Материалдар / Тәрбие сағаты "Жақсылық жасай білейік" 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Жақсылық жасай білейік" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты "Жақсылық жасай білейік" 4 сынып Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2022
328
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Жақсылық жасай білейік!»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

- жақсылық жасаудың адами қарым-қатынстағы мәнділігін түсіндіру;

- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

- қайырымды, камқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, сюжетті суреттер, ақ қағаз, көк қағаздан қиылған  тамшылар мен дария.

Тыныштық сәті

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен «Өзін-өзі тану» пәнінің кезекті сабағында кездескеніме өте қуаныштымын. Балалар, шаттық шеңберін құрайық. Осы шеңбер аясында Ө.Ақыпбековтың «Өзін тану» өлеңін бірлесе айтайық.

Өзіңді тану

Жақсы болу-өзіңнен,

Жаман болу-өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла,

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің-ақыл айнасы.

Тиеді саған мәні бар,

«Өзіңді тану» пайдасы.                                               

 

Дәйексөз

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.»

                                                                                             Халық мақалы Әңгімелесу

· Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

· Жақсылық жасау деген не?

· Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

- Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.

Мәтінмен жұмыс

Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!»
Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады.
Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы құтқарып қалады. Батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: «Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды», - деп жазады.
Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы:
– Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың? - деп сұрайды. Сонда досы:
– Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!..
Ғибратнама: Достарымызды көбейтіп, достығымыздың баянды болуын қаласақ, қайғыларымызды құмға, қуаныштарымызды тасқа жазуды үйренейік.

-          Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.

Шығармашылық жұмыс.

1-топ: «Жақсылық тамшысы»

Тамшы үлгісінде қиылған көк қағаздарды үлестіремін.

Біздің дариямыз тамшыларға шашырап кетіпті. Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларға жасаған жақсылықтарымыз бен игі істерімізді жазуымыз керек.Балалар тамшыларға жасаған игі істерін жазады.

Тақтадағы ақ қағазға тамшыны кезекпен ілеміз де, жасағанжақсылықтарымызды жария етеміз.

-Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда        үлкен дарияға айналды. (Дарияны ілемін.) Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

 2-топ: «Жақсылық ағашы»

Мақал-мәтел және нақыл сөздер жазады


3-топ: «Жақсылық алақаны»

Алақанның ішіне жасаған жақсы істерін жазады.

Ойын жаттығу:

  • Күлімдеген күн мейірімді!

  • Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

  • Таза мөлдір су мейірімді!

  • Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

  • Аяулы анам мейірімді!

  • Қамқоршы әкем мейірімді!





Топпен ән айту

«Ертегілер әлемі»

Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін.
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы – көркем,
Әдемі еді неткен!
Құстары сөйлейді,
Бұлттар тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!


Қайырмасы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер...


Гүлдерден, бұлттардан,
Әр гүлде бір арман.
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.

Қайырмасы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер...

 



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!