Тәрбие сағаты "Жайнай берсін, бас қалам – Астанам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Жайнай берсін, бас қалам – Астанам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жайнай берсін , бас қалам – Астанам

(сурет салып көрме ұйымдастыру)

Мақсаты: балалардың Елорда Астана жайлы білімдерін, қоршаған ортаны тани білу дағдыларын кеңейту; балалардың тіл байлығын, сөйлеу қаблетін, логикалық ойлау қаблеттерін қалыптастыру; өз туған еліне, туған жеріне, Астана қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Астана туралы суреттер.

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу

Сәлем саған, алтын күн!

Сәлем саған, туған жер!

Сәлем саған, достарым!

Сәлем саған, қонақтарым!

  • Балалар, бүгін біз сендермен мозайка құрастырамыз. Бұл мозайканың 6 бөлігі бар. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы осы бөліктерді құрастырып, суретін табуымыз қажет.

Барысы:

Шаттық шеңбері

Жайлауымдай жазықпын,

Өзенімдей өршілмін,

Гүлдеріңдей нәзікпін.

Қуат алған өзіңнен

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін.

-Балалар, Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

- Отан - туған жерім, туған елім, отбасым, халқым.

- Өзін кімсің?

- Қазақпын.

- Қайда тудың?

- Отанынды білесің бе?

- Сендер қай елдің азаматысыңдар?

- Өте жақсы. Олай болса тақтаға қараңдар.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жайнай берсін, бас қалам - Астанам» деп аталады.

Астана қандай қала?

  1. Астана – өте әсем қала. Астана қаласында үлкен ғимараттар орналасқан.

  2. Астана – әлемдегі ең жас қала.

  3. Астана - бейбітшілік пен Келісім ордасы.

  4. Астана - Қазақстан Республикасының Елордасы, бас қаласы.

  5. Астанада «Байтерек», Ақорда, «Ханшатыр», Бейбітшілік пен Келісім сарайы т.б. ғимараттар бар.

Қазақстан мемлекеті осы уақытқа дейін 4 рет астанасын ауыстырған: Орынбор – Қызылорда – Алматы – Астана. Бүгінде жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісне айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Біз Астанамыз арқылы мақтанамыз. Астана қаласында тұрған үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, денсаулық нысандары, мектеп пен балабақшалар, спорт сарайлары, саябақтар ел игілігіне жарауда.

Астанадағы «Ханшатыр» Елбасының идеясы бойынша жасаған. Кешеннің төбесінде үлкен антенна бар. Оның ішінде сауда орталықтары, ойын – сауық орталықтар, демалуға арналған жерлер бар.

«Нұр Астана» мешіті – Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешіті. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады. Бұл қалада бәрі үйлесімді, бір – біріне ұқсамайтын қала үйлері мен сарайлары, зәулім құрылыстар, бәрі қалаға көрік беріп тұрады.

  • Астана туралы қанаадай тақпақ білесіңдер?

  1. оқушы:

Астанамыз – ән қаласы,

Айналасы дән қаласы.

Көк туын көкке көтерген

Отанымның панасы.

  1. оқушы:

Ел ордасы – Астанам,

Саған айтам асқақ ән.

Әрқашанда қазақ боп

Туғаныма мақтанам.

  1. оқушы:

Ел жүрегі – Астана,

Жаңа қала, жас қала.

Зәулім сәнді үйлері

Үлгі болған басқаға.

  1. оқушы:

Заман жаңа , ел жаңа,

Күлімдейді кең дала.

Өз Астана – өз ордам,

Сүйсінерім сен ғана.

  1. оқушы:

Асқақтай бер , Астана,

Берекеге бастаған.

Болашақтын есігін

Өз қолымен аш маған.

  1. оқушы:

Отанымның төрінде ,

Сарарқаның өрінде

Ту ұстаған – Астанам,

Әсем қалам, бас қалам.

  1. оқушы:

Астана – арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрды ол жап- жасыл боп

Мен үлкен болғанда да.

  1. оқушы:

Бабалардың көзіндей,

Даналардың сөзіндей,

Ұлы дала тұрғызды

Ұлы қала өзіндей.

«Күннің шуағы» ойыны

Сендер Астана қаласына қандай тілек айтасыңдар?

  1. Астана гүлдей берсін.

  2. Астана асқақтай берсін.

  3. Астана көркейе берсін.

  4. Астана үлкейе берсін.

  5. Астана жайнай берсін

  6. Астанада әдемі жерлер көбейе берсін.

  7. Астанада күн әрдайым жарқырап тұрсын.

  8. Астанада ұлы астана болсын.

  9. Астана шарықтай берсін.

  10. Астана әлемді таңғалдыра берсін.

Хормен: Жасай бер, жаса ару Астана!

Біз мозайкана құрастырып болдық. Ненің суреті шықты ?

Астана қаласының төбесінен қарап тарайтын биік мұнара. Ол ешқайсына ұқсамайтынескерткіш. «Бәйтерек» - біздің Астанамыздың жүрегі. Онда Елбасының қол таңбасы бар.

Қорытынды.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
731
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі