400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты. Жаңа жыл 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мектеп директоры: К.С. Мухаметжанова






Тақырыбы:



«Қош келдің, Жаңа жыл! »





1 « Ә » сынып





2018-2019 ж




«Қош келдің, Жаңа жыл! »  атты кеш.

Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Қатысушылар: 2 жүргізуші, Аяз Ата, ақшақар, жалмауыз кемпір, клоун, бастауыш сынып оқушылары, жаңа тышқан жылы, ескі доңыз жылы.

Сценарий барысы: музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: 

Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар,

Басталады Жаңа жылдық карнавал.

Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

Шарша жанында қонақтарды қарсы алындар.


жүргізуші:

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал!

Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, оқушылар екі-екіден залға кіреді) .Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті 
ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде сүйікті ертегілеріміздердің кейіпкерлері, джунглидің барлық аңдары да жетіпті.

-Ал бүгін балалар қандай мереке?

- Жаңа жыл!!

Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша» жырын айтайық.

Хоровод Шырша әні

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не? -Шырша!

Жүргізуші:

Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған доңыз жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың? –

Ескі жыл: Ескі жыл жылап келеді.

-Мені барлықтарың тастап кетіңдер , жалғыз қалдым , мен сендермен қоштасқым келмейді.

Жүргізуші: Жылама ескі жыл , сен біздің ортамызда қала бер. Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
-Балалар енді кіретін жылымыз , қандай жыл?

-Тышқан жылы .

-Ендеше жаңа жылды бәріміз хормен шақырайық!

Тышқан жылы: Сәлеметсіңдер ме , балалар!

Балалар: Қош келдің!
Мен ескі жылмын сіздерге молшылық ,бақыт әкелдім.Бір жыл бойы мен сендермен дос боламын.

Хор : Орманды шырша туыпты

Жүргізуші:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді Аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер. (Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?)

Балалар: Аязата, Ақшақар.

Жүргізуші: Кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да аяз ата мен ақшақар келеді.)

Аяз ата:

Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, балаларыма бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.

Жүргізуші: 

Аяз Ата шаршап келіпті,сәл тынығып алсын.Аяз ата балалардың өнерін тамашалаңыз! Қыздарының орындауындағы биі тамашалаңыз!

Жүргізуші:
Сыңғырлашы сырнайым,
Жаңа жылды жырлайын.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.
Ақша қар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен доңыз жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Тышқан жылына табысты жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.

Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп. Ал кім бізге жаңа жылға арналған тақпақтар айтып берер екен?

Айбике

Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың!
Аслан
Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.

Нүрия
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.

Дастан
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді!
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
Айкерім
Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын!
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Ерасыл
Аяз - Ата келе ме,
Бізге сыйлық бере ме?

Әрине, ата келеді.
Бізге көп сыйлық береді.
Аяз ата мен ақшақар тақпақ айтқан балаларға сыйлықтар береді.
Ақшақар:

-Балалар кім менің биімді , қатесіз қайталаса мен соған сыйлық беремін

Би: Утята

Ақшақар : Қыздар өте жақсы билейді екені ,өрендерің өссің !Аяз ата балалар тағы да тақпақ дайындап келіпті , сол тақпақтарын тыңдайық.
Шынар :

Жаңа жыл, жаңа жыл.
Төгілсін жаңа нұр

Сыйлығын сүйретіп ,

Келді міне , жаңа жыл!

Фураддин:

Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Әсет :

Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
Жанерке

Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен

Диас Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.

Жасмин Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Сабыр
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Жанель Бізді байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таң ғажайып қыс болды.
Нұрасыл

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!
Ләйлә Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Қызыл ала шапаны,,
Сағындым Аязатаны.
Сабина Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып - жалтар боп жатады.

Нұрсұлтан

Жаңа жыл келді , еліме

Жаңа жыл келді ,жеріме

Көкейімде сайрап арман,

Бізді тосады бақытқа.
Ақшақар : Аяз ата енді ұлдардың тамаша биін тамашалайық , олар да құр алақан емес екен!

Би : дискотек 90

Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Аяз ата: Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.
Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
(Аяз ата, ақша қар кетеді. )
1 Жүргізуші: Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар!бірлесіп,достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық,бірлік бәрінде де жеңеді.Аспанымызды бұлт торламасын,аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
2 Жүргізуші: Ата-аналар, қонақтар!Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Келе жатқан Жаңа- жылдарыңыз құтты болсын!
1 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға жаңа нұр,жаңа шуақ, бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп,мешіндей көңілді болайық.Жылы жүздеріңізден нұр кетпесін
2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын!Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын. Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!

Жаңа жыл құтты болсын !



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
5288
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі