Тәрбие сағаты: "Жақсы сөз-жанға қуат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Жақсы сөз-жанға қуат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне көмек ретінде ұсынылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Жақсы сөз – жанға қуат.

Мақсаты:Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін арттыру.
Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;
Оқушыларды ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелесу, әңгімелесу арқылы жағдаятты шешу, ой қозғау, ойын-жаттығу.

Жүрісі:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Ой - жүйрік, тіл - шебер,
Танытса шындықты.
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөзді тауып ұқыпты.
«Сіз», «біз»деген жылы сөз,
Жақсылықтың мейірі.
Бір - біріне болып көз,
Кең болсын адам пейілі.
Ән: «Бала тілегі» сөзі: С. Молдасанұлы
әні: Ф. Жолдасова

-Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жақсы сөз - жанға қуат»деп аталады. Бүгін біз осы тақырыпта әңгімелесетін боламыз.


2.Ой қозғау..
- Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?
- Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөздер айтқыларың келеді?
3.Негізгі бөлім:

--- Әңгімелесу.

«Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырайды. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады. Тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.
- Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір - біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс

«Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым - қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір - бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді»

--- Жақсы адам көңілі- күн

Жақсы адам көңілі -күн

Жанға сәуле түсірген

Нашар адам көңілі-түн

Кеудеден отты өшірген

Талпын жақсы болуға

Күндей сәуле шашатын

Білім іздеп, өнер тап

Түнді күндей ашатын

Толған айдай жан болсаң

Толсын ақыл ішіңе

Күн көзіндей жан болсаң

Ел сүйсінсін ісіңе

Ақыл қуған адаспас


--- Көрініс «Сөз құдіреті»

Немересі:

-Әже, «жақсы сөз-жарым ырыс» дегенді қалай түсінуге болады?

Әжесі:

-Балам, жалпы ырыс деген сөздің өзі өте кең мағыналы. Ол біздің несібеміз, күнделікті отбасымызға кірер табысымыз. Киер киім, ішер тамағымызға дейін бұйыртқан ырысымыз. Сенің алып жатқан білімің-ол да ырысың, байлығың.

Немересі:

-Ол несібе-байлықтың бәрі еңбекпен ақшаға, қаражатқа келеді. Оны білемін. Ол сөздің бұған қатысы қанша?

Әжесі:

-Бір ауыз жақсы сөз адам жанын семіртеді.Ата-бабамыздан қалған «елдестірмек-елшіден» деген ұлағатты сөз тегін айтылмаған, балам.

Немересі:

-Әже, менің білгім келетіні: сөз қалай ырысқа айналады?

Әжесі:

-Кез келген сөз емес, жақсы сөз адам жанына мейір шуағын себетін жылы лебіз ырысқа, жақсылыққа бастау болады. Қиын жағдайда досыңа бір ауыз жақсы сөз айтып, көмектесе алсаң жақсылық жасағаның, яғни «жарым ырыс» деген сол.

Немересі:

-Ол үшін не істесем екен, әже?

Әжесі:

-Үлкендерден үйреніп, сөз қадірін ұғынып, оны орнымен айта алсаң, сен де ертең ақылды, сөздің жүйесін білетін білімді де білікті, кемеңгер болып өсесің, балам!

Немересі:

-Айтқаныңыз келсін, әже!


---Ойын - жаттығу
Топқа бөлінген оқушыларға түрлі тапсырмалар беріледі: Берілген тапсырмалар бойынша жақсы сөздерді қатыстыра отырып, көрініс көрсетуі тиіс.
1 - топ. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
2 - топ. Тұтынушы мен сатушының арасындағы сыпайы қарым - қатынастан үзінді.

- Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық
«Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жанын жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.


--- Жақсылық жерде қалмайды

Жақынды, досты аяла

Қанатың сонда талмайды

Барыңды жұрттан аяма

Жақсылық жерде қалмайды

Жайдары жүзбен жарқыра

Қатыгез болсаң – сол қайғы

Қайырымды бол халқыңа

Жақсылық жерде қалмайды


---Әңгімелесу арқылы жағдаяттарды шешу.
Сабақта оқушылардың алған білімдерін іс жүзіне асыра алуға мүмкіндік беретін жағдаяттар ұсынылады. Оқушылар жағдаяттарды қарастырып, әңгімелесу арқылы шешеді.
«Төзім және табандылық» тақырыбында екі жағдаятты әңгімелесу арқылы шешейік.
1-жағдаят:
Алтыншы сынып оқушысы Ерлан күнделік жазуды бастады.Ол өзінің табандылығы мен ерік күшін қалыптастыру үшін өзіне төмендегідей талаптар қойды:
«Сабаққа дайындалатын уақыт болғанда, мен барлық шаруаны, тіпті өте қызық нәрселерді жинап қоямын.Барлық сабақты оқып болмайынша, еш нәрсеге аландамаймын.Мен бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін». Осы талаптарды Ерлан үнемі есепке алып отырады.
Ерлан неліктен өзіне осындай талаптар қойды деп ойлайсыңдар?
• Өздеріңе қандай талап қоясындар?
2- жағдаят:
Айман ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды. Ән салып, би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ.
• Айманға қандай ақыл кеңес берер едіңдер?
• Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:
Адам өз ісіне төзімділік танытып, табандылық көрсете білсе ғана ісі нәтижелі болады. Табандылық, төзімділік - адам бойындағы асыл қасиеттер. Табанды, төзімді болу өз қолында.
4.Қорытындылау.

Қайырымды жандар айнала

Шеңберге келсін жайлана

Жалықпастан қайта біз

Жылы сөздер айтамыз

Сүйеміз барлық ананы

Жүрегім оттай жанады

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.06.2018
5872
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі