400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Жаман әдеттен аулақ болайық! 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға темекі , ішімдік, есірткінің зиянын, осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу. Қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абдрахманова Куралай Алифовна ағылшын тілі пәні мұғалімі,

10 сыныпқа сынып жетекші

Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Жаман әдеттерден аулақ болайық!» 10 сынып

ШҚО. Аягөз қаласы Қалалық қазақ мектеп – лицейі КММ

Тақырыбы: «Жаман әдеттерден аулақ болайық!»

Мақсаты:

Оқушыларға темекі , ішімдік, есірткінің зиянын, осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу. Қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

- темекі, ішімдік, есірткі туралы білім алады.

- ынтымақтастық атмосферасы орнайды.

Көрнекілігі : интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаз, маркер, кеспе қағаздары,

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

Қызығушылықты ояту
Мұғалім сөзі: Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың барлық Қазақстандарға жолдаған «Қазақстан – 2050 » стратегиялық бағдарламасында «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» деп атап көрсеткен. Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін «Жаман әдеттерден аулақ болайық!» атты тәрбие сағатымызда ой бөліспекшіміз.Олай болса, сабағымызды бастайық. Оқушыларға темекі, шприц, арақ суреттерінің кеспе қағаздары берілді. 1. Темекі суретің жинақтаған –«Шылымқор»

2. Арақ суретің жинақтаған - «Ішімдік»

3. Есірткі суретің жинақтаған – «Нашақорлық» болып сынып үш топқа бөлінеді.

Мағынаны тану

«Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың»

«Болар бала кісілікке үйір,тозар бала ішімдікке үйір» «Есірткіге жолама,жетелейді молаға» -деген ұрандармен , 1-топқа: Темекінің зияны, 2-топқа : Арақ, 3-топқа :«Есірткі адамзаттың соры» деген тақырыптар берілді. Әр топ өзіне берілген тақырыпты ашып, флипчарт құрады, қорғайды.

Топтасып жұмыс істейді, әр оқушы өз ойларын қосады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір немесе барлық оқушы көрсетеді.



Ой толғаныс

PISA тапсырмасын орындайды. (темекі шегу сұрақтарға жауап беру ). Интерактивті тақтада шыққан дұрыс жауаптары бойынша бір- бірімен алмасып, тексереді

1-топ

Темекі түтіні өкпеге тыныс алу арқылы сіңірледі. Түтін смоласы өкпеге жиналып оның дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді.

Төменде берілгеннің қайсысы өкпенің қызметі болып табылады?

А. Оттегімен қаныққан қанды сіздің бойыңызға таратады.

Б. Сіз демалған кезде қаныңызды ауамен қамтамасыз етеді.

В. Қанды көмірқышқыл газынан тазартады.

Г. Көмірқышқыл газ молекулаларын оттегіге айналдырады.

2-топ

Темекі шегу өкпенің ісік ауруына және басқа да ауруларға шалдығу қауіпін жоғарылатады.

Темекі шегу төмендегі аурулардың қайсысының пайда болуына қауіпі бар?

Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

Темеке шеккен кезде келесі аурулардың қайсысының пайда болу қаупі жоғарлайды?

«Иә» немесе «Жоқ»

Бронхит

Иә/жоқ

ВИЧ-инфекциясы немесе ЖҚТБ

Иә/жоқ

Шешек ауруы (оспа)

Иә/жоқ

3-топ

Темекі шегуді тастату үшін адамға көптеген ықпал ету жолдары бар. Техника және технология саласының жетістіктері темекі шегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады?

Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

Темекі бағасының жоғарлауы

«Иә» немесе «Жоқ»

Никотин тәуелділігінен арылғысы келетін адамдарға көмек ретінде никотин жапсырмаларын өндіру

Иә/жоқ

Әлеуметтік жерлерде темекі шегуге тыйым салу.

Иә/жоқ

Оқушылар зиянды әдеттен аулақ болу үшін өздері қандай үлес қосатыны туралы рефлексия жазады.

Қорытынды.

Жарайсыңдар ! Мен сендерге сенемін! Кей адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін , ренжігенін басу үшін шылым шегіп , ішімдік ішеді. Ал оның адам өміріне соншалықты зиянды екендігін өздерің де атап өттіңдер. « Арақ – арыңа нұсқан , темекі – тегіңе нұқсан », зиянды әдеттерден аулақ болыңдар! – деп кешімізді аяқтай келе қатысып отырған қонақтарымызға сөз береміз.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
4230
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі