Тақырыбы:
Жақсылық жасаудан жалықпа!
Мақсаты:
-
оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық
ретіндегі мағынасы және мейірімді адами
қасиеті мен өзара көмек әрекеттері
туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау,
көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра,
рухани адамгершілік қағидаларын өз
бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді
бағалай білуге тәрбиелеу.
-
оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап,
мақсат қоя білуге үйрету;
-
оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі
жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын
дамыту;
Тәрбиелік
мәні: Адам
бойындағы адамгершілік қасиеттерін
дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру,
адами қарым-қатынастарын қалыптастыру.
І
жүргізуші:
Қайырлы
күн құрметті ағайын! Армысыздар, жаны
жайсаң, жүрегі жомарт қауым! Қазақтың
жақсы қасиеттерінің асылы – қайырымдылық,
жомарттық, кең пейілділік. Әр адам
бір-біріне жанашыр қамқор болу, жүрек
жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу
әрбір адамның азаматтық парызы
ІІ
жүргізуші:
Болашақта
еліміздің өркендеуі үшін білімді жастар
керек екенін ескерсек, оларға дұрыс
нұсқаушы боп, ісімізбен тәлім-тәрбие
беріп, олардың жүрегін жылулық пен
мейірімділікке толтырсақ, ертеңіміз
үшін алаңсыз өмір сүруге болады.
Республика көлемінде, жыл сайын өтетін,
дәстүрлі «Қамқорлық» акциясы аясындағы
«Жақсылық жасаудан
жалықпа!»
мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
І
жүргізуші:
Бүгінгі
келіп отырған ауыл тұрғындарына
ықыласымыз бен алғысымыз шексіз! Себебі,
олардың барлығы да «қайырымдылыққа»
үлес қосып келіп отыр.
ІІ
жүргізуші:
Абайдың
14-інші қара сөзінде «Нағыз жүрек ісі
рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі
істе адам баласының бәрін өзіне тартып,
бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға
да болса игі еді» делінген. Бүгінгі
қайырымдылық акциясын өткізуге мұрындық
болған
Ән: «Бала
тілегі» 3 «ә» сыныбының қыздары
І
жүргізуші:
Ақыл
– адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал
бейтаныс адамға жылы шырай білдіру,
көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп,
демеу болу-жомарттық.
«Жақсылық
жасау міндетіміз» 3 «ә»сынып ұлдарының
көрінісін тамашалайық
ІІ
жүргізуші:
Сара
Алпысқызы Назарбаева «Бөбек» республикалық
балалар қайырымдылық қорының негізін
қалаушы және президенті. Сара анамыз
«Бөбек» қорын құрып, жетімдерге
жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін
білім бағдарламасына енгізіп,
жеткіншектерді адами құндылықтарға,
ізгілікке баулыған тұлға.
Сара
анамызға арналған өлеңдерге жол берелік.
Ән: «Анажаным»
әуенін
тыңдау.
(бейнебаян Сара Назарбаева)
Би:
«Шашу» орындайтын «қыздар»
би тобы
І
жүргізуші:
Балаларды
қорғау керек бәрінен,
Қардан,
қыстың қаһарынан, кәрінен
Қорғау
керек нәзік гүлдей аялап,
Жан
жуағы, мейірім, бақыт, қуаныш
Балаларға
бөлінбесін алалап
ІІ
жүргізуші:
Күлімдеген
күн мейірімді
Кіршіксіз
ақ қар мейірімді!
Таза
мөлдір су мейрімді!
Бәрімізді
көтеріп тұрған жер мейірімді!
Би:
«флешмоб»
орындайтын 3
«ә»–
сынып оқушылары
І
жүргізуші:
Отбасында
балалар негізгі тәрбиені ата-анадан
алады. Баланың бас ұстазы ата-ана
Өмір
бойы сүйіп өтер балапанын
Бір
саған сенім артар балапаның
Бір
сәтке ұмытармын қиындықты
Сипаса
маңдайымнан алақаның
ІІ
жүргізуші:
Жақсылық
жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің,
парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге
талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске
ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше,
қолымыздан келген көмегімізді аямайық
балалар!
Мектебіміздің
мұғалімдеріне арнайы әзірленген
ашықхаттармен шарларды таратамыз.
І
жүргізуші
Біз
тілейміз бар бөбекке,
Бақытты
ғұмыр сүргенін.
Туған
елге еркелеп,
Қуанғанын,
күлгенін.
Сусынымыз
қанады,
Өнер,
білім нәрімен.
Әлемдегі
баланың,
Дос
боламыз бәрімен.
Өміріміздің
жалғасы, жанымыздың бөлшегі, бақытымыздың
кілті – балаларымыз. Оларды рухани
азықтандыру біздің парызымыз.
ІІ
жүргізуші
Қайырымды
бола білу үлкен іс,
Үлкенге
ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты
жаса қолдан келсе егер,
Біле
білсең, өзің үшін ол жеңіс
І
жүргізуші
Әркез
жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып
жақсылық жасауға ұмытылып тұрайық!!!
Өзін
ғана ойлаған,
Жамандықтың
белгісі.
Өзгені
де ойлаған,
Адамдықтың
белгісі –
дей
келе, «Жақсылық жасаудан
жалықпа!»
мерекелік кешін аяқтаймыз. Бір-бірімізге
жасайтын жақсылығымыз арта берсін!