Материалдар / Тәрбие сағаты: Ғарыш әлемі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Ғарыш әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері өздеріне керегін алады деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2023
319
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№12 бастауыш мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Ғарыш әлемі»

Максаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілік: интерактивтті тақта, зымыран суреті, үн таспа. 
Әдіс- тәсілдер: жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар Барысы.І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық:
- Осы біздер қандаймыз?

- Талабы биік таудаймыз!
- Біз нені ұнатамыз?

-Жақсылықты ұнатамыз,

- Қалай оқимыз?

- Көп оқимыз. Терең оқимыз.
- Біз кімбіз?

Қазақ елінің болашағымыз!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? 
-Қазір көктем мезгілінің қай айы? 
Жұмбақ жасыру

 Жерде болса тұрағым. 

Марсқа ұшып тұрамын. 
Ғарышкер  -дұрыс айтасыңдар 

Видео тыңдау

Топтық жұмыс «Топтастыру»

1-топ «Күн» туралы не білеміз?

2-топ «Ай» туралы не білеміз?

3-топ «Жер» туралы не білеміз?
- Балалар, 12-сәуір ғарышкерлер күні. 
-Айға ұшып, айға сапар шеккендерді ғарышкерлер деп айтамыз. 
Зымыранмен ғарышкерлер ғарышқа ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарышқа ұшатын Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Байқоңыр өзіміздің Қызылорда обылысында орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады. Ғарышкерлер ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады. Сондықтан осылардан сақтану үшін ғарышкерлер «скафандр» деп аталатын арнайы киім киеді. Скафандрдың арқасында ауа толтырылған балоны, жермен және өзара байланысқа арналған байланыс құралдары болады
Ғарышқа алғашында нелерді ұшырып еді?

-         Лайка —  ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.

-         1957 жылдың 4 қазанда ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді.

-         Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті

жаттықтарған болатын. Олар:  Белка мен Стрелка

1961 жылдың 12 сәуірінде, бір орынды «Восток» кемесімен, тұңғыш рет Совет Одағының азаматы Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа көтерілді.

-         Ең алғашқы қазақ ғарышкерін атаңыз?

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы 1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 13” ғарыш сегіз тәулік бойы ғылыми  зерттеу жұмыстарын жүргізіді.

1991ж   қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

-         Тоқтар Әубәкіровтен кейін ұшқан қазақ ғарышкері кім еді?

-Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы – ғарышкер

1994ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабынде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.

2001ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген. 3 ғарышкеріміз – Айдын Айымбетов 2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10.37 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыштық кемесі ұшты.

Күн жүйесінде 9 үлкен планеталар бар, 43 серік планеталар бар.

-Планеталар туралы не білеміз?

Меркурий,Шолпан,Жер,Юпитер,Сатурн,Уран,Нептун,Плутон.

Келесі кезекті тақпақтарға береміз

Топтық жұмыс

1-топ: Зымыран құрастыру

2-топ 8-ғаламшарды құрастыру

3-топ Ғарышкерлер суретін құрастыру

«Кім тапқыр?» ойыны Жұмбақ шешу.

1. Күмбез сынды кең сарай,

Еш жерде жоқ тең сарай. (Аспан)

2. Әлемнің екі күзетшісі:

Бірі – күндіз тынығады,

Бірі – түнде тынығады. (Күн мен ай)

3. Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)

4. Басы озып құсты,

Қанат қақпай ұшты. (Ұшақ)

5. Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Күткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)

Рефлексия: «Біз не білдік?» әдісі Ғарышкерлер ғарышқа ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ер жүрек болу үшін білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек. Балалар ғарышқа не үшін ұшады? 
-Иә, аспан әлемін планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады. 
-Аспанда нелер болады , балалар? -Күн, ай , жұлдыз, бұлттар болады
-Дұрыс айтасыңдар, қалай ойлайсыңдар, ғарышқа қандай көлікпен 
ұшады? -Ғарышқа зымыранмен ұшады. 
-Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!