жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты: Халқын сүйген - салтын сүйер
Ш
ҚО
Абай ауданы
Құндызды ауылы
Ш.Абенов атындағы орта мектеп
Ахметова Ақмарал Жұмахунқызы.
Тақырыбы: «Халқын сүйген – салтын сүйер»
Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың салт-дәстүрлерімен таныстырып, өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын құрметтей білуге тәрбиелеу. Ойлауын, шапшаңдығын дамыту, жағдайдан шыға білуге үйрету. Салт-дәстүр жайлы білімдерін жоғарылату, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қоржын, асықтар, ребус, сөзжұмбақ, сайыс шарттары, халқымыздың тұрмысын бейнелейтін суреттер мен заттар.
Түрі: Сайыс
Жо с п а р ы:
І. Ұйымдастыру
А) Кіріспе әңгіме
Ә) Билер сайлау
Б) Сайыс шарттарын түсіндіру
ІІ. Топтардың өз аттарын таныстыруы, эмблемасын қорғауы
ІІІ. «Сиқырлы қоржын»
IV. «Мен саған, сен маған»
V. «Кім жылдам?»
VI. Үй тапсырмасы
VII. «Кім көп біледі?»
VIII. «Кім тапқыр?»
IX. Қорытынды.
Алдын-ала жұмыс:
Сайысқа кіретін материалдар төңірегінде біраз түсінік беру, ескерту, мағлұмат беру, үйде қарастырып келуге дайындау. Сайыс шарттарын оқушыларға түсіндіру, қажетті жабдықтар әзірлеу, әр топқа үй тапсырмасын беру, «Мен саған, сен маған» бөліміне сұрақтар әзірлеуге, салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтел оқуға кеңес беру.
Барысы:
І. – а) Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз «Халқын сүйген – салтын сүйер» деген тақырыпта сайыс түрінде өтпекші. Бұл сайыстағы негізгі тапсырмалар халқымыздың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына байланысты болады.
Қай заманда да болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болады. Біз өнеге тұтар ата-бабаларымыздың баға жетпес бай мұрасы, рухани байлықтары ол салт-дәстүрлеріміз, әдет-ғұрыптарымыз. Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүрлерімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен мақтана аламыз. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеу біздің міндетіміз. Міне, осы мақсатта асыл қазынамыз ата-баба дәстүріне, мұрасына шолу жасасақ.
ә) Қазақ халқында, ел арасында болған дау-шарларды, тартыстарды шешіп, әділдіктерімен аты шыққан билер болған. Олар Ұлы жүздің – Төле биі, Орта жүздің – Қазыбек биі және кіші жүздің – Әйтеке биі. Енді бүгінгі сайысымызды әділ бағалап, төрелігін айтатын билерімізді сайлап алсақ.
1.
2.
3.
Төбе би:
-
Билерімізден сайыскерлердің өнері мен жауаптарын 5 – 10 ұпай аралығында бағалауы сұралады.
б) – Енді сіздерді сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
ІІ. – Бірінші сайысымыз топтардың өздерін таныстыруы, эмблемаларын қорғауы.
Ортаға «Домбыра» тобын шақырамыз.
Ортаға «Тұлпар» тобын шақырамыз.
(топтардың ұпай санын сұрау)
ІІІ. – Ендігі сайысымыз «Сиқырлы қоржын» деп аталады. Бұл сайыста әр топтан бір-бірлеп келіп қоржыннан асық алып, асық нөміріне сәйкес сұраққа жауап беру керек.
Сұрақтар:
-
Жеті атаны ата.
-
Ораза айында айтылатын өлең қалай аталады?
-
Қазақта үйдің төрінде кім отырады?
-
Киіз үйдің жабдықтарын ата.
-
Халық ойыны «Ақсүйек» тәуліктің қай мезгілінде ойналады?
-
Түйе сүтінен жасалатын сусынның аты.
-
Киіз үйдегі киім ілетін бұтақты қалай атайды?
-
Бие сүтінен жасалатын сусынның аты.
-
Қазақта жұмыс істеуге көмекке шақыруды қалай атайды?
-
Қазақта той ағасын қалай атайды?
(топтардың ұпай санын сұрау)
-
Топтар сұрақтарға жақсы жауап берді, енді келесі сайысымызға көшейік.
IV. – Бұл сайыс «Мен саған, сен маған» деп аталады. Бұл сайысқа тек ата-аналар қатысады. «Тұлпар» тобының ата-анасы қарсы топтан өзі қалаған адамға сұрағын қояды. Ол сұраққа тек сол адам жауап береді. Егер жауап дұрыс болса ұпай қосылады, қате болса ұпай қосылмайды да өзі дайындаған сұрағын сол адамға қояды. Сайысымызды бастайық.
(топтардың ұпай санын сұрау)
V. – «Кім жылдам?» сайысына да жеттік. Бұл сайыста тек балалар бақ сынасады. Мына ілінген суретті жұмбақты қай топ бұрын шешер екен.
(Жасырын сөз «Ағадан – ақыл, атадан – нақыл »)
Бұл сайыста « » тобы жеңіске жетті.
VI. – Келесі сайысымыз үй тапсырмасына байланысты. Әр топқа алдын-ала тапсырма берілген болатын, енді сол тапсырмалар бойынша көріністерін көрсетсе.
Ортаға «Домбыра» тобын шақырамыз. (үй тапсырмасы: «Бесікке салу»)
Ортаға «Тұлпар» тобын шақырамыз. (үй тапсырмасы: «Тұсау кесу»)
(топтардың ұпай санын сұрау)
VII. – Келесі сайысымыз «Кім көп біледі?» деп аталады. Бұл сайыста тағы да тек балаларымыз ғана өз білімдерін сарапқа салады. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады, сол сұрақтарға 1 минут ішінде жауап берулері керек. Егер сұраққа жауап болмаса «келесі» деп айтып отырасыңдар. Жауап жоқ сұрақтардың жауабын мен айтып отырамын. Сайыс шарты түсінікті ме? «Тұлпар» тобы дайынсыңдар ма?
-
Билерімізден әр дұрыс жауапты 5 ұпай деп есептеу сұралады.
-
Келіннің бас киімі (сәукеле)
-
Мұсылман елдерінің жаңа жылы (наурыз)
-
Киіз үйдің төбесін қалай атайды? (шаңырақ)
-
Келін түскенде айтылатын өлең (беташар)
-
Ұлттық аспап (домбыра)
-
4-ші ата (немере )
-
Батырдың қорғаныс құралы (қалқан)
-
Бала дүниеге келгенде жасалатын той (шілдехана)
-
Бәйбішенің бас киімі (кимешек)
-
Имандылық орталығы (мешіт)
-
Жақсы. «Домбыра» тобы дайынсыңдар ма?
-
Тамақ салатын жайпақ ыдыс (табақ)
-
Теріден жасалатын аспап (дауылпаз)
-
Ер адамның қысқы бас киімі (тымақ)
-
Шашқа тағатын сәндік бұйым (шашбау)
-
Батырдың бас киімі (дулыға)
-
Киіз үйдің қабырғасын қалай атайды? (кереге)
-
Қазақтың екінші қаруы (домбыра)
-
Ер тоқымды ұстап тұратын не? (айыл)
-
Үрлеп тартатын ұлттық аспап (сыбызғы)
-
«Ауыз бекіту» қай айда болады? (ораза)
(топтардың ұпай санын сұрау)
VIII. – Соңғы сайысымыз «Кім тапқыр?» сайысымызға да келіп жеттік. Бұл сайыста сөзжұмбақ шешеміз. Кез келген тор көзді таңдауға рұқсат беріледі, ойлануға 30 секунд береміз. Сол уақытта жауабын айту керек. Егер айта алмаса кезек келесі топқа көшеді. Сөзжұмбақты шеше отырып, тапқан сөздердің басқы әріптерінен қазақтың салт-дәстүріндегі бір тойдың атын құрап шығуларың керек. Ең соңғы торкөзді шешкен топ 30 секунд ойланып, сөзді табуы керек. Таба алмаса қарсы топ айтады.
Қай топ бастайтынын асық иіру арқылы анықтайық. Бұл сайысқа ата-аналар да, балалар да қатысады.
Сұрақтар:
-
Сүтке мәйек салып пысыратын тағам.
-
Шашқа тағатын сәндік бұйым.
-
Қазақтың ас жаулығы.
-
Қазақтың ұлы ханы .
-
Ешкі төлі.
-
Малға салатын таңба.
-
«Бес тас» ойынына қажетті құрал.
-
Бір өркешті түйе.
-
Ең жоғарғы деңгейдегі ел билейтін адам.

(Жасырын сөз «Шілдехана»)
IX. – Сонымен, сайысымызда өз мәресіне келіп жетті. Бүгінгі тәрбие сағатында ата-бабамыз қалдырған мол мұра, салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрыптарымызға шолу жасап, өз білгендерімізді ортаға салдық. Болашақта салт-дәстүрлерімізді ұмытпай, көзіміздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, одан әрі мәнді, одан әрі сәнді ету біздің бабалар алдындағы борышымыз дегім келеді.
-
Енді билерімізге сөз берсек.
-
Біз де жеңімпаздарды құттықтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген