Тәрбие сағаты "Жас ғарышкер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Жас ғарышкер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкер мерекесіне орай Кеңес үкіметінің және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы




Мақсаты: Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкер мерекесіне орай Кеңес үкіметінің және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру
Көрнекілігі: суреттер,плакаттар, гүлдер

Сабақтың барысы:

1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ғарышкерлер мерекесіне арналған «Жас ғарышкер – 2016»» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: 12 сәуір – дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осыдан тура 55 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға 25 жыл салып, Қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.

1 жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жас ғарышкер - 2016» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)

2 – жүргізуші:
Әділдікпен баға берер жігітке,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Алқасын қазылардың біз сайлайық,
Нағыз жігітті талдап бүгін алуға - деп бүгінгі «Жас ғарышкер – 2016 » байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1 – жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ бөлім«Көркіне ақылы сай» салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы. ІІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
ІV бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.
V бөлім «Өнерлі өрге жүзер» сурет салу
2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
1 – жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен тоғыз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
2 – жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

Әділқазы алқасы өз бағасын береді.

1 – жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көріне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Мына сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.

4 сынып

  1. 7 кереметті ата

  2. Ю. Гагарин қай жылы ғарышқа ұшты? (1961ж)

  3. Баланың ұяты .....(әкеге)

Қыздың ұяты .......(шешеге)

  1. 7 жоқты ата

  2. Т. Мұсабаев ғарышқа неше рет ұшты?

  3. Білім қартаймайды,

Талант ……….(ортаймайды)

  1. Труд человека ....(кормит)

А лень ........(портит)

  1. В каком году Т. Аубакиров полетел на космос? (1991)

  2. Назови казахские народные игры?

  1. Сынып

  1. 5 асылды ата?

  2. 2015 жылы ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері? (А.Айымбетов)

  3. ..... жастан шығар, (ақыл)

...... тастан шығар. (асыл)

  1. 5 дұшпанды ата

  2. Ғарыш айлағы қайда орналасқан? (Байқоңыр)

  3. .....- дұшпан, .... – дос, (ашу-ақыл)

Ақылыңа ақыл қос.

  1. Кто много .... , тот много .... . (читает-знает)

  2. Как называется одежда космонавта? (скафандр)

  3. Каких птиц называем перелетными?

2 сынып

  1. 3 арсызды ата.

  2. Теңіздегі ең ірі балық? (кит)

  3. Ер ... рет өледі, (бір)

Қорқақ ... рет өледі. (мың)

  1. 3 билерді ата

  2. Киелі құсты ата. (аққу)

  3. Алтау ... болса, ауыздағы кетеді, (ала)

Төртеу .... болса, төбедегі келеді. (түгел)

  1. Труд человека кормит,

А ........ (лень портит)

  1. В космосе есть воздух? (нет)

  2. Назови самую крупную рыбу. (кит)

Әділқазы алқасы өз бағасын береді
1 – жүргізуші:
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.
Әділқазы алқасы өз бағасын береді
2 – жүргізуші:
Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі.
Әділқазы алқасы өз бағасын береді
1 – жүргізуші.
Мықты болсаң тығырықтан шыға біл
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, «сайысымыздың келесі бөлімі «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Жігіттеріміздің салған суреттерін тамашалайық.
2 – жүргізуші:
Осымен, «Жас ғарышкер 2016» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарсын.

1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
2 – жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Жас ғарышкер мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар марапатталады. Марапаттау:
1. Бас жүлде – «Жас ғарышкер – 2016»
2. «Дарынды жігіт»
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
4. «Өнерпаз жігіт»
5. «Парасатты жігіт»
6. «Алғыр жігіт».
7. «Шымыр жігіт».
8. «Шешен жігіт» 9. «Талантты жігіт»
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
758
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі