Материалдар / тәрбие сағаты: "интернеттің пайдасы мен зияны"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

тәрбие сағаты: "интернеттің пайдасы мен зияны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Интернеттің пайдасы мен зияны"5 сынып Оқушыларға интернетті тым ұзақ пайдалану зиян екендігі түсіндірілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2022
389
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы:6-7

Уақыты:22.12.2021ж Тәрбиеші: Ахметова Алмагул

Сынып тақырыбы:

«Ғаламтордың пайдасы мен зияны»

Ашық сабақтың мақсаты:

Бүкіләлемдік өрмек – ғаламторға байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу.


Ашық сабақтың міндеті:

-Ғаламторға байланысты оқушылардың цифрлық білімдерін нығайту

-Оқушылардың ғаламтор туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

-Оқушыларды ғаламтордың пайдасы мен зияның ажырата білуге тәрбиелеу


Бағалау критерилері:

  • Мәтіннің мазмұнын меңгереді;

  • Негізгі ақпараттар бойынша сызба жасайды;

Дебат құрады, пікірлерін білдіреді

Ашық сабақтың түрі:

Топтық,жұптық

Игерілетін дағды:

Оқылым,айтылым

Ресурстар:

Мультимедиялық құрылғы,плакаттар,А4 парағы,суреттер

Функционалдық сауаттылық:

оқу, жазу сауаттылық;

математикалық сауаттылық;

компьютерлік сауаттылық;

Жүру барысын алдын-ала үлестіру:

Тәрбиеші сынып оқушыларын бір –бірін көретіндей етіп,дөңгелете отырғызады.

Әдіс –тәсілдері:

Миға шабуыл, видиоролик, постер қорғау, сұрақ-жауап, жасырын қағаз, қызықты ақпарат.

Алғашқы кезең:

Психологиялық дайындық

Күн жылуын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым

күндеріңіз сәтті өтсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:

«Ғаламтордың пайдасы мен зияны».

Мақсаты: Оқушыларға ғаламтордың пайдасы мен зияның туралы ақпарат беріп оны түсіндіру және оны уақытымен қолдану.

Жайғасып отырсаңыздар, енді тәрбие сағатымызда әрі қарай жалғастырайық.Оқушылар тақтаға назар аударыңыздар «ғаламтор» сөзін естігенде қандай сөздер ойларыңызға келеді? Тақтаға шығып бір-бірден жазып шыға қойыңыздар.

Енді осы ғаламтордың шығу тарихын білесіңдер ме? Білмесек, онда мұқият тыңдап ұғып алайық, оқушылар.

Видеоролик көрсету: Ғаламтордың пайдасы мен зияны тақырыбына.

Оқушыларды топқа бөлу.

-«Бір-бірімізге күлкі сыйлайық»тренинг

(күн , алақан, жүрекше, смайл) көрсетілген суреттерге қарап бір-бірімізбен амандасайық.

-Жүрекшелер шыққан сәтте – бір-бірінізбен құшақтасып амандасасыздар.

Алақан шыққан сәтте – бір-бірінізбен қол ұстасып амандасасыздар.

Күннің бейнесі көрінсе -бәріміз қолдарыңызды жоғары көтереміз.

Смаиликтер шыққанда – бір-бірімізге жымиямыз .





Ортаңғы кезең

Тапсырмалар легі:

1. тапсырма

Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ-жауап:

- Ғаламтор желісінде күніне қанша сағат отырасың? Қандай желілерде отырасың?

- ғаламтордан нені қарайсың, не жөнінде ізденесің?

-қандай сайттарға кіресің?

Ғаламторсыз бір күніңізді қалай елестесіз?

Ғаламтордың оқушыға тигізер пайдасы?

Ғаламторда ұзақ отыру қандай ауруларға алып келуі мүмкін?

-«Ойлан тап» ойыны

(Оқушылар конверттерді таңдап алып ішіндегі әлеуметтік желілерді сипаттап жазылған сөздер арқылы қай желі екенін табады)

-Сіз ол желіде статус саласыз,адамдармен сөйлесе аласыз,өз контактындағы адамдармен ортақ чат аша аласыз бұл қай желі ?(What's App)

-Сіз бұдан видео ,фото көре аласыз,пікір жазып,лайк баса аласыз,жарнама жасауға болады бұл қай желі?(Instagram)

-Сіз бұл желімен кино көре аласыз,пікір жаза аласыз бұл қай желі?(You Tube)

-Сіз бұл желіден мәліметтер іздей аласыз,ол жерден электрондық оқулықтар табуға болады (Google )

-Қазіргі таңда өте белсенді желі ,бұл желіден қызық видиоларды көре аласыз(Tık Tok)

- Бұл сайттың көмегімен алем жаңалықтарын білуге не жаңалықтармен бөлісуге болады. Оның көмегімен тіпті өзге елдегі жаңалықтың бəрін дерлік білесің.(Facebook)

-Бұл желіден сіз қызық ақпараттар оқи аласыз ,музыка тыңдай аласыз және достар табуға болады (Vkontakte)

    «Алтын қағида»  ережесі
«сен есіңе сақтап ал»

  • қауіпсіз ережелерді ескеруді,

  • әр 20 – 25 мин. көзге жаттығу жасауды;

  • көзбен компьютердің арасы 60 – 70 см болуын;

  • Компьютер алдына кактус гүлін қоюды;

  • Ғаламторға тәуелді болмауды;

  • Жат киноларға көңіл бөлмеуді


«Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық – деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.


Соңы(бекіту)

Екі топ сабақ барысында алған білімдерін постер құрау арқылы көрсетеді.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!