400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты «Жақсы сөз – жарым ырыс» 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ, олардың бойларында ізгілік негіздерін дарыту, сабырлылыққа, парасаттылыққа, ақыл мен білімдарлыққа, шешендікке тәрбиелеу мақсатында алғыс, бата сөздер, мақалдарды пайдалана отырып, сөздің төркінін түсіну,әр сөзге мән бере қарап,орынды сөйлеуге, зеректікке үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: «Жақсы сөз – жарым ырыс»


Күні: 02.10.2017 ж.


Мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ, олардың бойларында ізгілік негіздерін дарыту, сабырлылыққа, парасаттылыққа, ақыл мен білімдарлыққа, шешендікке тәрбиелеу мақсатында алғыс, бата сөздер, мақалдарды пайдалана отырып, сөздің төркінін түсіну,әр сөзге мән бере қарап,орынды сөйлеуге, зеректікке үйрету.


Сабақтың дәйексөзі: «Сәулең болса кеудеңде, жақсы сөзге құлақ сал» (Абай)


Екі топқа бөлінеді: бірінші топ – Айым, екінші топ – Күнім.
Ай мен күн суреттері толық емес, ай жарты болса, күн шуақсыз (тақтада ілінді.)
Әр тапсырма сайын олар толықтырылып отырады.


- Жақсылық әр адамның айтқан жақсы сөзінен басталады. Сондықтан әр уақытта жамандықтан аулақ жүріп, жақсылыққа ұмтылғанға не жетсін!
Жақсы сөзді үйренгің келсе, мақалдан бастаймыз.


1-топ.
1.Жақсы байқап сөйлейді..
2 .Жақсының сөзі назалы...
3.Жақсы сөйлеген ас жер...
4. Жақсы сөз жұбатады...


2-топ.

1.Жақсы сөйлесе аузынан гүл төгіледі...
2. Жақсы сөз сүйсіндіреді...
3. Жақсы сөз – жанға рақат...
4. Жақсының сөзі өлшеп-пішкендей...


Сөздің зияны.

• Сөз жанды жарақаттайды,
• айықпас дерт салады,
• жылатады,
• алдайды,
• намысына тиеді,
• сүйектен өтеді,
• алауыздық туғызады,
• жаман хабар әкеледі,
• әуреге салады.


Сөздің пайдасы.

• Сөз қуантады,
• жаныңды жадыратады,
• жұбатады,
• жаныңа қанат бітіреді,
• дос қылады,
• ақылға келтіреді,
• адамдарды табыстырады,
• болашағына сендіреді,
• мерейіңді үстем етеді


Келесі сайыс:


1-топ.
Дастарханы жиналмайтын, кеңпейіл үй, қонақ келгенде қуанып, жылы сөзбен қарсы алады.
-Қош келдіңіз, төрлетіңіз, ауыл-еліңіз, мал-жаныңыз аман ба? Жолдан шаршаған боларсыз, тынығып, қонақ боп кетіңіз.


2-топ.
Қонақ келгенді жақтырмайтын, сараң үй, қонақты ренжіңкіреп қарсы алады.
- Жеті түнде не іздеп жүрген адамсың, аулақ жүр! Ұры-қары боларсың, көрінген қаңғыбасқа берер асым жоқ, жоғал!


Соңғы сайыс:

Екі кітаптан 2 топ мына сөздерді сөздерді табулары керек:

«Маңдайыңа шаң тимесін»


« Мерейің үстем болсын!»


Қорытындылау.


Бекіту.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2301
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі