«Жаңақала
ауылдық округінің
«Балбөбек»
бөбекжайы МКҚК»
Тәрбие
сағаты: «Ерлік
– елге мұра, ұрпаққа ұран»
Күншуақ
II
кіші
тобы
Тәрбиеші:
Абдрахманова Г.Т
Тақырыбы:
«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»
Мақсаты:
Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге,
оны қорғауға баулу. Отанға деген
сүйіспеншілігін арттыра отырып,
патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы
Отан соғысымен, батырлардың ерлік
істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.
Балаларға ардагер адамдарды сыйлай
білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер,
шарлар, батырлардың суреттері.
Өтілу
барысы: Топ ішін безендіру. Музыкамен
балалар қолдарына әдемі гүл шоқтарын,
әсем шарларын ұстап, көтеріңкі көңіл-күймен
залға кіріп, гимн орындайды.
Тәрбиеші:
– Бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мейрам
- 9 Мамыр - Жеңіс күні құтты болсын!!!
-Бүлдіршіндеріміздің
орындауында Гимн.
Тәрбиеші:
-Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қазақтың
аты аңызға айналған батырлары, осы
соғыста ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың,
әкелеріміздің есімдері ешқашанда
ұмытылмайды. Ендеше осы батырларымыздың
құрметіне арнап біздің балаларымыз
тақпақтарын айтады.
Азамат:
Әлия, Мәншүк апамыз,
Бауыржандай
атамыз.
Фашисттерден
Отанды,
Қорғап
батыр атанды.
Алина:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің
сен – Отан
Мәңгі
соғып тұратын,
Жүрегімсің
сен – Отан.
Ануар:
Туған жерде толамыз,
Ертең
жігіт боламыз.
Отан
ортақ үйіміз,
Көңілді
ән мен күйіміз.
Мансұр:Отан
сенің ата-анаң,
Отан
досың, бауырың.
Отан
өлкең, астанаң,
Отан
аудан, ауылың.
Исатай:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің
арқаң, Ұлы Отан.
Елім
менің-тірегім,
Жүрегімсің
сен – Отан.
-Балалар
енді бәріміз Ұлы Отан соғысына қатысқан
батырларымызбен танысайық: Бауыржан
Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия
Молдағұлова, Мәлік Габдуллин, Талғат
Бигелдинов. Ұлы Отан соғысында ерлермен
бірге қолдарына қару алып, Отанын
қорғауға біздің батыр аналарымыз Әлия
Молдағұлова мен Мәншүк Маметова да
ерлік көрсетіп батырлықпен қаза тапты.
-Балалар,
қане бәріміз слайдқа қарап батырларымызбен
танысайық:
(слайд
арқылы)
Ел
алдында борыштарын өтеп, еліміздің
жарқын болашағының амандығын, жүрегіміздің
тұтастығын қорғаған ерлерге тағзым
етеміз. Қане бірге қайталайықшы: тағзым
етеміз, тағзым етеміз, тағзым
етеміз!(бастарын иеді)
Ержігіт:
Асыр салған таласып,
Біз
туған ел – баласы.
Қандай
байтақ отаным,
Жан-жағына
қарашы.
Нұрмұхаммед:
Бізді өсірген аялап,
Отан-
қамқор, сая бақ.
Диас:
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді
ән мен күйіміз.
Аманбек:
Нұр шашады алтын күн,
Отанымда
мереке.
Қона
берсін еліме,
Бақыт,
шаттық, береке.
Сұлтан:
Қызмет етіп отанға,
Бола
білсең нағыз ер.
Мақтан
тұтар ерлерді,
Туған
елің, туған жер.
Біз
Отанның қыранымыз.
Ән:
«Ел қорғауға әзірміз»
Викториналық
сұрақтар ( балаларға арналған)
Бүгін
қандай мереке? (Жеңіс күні)
Балалар
жеңіс күні қай күн? (9 мамыр)
Біздің
әскер күшті ме? (Күшті)
Бейбітшілікті
қорғай ма? (Қорғайды)
Ұлдар
әскерге бара ма? (Барады)
Бейбітшілік
өмірде ең қымбат нәрсе ме? (Ия)
Жүргізуші:
Асқақ ән көңілді тербесін,
Тұтпасын
күн қара пердесін.
Бақытпен
көз ашқан балалар,
Бүлікшіл
соғысты көрмесін,- деп Жеңіс күніне
арналған мерекелік ертеңгілігімізді
аяқтаймыз.