жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!
8 сынып Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді... (жастардың үрейі ұшып, жүгіргендері бейнеленеді).
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!
ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.
2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
1-оқушы Ернар:
Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек-жарақ заттарымды қолға алып.
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
2-оқушы Рақымжан:
Осы хабар уақытында алынды,
«Соғысқа» деп дабыл қағылды.
Қуанышты жас жүректі суытып,
Баса қалды лапылдаған жалынды.
Көрініс: (Мұңды әуен ойнап тұрады). Ән ойналып жатқанда бірі баласын, бірі әкесін, ал бірі сүйген жарын, бірі бауырын соғысқа шақырып салып тұрғаны сомдалады. Әйелдердің жылаған дауыстары естіледі.
1-жүргізуші: Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты,хабар ошарсыз кетті.
Оқушы Малика:Теңдесі жоқ ерлігі үшін 500 Қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.Олар 2 рет батыр атағын алған Талғат Бигелдинов,Нәсір Әбдіров, шығыстың қос жұлдызы бүгінде жырға қосып жүрген «Ерліктің қос қанаты деп білемін,аяулы Әлия мен Мәншүгімді» деген батыр апаларымыз Мәншүк Мәмбетова мен Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров,Мәлік Ғабдуллин,Рақымжан Қошқарбаев,Бауыржан Момышұлы сынды ержүрек батыр аталарымыз еді.
2-жүргізуші: Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жасақталған 316 – атқыштар дивизиясының құрамында Қазақтың қаһарман батыр ұлы Бауыржан Момышұлы да бар еді.
Бауыржан: Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы деген жерде дүниеге келген.
Соғыс кезінде Бауыржан Момышұлы 1073 атқыштар полкінің командирі болды.Бауыржан Момышұлы соғыста жеңіп шығу үшін аянбады.
1941 жылы Москваны қаһармандықпен қорғағандардың бірі Генерал Панфиловтың резерві ретінде Бауыржан Момышұлының батальоны бес рет қоршауда қалып, фашистермен қиян – кескі ұрыс жүргізді,өз алдына қойылған міндетті орындағаннан кейін жау қоршауының шеңберін бұзып өтіп, өз дивизиясына келіп қосылды.
Бауыржан Момышұлы соғыс кезінде Совет Армиясының аты аңызға айналған жауынгерлерінің бірі болды.Ол алған бетінен қайтпайтын, қатал мінезді,сымбатты келген жас командир болатын.Оның ерліктері жыр болып тарап, Александр Бектің «Волокаламск тас жолы»,А.Кривицкийдің «Москва түбіндегі қарауыл»,Совет Одағының батыры, генерал – полковник И.М. Чистяковтың «Отанға қызмет етеміз» кітаптарында және басқа еңбектерде аталып өтті.
Олжас: Жамбыл Жабаев,Сабит Мұқанов,Әбділда Тәжібаевтан бастап,Қазақстанның жүзден аса ақындары оған арнап өлең және жыр жазды.
Қасым Аманжолов: Бауыржан Момышұлының соғыстағы өшпес ерлігі мен жете таныс болған.Ақынның «Бауыржан» деп аталатын өлеңі батырға деген халық махаббатын білдірген арнау іспетті.
Райхан:
Бір дауыл сыпырды кеп өрт теңізін,
Теңселтіп темір топан дүние жүзін
Бетіне туған жердің өшпестей ғып,
Ер жазды өз қолымен жүрген ізін
Нақты сол кез естідім мен ер дүбірін,
Атағы алдын алып келді бұрын
Үстінде туған елдің тұрды толқып
«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн
«Батырым – Бауыржаным» дейді халқым
Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын
Келешек келе жатқан көремін деп,
Тік басып туған жерде тұрды қалқып.
Жарас:Ал 1990 жылы 11 желтоқсанда 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында неміс – фашист басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін полковник Бауыржан Момышұлына қайтыс болғаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді.Бауыржан Момышұлы көптеген кітаптар жазды. Олардың ішінде «Москва ұшін шайқас», «Ұшқан ұя» кітаптары жоғары бағаға ие болды.Әдеби қызметі үшінБауыржан Момышұлы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды.Абай атындағы Республикалық сыйлықтың лауреаты болды.Бауыржан Момышұлы - қос тілді жазушы.
Ал 1982 жылы 10 маусымда көрнекті қазақ совет жазушысы, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,КПСС мүшесі,Отанымыздың адал ұлы, атақты жауынгер, айрықша аяулы жан Бауыржан Момышұлы қайтыс болды.
Интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі:
Азат:Қанды қырғын қан майданда талай боздақ етігімен қан кешіп жүріп өздерінің жастығын, күш жігерін жұмсады. Сол соғыстан оралмаған солдаттарды күтіп артында аңыраған ана мен әкелер, желкілдеп өсіп балалар, махаббатын, сүйгенін күтіп бойжеткен қыздар қалды.Армандарына жетпей өмірден ерте озған қыршын жастарды, майдангер ерлерімізді бір сәт еске алып аруақтарына іштей дұға арнайық.
(Бір минут үнсіздік жарияланады.)
1-жүргізуші:Бүгін бізде қонақта соғыс ардагері,Курск шайқасының майдангері, көптеген орден, медаль иегері Серкебабаев Серікбай атамыз келіп отыр. Серікбай ата сізге сөз береміз.
Сұрақтар:
1.Ата соғысқа неше жасыңыздан соғысқа бардыңыз? Малика
2.Соғысқа қай жылы бардыңыз? Райхан
3.Соғыстан кейін немен шұғылдандыңыз? Гүлзамира
4.Мына медаль, ордендеріңізді не үшін алдыңыз? Мөлдір
5.Ата манадан бері Бауыржан Момышұлы туралы айтқанымызды естіп отырдыңыз, соғыс кезіндеБауыржан Момышұлының ерліктерін естідіңізбе? Перизат
Оқушылардың орындауында «Катюша»
Оқушылардың орындауында «День победы» әні орындалады.
2-жүргізуші:
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік! »
1-жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.
2-жүргізуші:
Біз қашаннанер қаһарман халықпыз,
Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз
Біз күштіміз күштілердің бәрінен,
Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз
Біздер нағыз құдіретті елденбіз,
Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз.
1-оқушы Гаухар:
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.
2-оқушы Элза:
Он сегізде соғыс атты от кешкен,
Жараланып жас денесін оқ тескен,
Аталарым, ардагерлер, болшы аман,
Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.
3-оқушы Медет:
Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
Ардагер аталарға мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.
1-жүргізуші:
Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген