«Ғажайыптар
әлемі» танымдық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың зеректік
қабілеттерін дамытып, ой өрісін кеңейту, білімге құштарлығын
арттыру, озық ойлы топты анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын,
білімге қызығушылығын арттыру, ойды жүйелеу қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: ана тілінің қадір-қасиетін
ұға білуге, сезінуге, ана тілімізді сүюге, оны өшпес мұра етіп
сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге
тәрбиелеу
Сабақтың түрі: топтық
ойын.
Көрнекілігі: даналық сөздер, интерактивтік
тақта, слайдта көрсетілген сұрақтар
Сайыс барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен
қауым.
«Ғажайыптар әлемі» атты
4
—
сыныптар арасында қазақ
тілі пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға
қош келіпсіздер!
Көңілді тапқыштар,
білімділер,
Бар
өнерін алдарыңа салады.
Кім
білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы
болады.
деп
білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскер топтарымызды
таныстырып өтейін:
4
«г» сыныбы – « Алғырлар» тобы
4
«д» сыныбы – «Білгірлер » тобы
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ
бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін
болсам:
Қазақ
тілі пәнінің мұғалімі
Истаеа
А.Б.
Қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Хидуллина З.Ж.
Енді сайысымыздың негізгі
бөлімдерімен таныстырар болсам:
Жүргізуші:
Сайысымыз 6 кезеңнен
тұрады:
Тапқыр,білгір,
дарынды
Жарыс бар бүгін
арынды
Қазақ
тілі пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды-
деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей
отырып, сайысымыздың алғашқы турын
бастасақ.
1 кезең
«Таныстыру» кезеңінде әрбір топ өз
атауларын,эмблемасын,ұранын айтады.
10 ұпай беріледі. Ендеше іске
сәт.
Жүргізуші:
1-ші кезеңнің
қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына
береміз.
Жүргізуші:
2 кезең «Ғажайып
ондық» кезеңінде 10 сұрақ
беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан
есептеледі.
1.Септіктің неше түрі бар?
Қандай?
2. Қазақстанның неше аймағы
бар?
-
Тәуелсіздіктк қашан
тойлаймыз?
-
Тіл мерекесі
қашан?
-
Қазақстанның елбасы
кім?
-
Дауыссыз дыбыстардың
түрлері?
-
Әнұранның авторы
кім?
8. Тудың түсі нені
бейнелейді?
9. Елтаңбаның
авторы?
3 кезең « Мақал
мәтелді жалғастыру» 20 ұпай
1. Ана тілің алпыс тілге
татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі
келмейтіндер - мәңгүрт.
3. Тіл мәртебесі - ел
мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын
көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын
тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес,
өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген
ел.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден
тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі
жоқ.
9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік
үшін.
10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен
өтеді.
4 кезең «Сөзден
сөз теру» екі топ берілген сөздерден
сөздер тереді
20
ұпай
5
кезең «Әріптер
сөйлейді»
(кез келген әріпті таңдау
арқылы әдебиет пәнінен қойылған сұрақтарға сол әріптен бастап дұрыс
жауабын беру) 10
ұпай
6 кезең«Сөз мәйегі»
«Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр
сөз адамның ең жоғарғы қасиеті» Тапсырма екі топқа беріледі.
Адасқан әріптерді дұрыс қойып, бір сөйлем шығару. (Әр топқа төрт
сөзден, сөздердің басын біріктіріп сөйлем шығару. (5 мин
уақыт)
1. І Т Н І Л (тілін)
2. І Б У Л (білу)
3. М З П Ы Р Ы А (парызым)
4. ААН (ана)
5. Х Қ Н Л А Ы (халқын)
6. С Г Н Й Е У (сүйген)
7. Т А С Ы Л Н (салтын)
8. С Е Ү Р Й (сүйер)
9. А Қ Р А (арқа)
10. С Е Г Т І Ө Н Д І (төсіндегі)
11. У АР (ару)
12. А Л Қ А (қала)
13. Д Ы Қ А Л Ы (ақылды)
14. Р А Қ Я И (қария)
15. Н Ы А Ғ (ағын)
16. Р Я А Д И (дария)
-Міне, біздің бүгінгі «Ғажайып
әлемінде» атты сайысымыз өз мәресіне жетті, сайыс болған жерде,
әрине жеңіс те , жеңіліс те болады, ендеше бүгінгі ойынымыздың
жеңімпаз тобын анықтау қажет.
- Білім мен тапқырлықтың жарысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз
мықты,- дей келе сайыстың қорытындысын шығару үшін сөзді
әділқазылар алқасына береміз. (Әділқазылар қорытындысы.Жеңімпаз
топты анықтау).
Бағалау парағы
Топтар I-кезең II-кезең III-кезең IV-кезең V-кезең VI- кезең
I топ
II топ
Мұғалім: Әрбір тілде сөйле әлемді таң
қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
- Құрметті қонақтар, оқушылар, осымен біздің «Тапқыр достар» атты
топтық ойынымыз өз мәресіне жетті.Осы сайыста сендер өздеріңнің
білімдеріңді, өнерлеріңді, тапқырлықтарыңды көрсете білдіңдер.
Ойынның тартысты өтуіне ат салысқандары-ңызға алғыс айтамыз.
Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап, биіктерден көрінетіндеріңе
тілектеспін! Келесі кездескенше, аман – сау
болыңыздар!
«Ғажайыптар
әлемі»
танымдық
сайыс
4 сыныптар
арасындағы