400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: «Ғасыр дерті есірткі»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ғасыр дерті есірткі»

Мақсаты:

1. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру.

2. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу

3. Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қортындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау.

Ұраны: «Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде»

«Есірткіден есіруді көздегенше, салауатты салтымыздан қол үзбе»

Колледж медбикесі:

Ал ендеше халайық осы отырған барлығымыз анкета жазуға дайындалайық.

1. Наша,нашақор,нашақорлық дегенді қалай түсінесің?

2. Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан облыстарының 1 млн. Гектар жеріне егілген аждаһадан қалай құтылу керек екендігі туралы қандай кеңес берер едің?

3.Қандай наркотикалық заттарды білесің? (топтастыру)

Есірткі бизнесінің әлемдегі, Қазақстандағы ірі орталықтары (топтастыру)

4.Есірткіге байланысты туындайтын қылмыс түрлері. (топтастыру)

5.”Есірткі – жас өмірді улаушы” бұл туралы пікіріңіз.

Назгүл:

Қазіргі нашаның көп тарағаны – героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сол ләззатті өмір бойы іздеумен өтеді. Бір рет иіскеп көр, одан ештеңе болмайды деген сөзге ерсек, ол адам организімін тез улап, жүйке жүйесін тез улайды.Одан адам тез өліп кеткенін білмей қалады.

Нурила:

Адамның өзінен -өзі бұзылып кетпейтіні түсінікті ғой. Біреуге – біреу ықпал етеді. Жастардың арасында мода деген түсінік қалыптасқан. Еліктейді, біріне – бірі артық болып көрінгісі келеді. Қазір оның үстіне не көп түнгі клубтар көп. Нашаның басты таратылатын орны – осы түнгі клубтардағы дискотекалардан басталады. Сондықтан жас ұрпақ буыныңды үсікке шалдыра көрме.

Гүлжанат:

Нашақорлықты басқаша «мидың қатерлі рагі» деу керек. Егер ол асқынып кетсе дағдарысқа ұшырайды. Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «әке шешем мен үшін жүгіріп жүр ау, ертең ел – жұртқа қалай қараймын», яғни болашағына есеп бермейді. Мақсаты тек біреу – «қайда бар, кімде бар, қалай ақша тапсам, қалай алсам!» деп, есірткіні ойлаумен болады. Тіршіліктің бар мәні осы ғана деп түсінеді.

Жандос:

Соңғы мәліметке сүйенсек, 13-15 жас аралығында жасөспірімдер айықпас удың тұтқынына айналуда.Нашақорлықтың орташа жасы 30-дан да төмендеп кеткен. Соның салдарынан қылмыс көбейе түскен. Осындай ауыр апаттан жастарды арашалап қалу мақсатымен тиісті мекемелер ғана емес , бүкілхалықтық іс екенін ,бірігіп жұмыс істеу керектігін әрқайсымыз жетік түсінуіміз керек.



Ғалым:

Бүгінгі жастардың ой арманы, мақсат – мүддесі, тілегі тіршілік тынысы біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет - бейнесін көп жағдаяттан анықтап берері даусыз. Сол себептен жастарды тұрмыс – салты орнықты, күш - қуаты тасыған, денсаулығы мықты, еліміздің нағыз патриоттары қатарында көруіміз керек. Есірткіні алғаш қолданар алдында ең алдымен ойлан. Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа.

Топ жетекшісі:

Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де қарсылық таныт!

6. Мына мақал – мәтелдің, сөздің мағынасын қалай түсінесің?

1. Шылымды әр тартқаның ,

Табытыңа темір шеге қаққаның

2. Тамырын умен суарып,

Денсаулық деген егістің,

Шірітіп апсың біразын .

7. Ұрпағымыздың зиянды әдеттерден қорғана білуі, есірткі зияндылығы жөнінде мәліметтер беру үшін қандай кеңес және көмек беруге болады деп ойлайсың?

Өз ойларыңды қағаз бетіне түсіріңдер.

Колледж медбикесі: С.Әбдіқалықова

Сонымен оқушылар сөзімізді қорытындылай келе ,

“Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік! дегім келеді.











М .Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі


















Shape1



















Тобы: М-Л-17

Топ жетекшісі: Тілеуімбетова И.















Қызылорда 2017 ж.





2017-2018 оқу жылындағы «Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімі

М-Л-17 тобының оқу тәрбие кеңесі

Хаттама

Қатысқаны:30

Уақыты:

Күн тәртібінде:

1.Студенттерге есірткі зияндылығы жөнінде мәліметтер беру, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға насихат, есірткі туралы білімдерін кеңейту.

Тыңдалды:

2017-2018 оқу жылындағы «Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімі МЛ-17 тобының жетекшісі Тілеуімбетова Индира және топтың санитар-эколог ұйымдастыруымен «Ғасыр дерті есірткі» тақырыбында ақпараттық лекция болып өтті. Дәріс оқуға колледж медбикесі С.Әбдіқалықова келді. Аталған ақпараттық лекция есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру.зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу

Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қортындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау мақсатында өткізілді.Оқушыларға «Ғасыр дерті есірткі» туралы мағлұматтар беріліп, эссе жазылды.Ақпараттық лекцияға барлық топ студенттері түгел қатысты.

«Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімі МЛ-17 тобының оқу тәрбие кеңесі қаулы етеді:

5-бағыт бойынша келесі атқарылатын іс-шаралар өз уақытында жүргізілді. Міндеттелген студенттерге жауапкершілік жүктелсін.







Топ жетекшісі: И.Тілеуімбетова

Хатшы: А.Шынтемір



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
2159
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі