Материалдар / Тәрбие сағаты "Ғасырдың ғажап азаматы"

Тәрбие сағаты "Ғасырдың ғажап азаматы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме сынып сағатын өткізуде қажет болар деген мақсатпен жариялап отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2018
1052
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елін сүйген-елі сүйген Елбасы.Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені біз бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат аламыз. Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтығын жарастырып отырған әлемге әйгілі ұлы тұлға.Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру-біздің басты міндетіміз.1. Кешіміздің мақсаты бүгінгі жас ұрпаққа қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін, тұлғалық тұғырын түсіндіру, Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын,халқынсүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу.1-жүргізуші:Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,Халықпен бір ашығасың да халықпен бірге тоясың.Жастықтың жалын шақтарымен бірге айтып арман әндерін,Қазақстанның бақтарымен бірге жапырақ жаясың,- деп ақын Тұманбай Молдағалиев ағамыз айтқандай Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Бұл небір қиындықтар мен қатерлі тосқауылдарды жеңе білген және қиын кезеңдердің өзінде табыстарға қабілет күші жеткен нағыз қажыр қайрат иесі, талантты, адамның өмір жолы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтығын жарастырып отырған ұлы тұлға.Енді сіздердің назарларыңызға Президент Н. Назарбаевтың дүниеге келуі туралы шағын көріністі ұсынамыз. (Слайд)Үлкен қариялардың даусы естіледі: «...Шынымен-ақ шырылдаған нәресте үнін ести алмай өтеміз бе?» Әкесі: Оны есітіп, Әлжан, осы ата-баба әруағына сыйынып, Алладан бала тілеп, Райымбек бабаның басына барып құрбан шалып,қайтсақ қайтеді осы.Шешесі: Жарайды айтқаның болсын, барып қайтайық. Алланың бір көмегі тиер.Автор:Содан екеуі Райымбек бабаның басына барып құрбан шалып, малдың етін жұртқа үлестіріп беріп, моланы жеті рет айналып шығады. Райымбек бабаның басына барып, зиярат етіп қайтқан күні түнде түс көреді.Шешесі:Әбіш ,мен бір түс көрдім. Түсімде үлкен теңіз көрдім. Буырқанып, дөңбекшіп жатқан мұндай теңізді бірінші көруім. Түсуге жүрексінем, бірақ бір күш суға қарай сүйрей жөнеледі. Жүрегім өрекпіп суға түсем. Суға түскен соң қорқынышым басылады. Әуелі су тіземнен одан соң белімнен, көкірегімнен мойнымнан асады екен. Бір кезде басым көрінбей кетеді «Тұншығамын -ау » деп қатты қорқамын. Бірақ, бір ғажабы еркін тыныстап келе жатамын. Аяғым теңіз түбіне бір тиіп, бір тимей келеді. Өстіп келе жатып су түбінен мылтық тауып аламын. Кәдімгі аңшының үлкен мылтығы. Жақсы болды ғой, Әбішке апарып, қуантайын деп, мылтықты иғыма асып аламын. Сол кезде мылтық иіліп, екі басы да жерге тиеді. Мылтықты тастамай аршындай басып, Теңіздің екінші жағынан шыға келем. Әбіш: «Алла жар болсын!»Түсің жақсы екен. Құдай ұл береді екен бізге.Екеуі бетін сипап тұрып кетеді)Шынында көп ұзамай Әлжан ана бойына бала біткенін сезіне бастайды Сәбидің дүниеге келуі, кішкене баланың даусы.

2үргізуші:Міне 1940жылдың шілде айының алтыншы жұлдызында құт дарыған , Алматыоблысы Қаскелең ауданының Шамалған аулында осы елдің болашақ көсбасшысы өмірге келеді. Бұл халқының бағына туған, бүгінде әлем таныған көшбасшысына айналған, қазақ деген қайсар халықтың президенті біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еді.1үргізуші:Шығыс күн тізбегі бойыншаНұрсұлтан аға ұлу жылы дүниеге келген. Тағдыры күнмен тығыз байланысты. Бұл жылы туған кісілердің ерекше күш-қуатқа ие екндігі олардың арасынан ерекше іскер мемлекет басшылары шығатыны айтылған. Енді президенттің туған күні 6 санына тоқталар болсақ, тағы да бір қызық жағдайға кенелеміз. 6 саны шындықты, ашықтықты және сенімділікті бейнелейді . Бұл күні дүниеге келген адамдар бейбітшілік пен тыныштықты сақтау жолында аянбай қызмет етіп, халықтың тұрмыс-жағдайларын жақсартуға бар күш-жігерін жұмсайды екен.

2-бөлім: Н.Назарбаевтың балалық шағынан үзінді.2үргізуші:Нұрсұлтан аға орта бойлы, жазық маңдайлы, ақсары бала болатын. Сырттай момақан көрінгенімен, көзінің оты бар, ұстамды, байсалды еді. Сабаққа алғыр, елгезек, дене бітімі қайратты, күшті, қағілез, сергек бала болатын. Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілет байқалып қалатын. Балаларды үйіріп, артынан ертіп жүретін.

1-жүргізуші: (Нұрсұлтан ағаның сөзінен үзінді)«Мені құлқын сәріден оятар еді, мен арбаға есек жегіп, жұмысшы қалашығындағы ертеңгі сағат алтыда ашылған дүкенге уақтылы жетіп үлгеру үшін ауылдан асыға шығатынмын. Шұбатылған ұзақ кезекке тұратынмын. Қап-қара нан, салмақты қолды сәл батырсаң саусақтардың ізі қалатын. Үйге бірден он бөлке әкелу үшін кезекке екі, кейде қайтара тұратын едім. Мұндай нанды ұзақ сақтауға болмайды. Бөлкелерді турап-турап кептіру үшін күн көзіне қоятынбыз. Бұл бәрімізге зор қуаныш болатын. Анда-санда сиыр бұзаулағанда, нағыз мейрамға кенелетінбіз. Біздің үй ғана емес айнала бәрі осылай тірлік ететін».2-жүргізуші: Нұрсұлтан аға Шамалғаннан аудан орталығындағы бірден – бір тасы өрге домалап тұрған жалғыз қазақ орта мектебіне келіп оқиды. Нұрсұлтан ағаның білім жолындағы өршілдігі өзгеше еді. Білгенін өзгелерге айтып отыратын. Тереңдей білгісі келген балаларға өзі оқыған кітаптарын әкеп бері, оқып шығуын қадағалайтын. Соңынан бірге талқылауға шақыратын. Мектептегі барлық қоғамдық жұмыстарға жетекшілік ете жүріп, оқушылардың да белсенділігін арттыруға, олардың қабілетінің ашылуына ықпал етіп қана қоймай, өзінің жеке дара ізденуіне де уақыт тауып отырды. Нұрсұлтан аға мектептегі барлық пәндерді үздік аяқтады.

Таңертеңгі астың кезі: Көрініс.Сұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.Анасы: Ол қандай түс, балам? (елең ете қалады).Сұлтан: Мына Алакөлдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам, менің сыныбым да, мектебім де, мектептегі балалар да ,осы шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.Анасы: балам, сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген-жақсы нәрсе. Алла тілеуіңді берсін, балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен. (Анасы баласына батасын беріпті).1-жүргізуші: Иә, Нұрсұлтан Назарбаев балалық шағымен қоштасып үлкен өмірге қадам басты. (Көрініс) Елбасымыздың сыныптасымен кездезу сәті.



Нұрсұлтан ағаның сыныптасы аулада күйеуі екеуі сөйлесіп отырады. Сол кезде Нұрсұлтан аға келе жатады.Күләш апай: Ой, Сұлтан келіп қалыпсың, көрмегелі қанша уақыт. Нұрсұлтан: Сәлеметсің бе , Күләш, сенің біздің ауылға келін болып түскенің қандай жақсы болған! (Екеуі құшақтасып)Күләш: Сұлтан үйге кір шәй ішіп шық, біраз өткенді еске алайық.Сұлтан: Украинаның Днепродзержинскі қаласына барып ВТУЗ-да оқып келдім. Сол жақта жүргенде мен сендердің әрқайсыңның тағдырларыңды ойлап жүрдім. Сыныпта 42 адам бітірдік қой есіңде ме? Өзің туралы айтшы.Күләш:Иә, қалай ұмытпағансың бәрін рахмет. Жоғарғы оқу орындарын бітіргеннен кейін екі жыл қара жұмыс істеу керек деген Хрущевтің заңы бойынша диплом алғаннан кейін ауылда егісте істедім. Араға уақыт салып міне, ауылыңның бір азаматымен тұрмыс құрдым.Сұлтан: Менде енді Комсомолдық жолдамамен Теміртау қаласына барып темір балқытушы болып жұмыс істеймін. Енді ауылға сол жұмысымнан Орталық Комитетке хатшы болғанда ғана бір-ақ ораламын!Күләш: Алла жар болсын! Айтқаның келсін. (деп екеуі қоштасады.)

3-бөлім. Елбасының өмір жолдарынан қысқаша деректер. (Слайд)Теміртауға келген кезі.

1-жүргізуші: Комсомолдық жолдамамен Теміртау қаласына аттанды. Теміртауда болашақ металлургтер дайындайтын фабрика –зауыт училищесіне оқуға түседі.Елбасының мамандық таңдауы, еңбек жолы осыдан басталады.1960-1969 жылдары жұмысшы, кейіннен домна цехнда шойын қорытушы, домна пешінде горновой, домна цехында диспетчер болып жұмыс істейді.1969-1973 жылдары- қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.2-жүргізуші:1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, кейіннен екінші хатшы қызметкерінде болды. 1979-1984 жылдары Қазақстан орталық партия комитетінің хатшысы, 1984-1989 жылдар арасында Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы, 1989-1990 жылдары Қазақстан орталық партия комитетінің 1хатшысы, осымен бір мезгілде КОКП орталық комитетінің саяси бюросының мүшесі, 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды, 1990 жылы 24-сәірде Қазақ КСр тұңғыш президенті болып сайланды. 1991 жылдың 1желтоқсанынан Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы.1-жүргізуші: 1996 жылы «Алтын қыран», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен және көптеген шетелдердің орден, медальдарымен марапатталды

4-бөлім. Нұрсұлтан ағаның Елбасы қызметіндегі жұмысы Тәуелсіздікке қол жеткізу шежіресінен. Слайд.1-оқушы:1990 жылы республикада президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Нұрсұлтан Назарбаев президент болып сайланды.1991жыл, 1-желтоқсанда Республикада бүкілхалықтық президент сайлауы болып өтті. Қазақ КСР-інің Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.Нұрсұлтан Назарбаев президент болғалы аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті.2-оқушы:1991 жылғы 10-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Қазақстан Республикасы болып аталуы жөніндегі Заңға қол қойды.3-оқушы :1991 жылғы 16-желтоқсанда ҚР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданды.4-оқушы: 1991жылғы 29-тамызда президент Н. Назарбаевтың жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.5-оқушы: 1992 жылғы 25-қаңтарда қазақстан Республикасы БҰҰ-на қабылданды.6-оқушы: 1992жылғы 4-маусым Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы Заңға қол қойылды.7-1993жылғы 15-қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы-теңге айналымға енгізілді.1995 жылғы 1-наурызда Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылды. 1997 жылғы 11-шілдеде Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң қабылданды.1997жылғы 20-қазанда президенттің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

2-жүргізуші: Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік. (Слайд)

1-оқушы: Барак Обама, АҚШ Президенті: «Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісіндегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін және мен Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті алға жылжыту жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын.»2-оқушы:Димитрий Медведев, Ресей Федерацисының Президенті: «Мен сізге алғыс білдіремін. Маған көрсеткен бүгінгі қошеметтеріңіз біздің елдеріміз арасындағы айрықша сенімге негізделген қарым-қатынастардың дәлелі болып табылады. Біздің халықтарымыз ғасырлар бойы бірге өмір сүрді. Соғыс кезіндегі және тың игеру кезіндегі барлық қиындықтарды тең көтерді. Достық, түсіністік, сыйластық тіні-міне осында.»

3-оқушы:Абдулла Гүл, Түрік Республикасының Президенті: «Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы-Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз.»

4-оқушы: Ли Мен Бак, Корея Республикасының Президенті: «Корея Қазақстанмен кең ауқымды ынтымақтастықты кеңейтуге әзір. Қазақстан Орталық Азиядағы белді мемлекет болып табылады, ал Нұрсұлтан Назарбаевты мен әлемдік деңгейдегі көсбасшы деп білемін. Оның басшылығымен Қазақстан дамудың қайран қаларлық биігіне көтерілді1-жүргізуші: Енді сіздер Елбасымыздың шығармашылығымен таныс болыңыздар.2-жүргізуші: Елбасы-туған халқын, сайын даласын жанындай сүйетін кісі. Мұны сөзімен де, ісімен де, жүрегін жарып шыққан өлеңдерімен де дәлелдеп келді.Ән: «Үшқоңыр». Әндерімен таныстыру.Кітаптарымен таныстыру шолу жасау.1-жүргізуші:Кітапхана қорына табыс етілген кітаптар арасында әр жылдары Президент қаламынан туындаған «Қазақстандық жол», «Сындарлы 10 жыл», «Еуразия ортасында», «Бейбітшілік эпицентрі» және Джонатан Айткеннің «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан құрылуы», Пьер-Люк Сегийонның «Еуразия тұғыры» атты кітаптары және басқа да маңызды еңбектер бар. Қазіргі уақытта бұл кітаптар түрлі елдердің қоғамдық-саяси, ғылыми-зерттеу топтары тарапынан шынайы қызығушылыққа бөленуде. Ал ҚР Сыртқы істер Министрінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев Елбасының «Қазақстандық жол» атты кітабын ерекше атай отырып: «Аталмыш кітаптың 30-дан аса тілдерге, соның ішінде ағылшын, француз, испан, араб, қытай жапония тілдерінде аударылып шығуы жайдан-жай емес. Бұл кітап әлем саясаткерлері мойындаған ғажап туынды», – деп көрсетті. 2-жүргізуші:Кітаптың ағылшын тіліндегі нұсқасында Елбасымен тікелей араласқан Маргарет Тэтчер былай деп жазған: «Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабында өз елінің өтпелі кезеңін, сонымен қатар мемлекеттің болашағын айқындап берген тағдырлы шешімдер қабылдаудағы рөлі жөнінде айтады. Көптеген пост кеңестік мемлекеттерден қарағанда Қазақстан белгісіздік, қанаушылық пен қоғамдық толқуларды бастан кешірген жоқ. Мемлекет этносаралық қақтығыстар мен саяси тұрақсыздықтан ойдағыдай өте білді. Бүгінде Қазақстан – белсенді дамып келе жатқан экономикасы бар елге айналды: мемлекеттік мекемелер жекешелендірілген, шағын бизнес қажетті қолдау тапты, «жаңа» орта класс қалыптасуда. Осының барлығының басында Президент Назарбаевтың шебер басшылығы мен батылдығы тұр. Құлаған коммунизм қалдықтарының астында қалған Қазақстан өзінің даму саясатын және өзінің ұлттық бірегейлігін құра білді». 2-жүргізуші:Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік эпицентрі» атты кітабы . Бұл кітап Семей полигонының жабылуына 10 жыл толуы қарсаңында 1991 жылдың 29 тамызында жарық көрді. Дегенмен бұл кітап соңғы жылдары әлем жағдайына байланысты әлі күнге дейін өз маңыздылығын жойған жоқ. Бұл кітапқа арнаған алғы сөзінде «Ядролық қауіпті қысқарту жөніндегі Бастама» Қорының тең төрағасы Сәм Нанн былай деп жазады: «Назарбаев бұл туындысын жазғанда логикамен қатар, эмоцияға жол береді. Халқының ядролық жарылыстардан жапа шеккенін айта отырып, жан тебіренісін сыртқа шығарады. Президент Назарбаев өз жүрегінің үнін тыңдап, соған байланысты шешім қабылдады. 1-жүргізуші: Кітаптар жинағының арасында түпнұсқасы ағылшын тілінде және араб, орыс тілдеріне аударылған британдық публицист, жазушы Джонатан Айткеннің «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан құрылуы» атты кітабының қосылуы жарқын қосымша болды. кітап топтамасының халықтың үлкен сұранысына жауап беріп, үддесінен шығатына сенеміз. Өйткені Қазақстан мен оның Көшбасшысының жеткен жетістіктері – елінің мақтанышы емес пе? Бұл кітап оқырмандарға да және бүкіл әлемге үлкен сабақ бола алады».2-жүргізуші: «Жан шуағы» атты жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін, перзенттік тілегін туған жеріне, халқына арнайды:Тәуелсізбін! Бар ма мұң?Тәләйлі болсын талғамым!Өркені өссін қазақтың,Осы- менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,Жұртты сайран құратынҚала болсын Астана,Осы-менің мұратым!

О, Ақорда, Ақ шатыр,Ұлысыма бақ шатыр.Баянды болсын Азаттық,Осы- менің мақсатым!

Халқым -менің тірегім,Құрбан жаным, жүрегім!Атымыз озсын бәйгеде,Осы-менің тілегім.

(Кітап көрмесімен таныстыру.) «Елбасы оқушы көзімен» бөлімі.Слайд.Викториналық сұрақтар: Елбасы оқушы көзімен... (оқушылардың Елбасы туралы ойын тыңдап көрелік.)

1-оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев-тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; елімізідің көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, текшіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, «Өз елім менің-өзегім » дейтін Азамат.2-оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев-әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.3-оқушы: Теледидардан Елбасымыз жайлы хабарды жиі көремін. Қазақ тілінде тамаша сөйлеп, мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерді қалай тауып айтатынына таң қаламын. Ол кісінің бойында ұлтымыздың барлық жақсы қасиеттері бар. 4-оқушы:Нұрсұлтан Назарбаев-адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіздік заманының бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер.1-жүргізуші: Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана аламыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз елдігіміз үшін мақтанғанымыз.2-жүргізуші: Ол Алланың қазаққа берген сыйы. Нұрсұлтан Назарбаев –Қазақстанның паспортына, символына айналған адам. 1-жүргізуші: Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын.Екі жүргізуші бірігіп: Дені-сау, ел-жұртымыз аман болсын.Қазақстанымыз қарыштай берсін.













Теміртау қаласы әкімдігінің « Теміртау қаласының №17 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Сынып сағатыТақырыбы: Елін сүйген-елі сүйген Елбасы.











7 «А» Сынып жетекшісі:Зинал. А





2017-2018 оқу жылы







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ