еліне!3.Адам еңбек барында,Сана сезім арыңда.Сан еңбекпен келеді,Күнде жейтін наныңда.4.Еңбек етсең ертеңгі,Бақытыма сенемін!Мақсатыма жеткізер,Уақытыма сенемін!5.Еңбекпенен ержеткен,Отан даңқын өрлеткен.Туған жерді гүлдентіп,Шаттық әнмен тербеткен.6.Еңбек етсең, ерінбей,Тояды қарның тіленбей.Деп айтады аташым,Күнде маған ерінбей.

Ойын: «Еңбек құралдары» Ұста құралы: балға, төс, біз, қысқыш.Шаруа құралы: кетпен, орақ, күрек, айыр.Тігінші құралы: тігін машина, ине, жіп.

Сергіту сәті: «Дұрыс па, бұрыс па»(Дұрыс болса, қол көтереді, бұрыс болса, көтермейді)Қойшы балаларды оқытып жүр.Жүргізуші машина жүргізеді.Аспазшы дәмді тамақ пісірді.Дәрігер адамды емдейді.Жазушы хат, газеттер тасып жүр.Дәрігер етік тігіп отыр.Мұғалім балаларды оқытады.Ұшқыш әдемі киім тігеді.Өрт сөндіруші, өртті сөндіреді.-Жарайсыңдар, балалар!Балалар еңбек туралы мақал-мәтелдер білеміз бе?1.Еңбек мұратқа жеткізер,Жалқаулық абыройды кеткізер.2.Еңбектің көзін тапқан, Байлықтың өзін табады.3.Еңбек етпесең, елге өкпелеме,Егін екпесең, жерге өкпелеме.4.Ердің атын, еңбек шығарады.5.Еңбек пенен ер көгерер,Жаңбыр менен жер көгерер.6.Сақалын сатқан кәріден,Еңбегін сатқан бала артық.7.Еңбек етсең ерінбей,Тояды қарның тіленбей.8.Еңбек ерлікке жеткізер,Ерлік елдікке жеткізер.-Жарайсыңдар, балалар!

Қорыту: -Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?(Білім алуға, маман иесі болуға, еңбек етсең қарның тоқ болады)Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?(Озат сабақты көп оқитын, тынбай жұмыс жасайтын адамды айтамыз)Сендердің қазіргі еңбектерің қандай?Балалар бүгінгі тәрбие сабақта еңбектің қандай пайдасын білдік?(Тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, ширатады,бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді,үнемшіл болуға үйретеді, шынықтырады )Ән: «Болайықшы осындай»

Мақал-мәтелдің мағынасын ашу.«Еңбек түбі-зейнет» Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесін. «Еңбексіз өмір-сөнген көмір» Көмір отын екенін білесіңдер.Ол үйді жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама?Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам- жылусыз сөнген көмір сияқты.

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!