Тәрбие сағаты. Имандылық жарасады ұл-қызға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты. Имандылық жарасады ұл-қызға

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатымыздың тақырыбы:  «Имандылық жарасады ұл-қызға»

Мақсаты:  Оқушылардың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы түсінік беру. Оқушыларды инабаттылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Үйымдастыру кезеңі:

 - Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген  Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға

 Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,                                  

Елінің соры болады- деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнаймыз

(кішіпейілділік,мейірімділік, қайырымдылық, жомарттық, ақкөңілдік, кеңпейілділік, адалдық, шыншылдық, сенімділік, сауапшылық, әділдік, ізеттілік, инабаттылық)

     Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған.

 Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі.

 Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған».

«Ой қозғау» . Ұлдарға сұрақ:

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?  ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?   ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз балаға да, солай кішкентай  кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

3. Қызға қандай қылық жараспайды?  

(ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)

4. Қыздарға арнап мақал айт

( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас,  қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)

Қыздарға сұрақ:

Ұлдарға қандай қылық жараспайды?

( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні  сыйламайтыны)

2. Ұлдарға арнап мақал айт. Атадан жақсы ұл туса,

                                                     Қар үстінде от жанар, 

                                                     Атадан жаман ұл туса,

                                                     Ат үстінде ит қабар

 Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді, жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)

3. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

(Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет 

 етуі тиіс. Ол  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп  ойлаймын)

4. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

Қорытынды

Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан не түйдік?

Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сендер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулерің керек. Өмір сендерден осыны талап етеді.

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп  Абай атамыз айтқандай, Сендерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да  инабатты ұл –қызы болып өсіңдер деп тілек айтамын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2020
2012
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі