|
Тәрбиеші:Балалар, біз бүгін сендермен
ерекше ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізбекшіміз.Өйткені
бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қане жан-жағымызға қарайықшы,
қандай әдемі бұйымдар, бөлме іші түрлі қазақи нақыштағы оюлармен
өрнектелген екен.
(Интерактивті
тақта арқылы ТРИЗ технологиясының «миға шабуыл» әдісімен сұрақтар
қою)
- Балалар, қазір
жылдың қай мезгілі? - Иә, дұрыс айтасыңдар, қазір жылдың көктем
мезгілі. – Көктем мезгілінде күн суық әлде жылыма? - Иә, дұрыс
айтасыңдар көктем мезгілінде күн жылы болады екен. - Көктем
мезгілінің айналадағы қарлар қайда кетеді? - Иә, дұрыс айтасыңдар
көктем мезгілінде қарлардың барлығы еріп кетеді. - Көктем
мезгілінде тағы қандай өзгерістер болады? - Иә, дұрыс айтасыңдар
көктем мезгілінде құстар жылы жақтан ұшып келеді, ағаштар бүршік
атады, адамдар егістіктеріне дәнді дақылдарды
егеді.
(М.Монтессори
технологиясының әдісі
қолданылады.
М.Монтессори
технологиясы шарты бойынша үш кезеңмен
ұйымдастырылады.)
«Сиқырлы
ыдыстар»
Ойынның
шарты: Ыдыс
ішіндегі ойыншықтардың қатты,
жұмсақ екенін түсіне отыра ажыратып, өз орнына
қою.
(Бала ұсақ қол
моторикасын жаттықтыру арқылы ойыншықтарды таңдап
алады.)
- Ойын шартын
түсіндіріп, көрсетіп беремін. - Балалар өз бетімен жұмыс жасайды. -
Ойын шартының дұрыс орындалғандығын
тексеремін.
(Интерактивті
тақта арқылы ТРИЗ технологиясының «миға шабуыл» әдісімен сұрақтар
қою.)
- Балалар
интерактивті тақтадан не көріп
тұрсыңдар?
- Иә, ол
оюлар.
- Оюлар аз ба, көп
пе?
- Біреу емес көп
екен. - Әрбір оюдың түсі де
әртүрлі.
1.Бірінші оюымыздың
түсі жасыл екен. Бәріміз бірге ж а с ы
л сөзін айтып
көрейік.
Жасыл түсті біз орыс
тілінде «зеленый» деп
айтамыз.
2.Екінші оюымыздың
түсі сары екен. Бәріміз бірге с а р
ы сөзін айтып
көрейік.
Сары түсті біз орыс
тілінде «желтый» деп
айтамыз.
3.Үшінші оюымыздың
түсі көк екен. Бәріміз бірге к ө
к сөзін айтып
көрейік.
Көк түсті біз орыс
тілінде «синий» деп айтамыз.
4.Төртінші оюымыздың
түсі қызыл екен. Бәріміз бірге қ ы з ы
л сөзін айтып
көрейік.
Қызыл түсті біз орыс
тілінде «красный» деп
айтамыз.
(Есік
қағылады)
Тәрбиеші: Балалар,бізге қонақ келген
сияқты.
( есіктен
кіреді)
Тәрбиеші: А-а, бұл біздің Назерке
апайымыз екен ғой. Қош келдіңіз,
Назерке.
Назерке: Салеметсіңдер ме, балалар! Мен
сендерге қонаққа келдім. Келіп қалған екенмін, қанекей
бәріміз «ханталапай» ойын
ойнайық.
Ойын шарты:
Қызыл асықтарды шапшаң
жинау.
Назерке: «Талапай-ау, талапай табылды
ойын алақай»
«Өз түсін
тап».
(М.Монтессори
технологиясының және инновациялық
асық технологиясының
«түстерді ажырату» әдісі қолданылады)
Ойынның
шарты: Балалар Назерке апайымыз бізге
түрлі түсті асықтар алып келіпті. Осы әр түрлі асықтарды
қорапшаларға түстеріне сәйкес жинау
керек.
(М.Монтессори
технологиясы шарты бойынша үш кезеңмен
ұйымдастырылады.)
- Ойын шартын
түсіндіріп,көрсетіп беремін. - Балалар өз бетімен жұмыс жасайды. -
Ойын шартының дұрыс орындалғандығын
тексеремін.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балапандарым, өте
тамаша ойнадыңдар. Ендеше орнымызға
отырайық.
Назерке: Балалар барлықтарың жақсы
ойнадыңдар, ал жақсы ойынға, жақсы сый. Сендерге арнаған сыйлығым
бар, Ол мына сиқырлы сандықшамның ішінде. «Сиқырлы сандықшам
ашылсын, ішінен шашу шашылсын» (Сиқырлы
музыка)
Ал, рұқсат
етсеңіздер мен қайтайын. Сау болыңдар,
балалар.
Тәрбиеші: Назерке апайымыз бізге қандай
әдемі оюланған орамалдарды сыйға тартты. Қане кімнің орамалында
қандай түсті ою бар екен?
|