400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Жақсылық - жан шуағы" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Еріктілерге және өскелең ұрпаққа
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мұғалім: Ахмедова Айгүл Сынып: 2 «И»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жақсылық – жан шуағы»

Тәрбие сағатының мақсаты: Қайырымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында түсінік беру, халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жалғастыруға бағыт беру, үнемі жадында ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қайырымдылық жайында жазылған ұлағатты сөздер:

«Жасаған жақсылығың сатулы болмасын», «Адамға қылған жақсылық өмірінде тозбайды», «Бір - бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы да алыстай береді», т. б.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат алып келеді. (Әл – Фараби)\

Ата - бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.

1 - оқушы. Көрші - қолаңның, ағайын туыстың жалғыз аты өлсе, оның етін көпшілік болып бөлісіп, орнына бірігіп ат сатып берген.

2 – оқушы.Алыс сапарға аттанғанда, кедейлерге ет - май деп майда малын уақытша болса да қарасып, мініске деп жылқы берген. Көлік - жай деп көшуге, малға жем - шөп даярлауға түйе беріп көмектескен.

3 - оқушы. Сауын деп кедей - кепшіктерге жаз кезінде сауынға мал берген.

Ата - бабаларымыз қайырымдылық дегенді осылайша түсінісіп, осылай жүзеге асырып отырған. «Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады,» деген екен. Бір - бірімізге жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!

4 - оқушы. Атаны ардақтау, ананы аялау, досты сүю, жолдасты құрметтеу – бізге бабаларымыздан қалған дәстүр. Бұл да – елдігіміздің нышаны.



Ата - әжеге баланың ықыласы мына өлең шумақтарынан көрінеді:

5 - оқушы. Таң атса күлімдеп,

Жүрегім дірілдеп.

Атама жүгірем,

Күн ашық бүгін, деп.

7 - оқушы. Жүрерде жер тіреп таяғын,

Орнынан тұрады ол әрең.

Әттең, мен кішкентай баламын,

Әйтпесе, арқалап алар ем.



«Ақыл тозбайтын тон,

Білім таусылмайтын кен» - деген ата - бабаларымыздың нақыл сөзі бізге тәрбие береді.

Оқушы:Дамир

Жақсы кісі ақылменен тәуір болады,

Мінезі қорғасындай ауыр болады.

Оқушы: Ернұр

Азаматпен дос бол,

Қадіріңді біледі.

Білімдімен дос бол,

Сасқанда ақыл береді.

«Кімге не артық?»

Оқушы: Адиа

Тәкаппарға көз артық -

Көріп тұрып, көрмейді.

Жарымеске сөз артық -

Жөн сөйлеуді білмейді.

Оқушы: Бейбарыс

Не істесе де оңдырмас -

Артық қолы олақтың.

Тілазарға тыңдамас -

Қажеті жоқ құлақтың.

Ғұмырында, әруақытта,

Түк істемес құмартып,

Жалқауға

Құлақ та,

Көз де,

Қол да –

Бәрі артық.

Мұғалім: Балалар, тәкаппарлық пен жалқаулықтан, тілазар болудан бойымызды аулақ сақтайық. Білімді, саналы болашақ. Білімді, саналы достардан әрқашан жақсылық күтуге болады.

- Кім, не қасиетсіз?

Оқушы: Асылзат

Өз ойы болмаса, ер қасиетсіз.

Жігері болмаса жігіт қасиетсіз.

Бал болмаса, ара қасиетсіз.

Жан байқалған, шала қасиетсіз.

Өнерсіз болса, бала қасиетсіз.

Әділетсіз болса, дана қасиетсіз.

Ұятсыз болса, қыз қасиетсіз.

Көк шықпаса, жер қасиетсіз.

Оқушы: Қайырымдылық – асылқасиет. Шексіз мейірімді, шексіз рақымды. Алла мұсылман құлдарына әрқашан да бір – біріне мейірімді, қайырымды болуға үндейді.

Оқушы: Рамазан айы – мейірімділік, қайырымдылық айы. Бұл айда мұсылмандар пітір таратады. Бір – біріне қолынан келгенше қайырымдылық жасайды.

Оқушы: «Күллі адам баласын қорқылатын үш нәрсе бар. Әуелі – надандық, екінші – залымдық, үшінші – еріншектік» - деп Абай атамыз айтқан екен. Міне, осы үш нәрседен бойымызды аулақ ұстайық.



Оқушы: Исламбек

Кісіге адамшылық не керек?

Адамдық – өзге айуаннан артық демек.

Ит талаған төбеттей қалай дейсің,

Аямай әлкелгенін жұтып жемек.

Мейірім – жақсы, залымдық жаман дейсің,

Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп.

Жан ашып, ешбір жанға жәрдем қылмай,

Өткен адам – өсіп – өсіп құлаған бір бәйтерек. (Ш. Құдайбердиев)

Оқушы: Өмірде еш өкініш болмасын,

Имандылық босын сенің жолдасың.

Қорытынды: Бір - бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтықтың ауылы алыстай береді. Ата – бабаларымыздан қалған асыл қасиеттерден жұрдай болсаң, қазақпын деуге құқымыз бола қоярмаекен? Енді ата – бабаларымыздың нақыл сөздеріне кезек берейік

Біз – халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жандандыратын, жалғастыратын ұрпақпыз.

Өмір тауқыметін шегіп отырған кемтар адамдарға, көп балалы отбасыларға, қарттарға, зейнеткерлерге қайырымдылық қорлары да өз көмектерін көрсетуде.

Халқымыздың осы бірбағалыдәстүрін – қайырымдылық пен жақсылықты ұмытпайық!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
954
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі