Тәрбие сағаты. Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты. Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне, тәрбие сағатын қалай өтуге болатынын жас мамандарға көмек, тәрбиелік мәніне көңіл бөлгізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің, Жаңа жыл!

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесімен құттықтау, жыл мезгілдері туралы білімдерін жетілдіру, жұмбақ жасыру, өлеңдер оқу арқылы балалардың ой- өрісін дамыту.

Көрнекілігі:Жаңа жыл суреттері, жасыл шыршамен безендіру, шарлар, плакаттар, жылтырақтар, ойыншықтар.

Барысы: I. Кіріспе. Көңілді музыка әуені баяу естіледі. Залға жүргізуші шығады.

Жүргізуші:

-Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерді осы Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, Жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз.

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
1 «А» сыныбында
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)


- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі ? ( Қыс )

-Біз бүгін осы қыс мезгілінде қандай мерекені тойлағалы отырмыз ?

( Жаңа жыл )

-Бізге Жаңа жыл мерекесінде сыйлық беретін кім жетпей жатыр ?

( Аяз ата )

-Балалар кәне Аяз атаны ортаға шақырайықшы ?

Оқушылар:-( хормен) Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата келіңіз.

Мыстан кемпір:

-Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын Аяз ата мен айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі.

Жүргізуші:

-Мыстан апа, сіз неге олай жасадыңыз. Біз бұл Жаңа жылды асыға күтіп жүр едік. Сізбәрінің берекесін кетірдіңіз ғой. Екеуіміз бір шешімге келейік. Біз сізгежұмбақ жасырамыз. Сізосы жұмбақтың шешуін тапсаңыз сиқырлы таяқ өзіңізде қалады, ал шеше алмасаңыз сиқырлы таяқты бізге бересіз.

Жұмбақтар

-Қыстағана болады

Ұстасаң қолың тоңады. ( Қар )



-Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. ( Қырау )



-Тікен, тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсте. ( Шырша )



- Суда қалқиды

Жылыда балқиды. ( Мұз )

- Зулап түсті төменге

Менсіз шықпас төбеге. ( Шана )

Жүргізуші:

-Көрдің бе, Мыстан апабіздің балалар жұмбақты қалай шешетінін. Енді сиқырлы таяқты бізге беріңіз, балаларымыздың өнерін тамашалап қызыққа батыңыз.

-Балалар сиқырлы таяқты қолымызға алдық кәне Аяз атаны ортаға шақырайықшы ?

Оқушылар:-( хормен) Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата келіңіз.

Аяз ата: -( Аяз ата,Ақшақармен кіріп келеді )

- Құтты болсын, балалар!
Келген Жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз, ұлдарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да,
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші:

-Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға,

Дейді енді жұрт оған

Қуант бізді, таңырқат,

Ақшақар.

Шамдарыңды жарқырат !

( Ақшақаршамын сыйқырлы таяқшасымен жағады.)

-( Балалар шапалақпен қуанады )

Аяз ата:

-Ал енді сендердің осы шырша мерекесіне арнаған ән, билерің бар ма ?



Оқушылар:- Бар, бар ( хормен)



Жүргізуші:

-Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.



Ән шашу: « Жаңа жыл»

-Балалар қол ұстасып Аяз ата мен Ақшақар шыршаны айнала жүріп,«Жаңа жыл » әнін орындаймыз.

Жүргізуші:

-Ал балалар енді Аяз ата сонау елдерді аралап шаршап келген екен. Аяз атаға орындық беріп отырғызайықшы. Біздің әндеріміз бен билерімізді отырып дем алып тыңдасын.



1) 1 «А» сыныбының тақпақтары.( 10 оқушыдан шығады)

2) 1 «А» сыныбының орындауында «Жұлдыздар » биі қыздар тобы.

3) 1 «А» сыныбыныңтақпақтары. ( 10 оқушыдан шығады)

4) Ойын: « Кім епшіл » шармен би. ( 5 ұл, 5 қыздан )

Жүргізуші:

-Ал балалар, балалар !

Ескі жылдай аға бар.

Оны ортаға алайық,

Қош айтысып қалайық.

Ескі жыл: ( Ит әуенмен жүгіріп кіреді )

-Қоштасамын бүгін мен,

Сіздерді қимас көңілмен.

Келер итжылында,

Жақсылығымыз көп болсын!

Ашық болсын аспаның,

Аман болсын жас-кәрің.

Оқушы: -Аяулы да құрметті 2018 жыл.Сіз бізге құтты жыл болдыңыз, сізге көп рахмет. Сау болыңыз, ескі жыл!

Ескі жыл:

-Менсендергесенемін, 12 жылдан соң қайтып келемін сау болыңдар!

Жүргізуші:

- Балалар, биылғы қарсы алатын жаңа жылымыз қандай жыл?

Балалар:-Доңыз жылы.



Жүргізуші:

-Алақай, алақай!

Жыл келеді шапқылап.

Қанекей, қарсы алайық,

Жаңа жылды жақсылап.



Жүргізуші:

-Балалар, қане ортаға доңызжылын шақырайық.

(Музыкамен доңыз жылы кіреді)



Жаңа жыл: ( Доңызжылы )

-Армысыңдархалайық,

Бармысыңдар халайық.

Жаңа жылда жұп жазбай,

Келіңіздер қарсы алайық.

Жақсылыққа бағытталған,

Доңызбын мен жаңа жыл.

Итжылының мерекесін,

Берекеге жалғаймын.

Елде, жерде, табиғатта,

Бейбіт жолды қолдаймын.



Жүргізуші:

- Қонысыңыз құтты болсын доңызжылы, мына Панфилов мектебіне ырысты жылболып.

-Ал балалар арғарай Жаңа жылымызды әнмен, биге жалғастырайық.

1) 1 «А» сыныбының тақпақтары. ( 11 оқушыдан шығады)

2) 1 «А» сыныбының орындауында «Аяз ата» биі ұлдар тобы.

3) Ойын: «Аққала салу » көзін байлап көрмей аққала салу. (6 оқушыдан )

4) 1 «А» сыныбының орындауында « Жаңа жыл! » әні (хормен).

Аяз ата:

- О, жарайсыңдар ! Қандай әдемі билейді, ән салады екенсіңдер. ( Келіңдер сыйлықтарыңды алыңдар )

1) 1 «А» сыныбының орындауында « Ұлпақарлар » биі қыздар тобы.

2) 1 «А» сыныбының орысша тақпақтары.

3) 1 «А» сыныбының орындауында « Ай-да, Ёлочка! » ( хормен)

4) Ойын: Кім жылдам «Қар бүршіктерін жинау »(5 оқушыдан )

Аяз ата:

- О, жарайсыңдар ! Қандай әдемі билейді екенсіңдер. ( Келіңдер сыйлықтарыңды алыңдар )

Аяз ата:

-Ал балаларым, жасыл шыршаны тамашалап, бірге ән салып, би биледік. Енді Ақшақар екеуімізді күтіп отырған басқа балалардың мерекесіне де барайық. Біз сендермен қоштасайық. Келесі Жаңа жылға дейін сау болыңдар !

Ақшақар: - Сау болыңдар !

Оқушылар: -Сау болыңыздар Аяз Ата, Ақшақар ! Рахмет сіздерге.

Жүргізуші:

-Жаңа Жыл, Жаңа Жыл,

Саған дайын ән – жырым.

Уақытты көңілді,

Жалғастырам өмірді.

2019 жыл- доңыз жылы елімізге құт – береке жыл болсын !

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.03.2019
6662
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі