Материалдар / Тәрбие сағаты «Гигиена - ережелері» 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты «Гигиена - ережелері» 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіре отырып, ол үшін тазалық пен жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын уағыздау, оның басты қағидалары мен ережелерін түсіндіру. Оқушылардың денсаулығын сақтау, қорғау, жетілдіру, дамыту тәрізді дағдыларын қалыптастыру. Балаларды тазалыққа үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2018
9208
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 08.10.18ж.

Мектеп: Жалпы білім беретін №8 орта мектеп

Пән: Тәрбие сағаты

Сынып: 3 «А»

Сынып жетекшісі: Касен Ақбота

Машықкер: Молдабекова Алия

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Гигиена - ережелері»

Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіре отырып, ол үшін тазалық пен жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын уағыздау, оның басты қағидалары мен ережелерін түсіндіру. Оқушылардың денсаулығын сақтау, қорғау, жетілдіру, дамыту тәрізді дағдыларын қалыптастыру. Балаларды тазалыққа үйрету.

Тәрбие сағат көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру,видео.

Ұйымдастыру кезеңі:

I.Кіріспе:

а) Амандасу. Көңіл-күй сұрау.

б) Көрнекілікпен жұмыс

II.Сабақ барысы:

а) Видео көрсету

б) Класстер қорғау

с) Жұмбақтар шешу

д) Сергіту сәті

е) Пазл құрастыру

ж) Викториналық сұрақтар

з) Карточкамен жұмыс



III.Қорытынды:

Сабактан алған әсерлерін смайлик арқылы көрсету.

I.Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме оқушылар! (Сәлеметсізбе мұғалім)Көңіл-күйлерін қалай, сабаққа деген ынта-құлшыныстарын қалай?(жақсы) Оқушылар бүгінгі сабаққа дайынсыңдарма? (Иа)Оқушылар қане шаттық шеңберге тұрайық.Мен қазір бір оқушыға смайликтері бар табличканы беремін. Бірінші оқушы жанындағы екінші оқушыға қарамақарсы мағынасы бар сөзді айтуы керек.Ал екінші оқушы сол сөздің қарама қарсы мағынасын айтуы керек. Жарайсыңдар оқушылар! Оқушылар орындарына отырған сон ,ал енді бәріміз тақтаға назар аударсақ. Осы суреттерге қарап бүгінгі біздің тақырыбымызды айта аласындарма? Қандай ойларын бар (Балалар пікірі) Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Гигиена ережелері». Оқушылар гигиена туралы не білесіңдер?(гигиена дегеніміз таза жүру, тамақтын алдында қолды жуу, т.б,) Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді.Әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтау керек.

Балалар сендер қалай ойлайсындар әр адам өзінің жеке бас гигиенасын қалай сақтайды?(Балалар жауабы)Дұрыс айтасындар әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтау үшін жуынып, таранып таза киімдер киіп, тамақтанар алдында қолын жуып,тістерін тазалау жүру керек .Осының бәрі жеке бас гигиенасы деп аталады.

II. Сабақ барысы:

а) Видео көрсету

Ал балалар қазір мен сендерге гигиенаға байланысты видео көрсетемін.Балалар видеодан не түсіндік?(Балалардың ойы) Дұрыс балалар әрдайым көкініс пен жеміс-жидектер жейтін болсандар оларды жуып және қолдарынды да жууға ұмытпау керек.

б) Класстер қорғау

Балалар бәріміз Нюшаның кәмпитерді жақсы көретінің білеміз.Бірақ осы жолы ол тым көп кәмпит жеп қойып, енді Нюшаның тістері ауырып. Нюша жылап жатыр.Балалар сендер Нюшаға қандай кеңес пен көмек берер едіңдер. Оқушылардың алдарына плакат және түрлі түсті қарандаш беремін. Оқушылар өз ойларын кластерға жазады. Әр топ өз кластерін ортаға шығып қорғайды.

Балалар тіс біздің сөйлеуімізге көмектеседі. Тіс – біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі-тамақты шайнау. Тіс қабығын эмаль жауып тұрады. Сондықтан тісті тамақтан соң тазалап, жуып тұру керек.

с) Жұмбақтар шешу

1) Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп, қамалып жатыр?

2) Асқар тауда қара орман
Кейде оны шөптей орам.

3) Бес сауысқан,
Бес сауысқанның басына
Тас жабысқан.

4) Өзi тұрғанымен мелшиiп,

Жап-жалтыр жүзiне,

Кетедi ел сиып.


5) Үскiнiң көп тармағы,

Қара орманды шарлады.

Қисықтарын түзедi,

Теп-тегiс түз ендi.


6)Кiр киiмдi қалайды,

Өзi кiрдi жалайды.

Суға түссе шомылып,

Дақты жояр талайғы.  



7) Жон арқасы сүйектен,

Қылшық қалың жүйекте,

Жалбыз паста жағады,

Бізге қызмет қылады.

 

8) Сөйлеп тұр мата ұзын –

Кестеленген екі ұшы:

Сабында да кішкене,

Сияны жу бетіңнен! –

Әйтпесе сен сүрткенде

Кір қыласың мені! 



Мұғалім:


Балалар гигиенаға шаш күтімі, киім күтімі, аяқ киім күтімі жатады. Шаш күтімі
Әдемі және қалың шаш кісіні безендіріп қана қоймайды, оның денсаулығының жақсы екендігін де көрсетеді. Адам басында 80 мыңнан 150 мыңға дейін шаш болады. Олар бірыңғай болмайды. Күнделікті 100 тал шашқа дейін түсіп тұрады және сонша тал шаш жаңадан өседі. Әр жыл сайын олар 15 см шамасында ұзарады. Шаштың үш түрі болады: құрғақ, орташа майлы және майлы.
Құрғақ шаш – шаштың аз дымқылдығы және май бездерінің майды аз шығаруына байланысты. Олар өте нәзік және сынғыш келеді.
Орташа майлы шаш – майысқақ және жылтыр келеді, сирек сынады. Шашты уақытымен жуып тұру және бекіту шаштың майлылығы мен дымқылдығын сақтауға көмектеседі.
Майлы шаш – шаш тез тері майымен майланады, ол жұмсақ және күңгірт болады. Майлы шашты жиі жуып тұру қажет.
Шашты түріне және кірлеуіне байланысты аптасына 1 - 2 рет жуып тұру қажет.

д) Сергіту сәті


«Атом және молекула» ойыны бойынша оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар сынып ішінде атомдар мен молекулалар сияқты еркін қозғалыста болады. Мұғалімнің басқаруымен әртүрлі сандар айтылады. Сол санға сәйкес әр ойыншы бір-біріне жұп таба білу қажет. Мысалы: 3 деген сан айтылғанда 3 ойыншыдан жиналып тұрып қалу қажет.

Мұғалім: Балалар киім күтіміде өте маңызды киім, аяқ киімді таза ұстап, көйлек, костюм, шалбарлар әрқашанда үтіктелген болу керек. Киім ілгішті киім өлшеміне лайықтап таңдап, бір ілгішке екі киімнен артық ілмеу керек. Тоқыма бұйымдарды ұқыпты жинап, жәшікте, шкаф сөрелерінде сақта. Киімдегі кейбір дақтарды өзің кетіруіңе болады. Алдымен қылщықпен шаңын тазалап, сорғыш қағаз арқылы үтіктеу қажет. Туштың, сырдың дақтарын салқын сумен кез келген жуғыш ұнтағымен жуып кетіруге болады.
Аяқкиімге қойылатын гигиеналық талаптар
1. Аяқкиім қан айналуға кедергі келтірмейтіндей (табан пішімі және өлшемі) болуы қажет.
2. Аяқкиімде аяқты қыспайтындай, бас бармақ тірелмейтіндей кеңістік болуы керек.
3. Аяқкиім жеңіл, иілгіш, жұмсақ болғаны дұрыс.
4. Аяқкиім өте жіңішке немесе тар болмауы керек. ( Өкшесі тым биік болса, табанның пішіні өзгеріп, омыртқа жотасы қисаяды, т. б.).


е) Пазл құрастыру

Мұғалім: Балалар мен сендерге пазлдарды тартып беремін.Сендер сол пазлдарды 1 минут ішінде құрастыруларын керек.сол пазлдарды қағазға жабыстырып, топтан бір бала ортаға шығып құрастырған пазлдарын қорғау керек.Бәрі түсінікті болдыма балалар?(Иа)




ж) Викториналық сұрақтар:

1) Адам басында нешеге жуық шаш болады? (80мың-150мың)

2) Эмаль дегеніміз не?(Тіс қабығын жауып тұратын зат)

3) Денеміздіні ең қатты зат?(Тіс)

4) Шашты аптасына неше рет жуу керек?(1-2рет)

5) Гигиена құралдары?(сабын, тіс щеткасы, тарақ орамал т.б.)

6) Жемістер мен көкіністерді жемес бұрын не істеу керек?(оларды жуу керек)

7) Гигиена грек тілінде қандай мағына береді? (емдеу,деңсаулық әкеледі)

8) Тісті күніне неше рет тазалау керек? (2 рет таңертен және кешке)

з) Карточкамен жұмыс

Мұғалім: Балалар мен қазір сендерге карточкалар таратып беремін.Бір партаға бір карточка.Жанындағы көршінмен бірге істейтін жұптық жұмыс.

қазақша

орысша

in English

сабын


soap

тарақ

расческа



зубная щетка

Toothbrush

тазалық




гигиена


III.Қорытынды:

Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Гигиена адам өмірі үшін өте маңызды.Тазалық-деңсаулық кепілі деп бекер айтпаған, таза жүріп гигиена сақтайтын адам әрқашанда сау болады .

Балалар смайлик арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсетеді.



Әдіскер:

Мұғалім:

Баға:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!