Материалдар / Тәрбие сағаты «Жасай бер, жаса тәуелсіз Қазақстаным!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты «Жасай бер, жаса тәуелсіз Қазақстаным!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал менің ойымша мектеп оқушыларына тәрбие сағаты болғандықтан келешекте ұстаздарға бір пайдасы тиер деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2018
1136
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жасай бер, жаса тәуелсіз Қазақстаным!»


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жасай бер, жаса тәуелсіз Қазақстаным!»
Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен әдеби- театрланған қойылым арқылы оқушыларды тарихи оқиғаларды көрініс түрінде шежірелі күндер мен кезеңдерімен таныстыру
2.
Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақтардың келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.
3. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ көрнекілігі: Буклеттер, суреттер, шарлар, жалау, нақыл сөздер, слайдтар.
Сабақ түрі: ашық тәрбие сағаты
Барысы:
Жоспар:

1. Абылай заманы-батырлар заманы
2. Ашаршылық (1928-1932)
3. Репрессия (1937-1939)
4. Ұлы Отан соғысы (1941-1945)
5. Желтоқсан оқиғасы (1986)
Мұғалім: 
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғындарды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі Алматы қаласында болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір ауыз сөзбен түсіндіру мүмкін емес. Бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Содан бері 20 жыл өтті. Қазақстан егемендігін ту еткелі 15 жыл. Енді кезекті оқушыларға береміз.
1-жүргізуші:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,
Қадамыңда шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі, қасіретті болса да.
2-жүргізуші
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған,
Тамырсыздық басы қайда қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтың,
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы.
( Әнұран шырқалады)

1-жүргізуші:
Абылай заманы-батырлар заманы. Найзаның ұшымен,қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама!
1-көрініс
Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.
Уәзір: Ләппай, тақсыр! Қазақтар келіп тұр.
Хан: Кірсін! Бір топ қазақ елінің адамдары кіреді.
Хан: Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер?
Айтатындарыңды айтыңдар да үйлеріңе қайтыңдар.
Қазыбек би: Біз қазақ деген елміз, бірақ ешкіге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақта, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан да, біз арыстан алысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желімсіз жабысқалы келгенбіз. Сен темір де, біз көмір еріткелі келгенбіз. Сен темір де, біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт.
Хан: Балам, атың кім?
Бала: Атым Қазыбек, әкем Келдібек би, ұлтым қазақ, руым қаракесек.
Хан: Ендеше, дауысың қаздың дауысыңдай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын.
Хан шапалақ ұрады.
Уәзір: Ләппай, тақсыр!
Хан: Қамаудағы қазақтарды босатыңдар!
Мұғалім: Ақтаңдақ жылдардан да оқушылар өз сезімдерін ортаға салсын.
1-оқушы: 
Енді бізге қайта оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жазғандар.
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.

2-оқушы: 
Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

3-оқушы: 
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
4-оқушы:
Кеудемдегі қоламтаны қоздатқаның,
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым
Музыка ойнылып тұрады. Бес арыс бейнесіндегі бес баланы әскерлер алып шығады. Атуға дайындап тұрғызады.
Әскер: Иә, соңғы сөзді кім айтады іштеріңнен?
Мағжан:
Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.
Ахмет:
Балғын ұрпақ, жолыңа нұр тіледім,
Аулақ болсын сендерден мұң сілемі.
Ана тілін қорсынар кейбіріңнен
Жәбірленіп, жаныммен түршігемін.
Сә:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын,-
Жүсіпбек:
Ой, кер заман, кер заман,
Қабақ қату, қансырау,
Талан-тараж, қан жылау.
Азаматы жабылу,
Жақсының жақсылығын жан айтады,
Сондықтан "Құлагерді" бәрі айтады
Егіліп әндеріне, сөзін тыңдап,
Еліңді ер қиялы дардайтады.

1-жүргізуші:
Жалғанның жартысындай қазақ елі
Алғандай көздің жауын сұлу жері
Ақ пейіл, дархан көңіл халқымыз бар,
Болғанда бірі сері, бірі батыр.
2-жүргізуші:
Әз бабам, азаттықты аңсап өткен
Ел үшін талай саңлақ шахид еткен
Солардың құдіретті ой-арманы,
Таңы боп Тәуелсіздік бізге жетті.
5-оқушы: 
Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін
1-жүргізуші:
Ұлы Отан соғысынан жылдарынан жырлайық
6-оқушы:
Иә, бұл Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бүкілхалықтық жүрекжарды ұраны еді. Қашанда өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы осы Ұлы Отан соғысы жылдарында аянбай шайқасты.
7-оқушы:
Тверьдің орманы жас, жері кәрі,
Атақоныс санайды жұрттың бәрі
Сол жерге Әлияның қаны сіңді
Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі
8-оқушы:
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған
9-оқушы:
Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды
Жалғызынан айырыпты ананы
Әкесінен айырыпты баланы
Хор: Соғыстан қайтқан солдаттар.

10-оқушы:
Тарихым жатыр тасымда
Тіл қатып келер ғасырда
Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында
11-оқушы: 
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырда.
Азаттық дейтін ұғымның.
Желтоқсан тұр басында.
12-оқушы: 
Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға Алатау мінді кәрі айбарлы
Күтпеген іс ақыры не болды деп,
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

13-оқушы: 
Кез емес жаугершілік "аттан" атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты,
Қытымыр қыстың басы сол бір айда,
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.
Бейнеклип: "Желтоқсан желі".
Көрініс: 
Қайратты қолын кісендеп, 2 адам алып келеді. Сот залынан көрініс. Сот шешімі оқылады: Үстел басында прокурор отырады. Қайрат қарсы алдында отырады). Қазақ ССР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы 1987 жылғы 16 маусымындағы үкімімен Қайрат Рысқұлбековты қылмыстық істер кодексінің 60-бабы бойынша қылмысты деп тауып, ең жоғарғы жаза өлім жазасына кесті. Айыпкер, ақтық сөзіңді айт.
Қайрат:
Күнәден таза басым бар,
Қазақ деген атым бар.
21-де жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозтарғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар.
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген хош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Хош аман бол артымда,
 
Ағайын-туған, азамат.
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым, саған аманат!
(екі адам алып кетеді)

Ләззаттың әні:
17 жыл мен жатырмын,
Ақжазықтың түбінде.
Мені өлтірген таксикт жігіт,
Тірімісің бүгінде.
Тірі жүрсең өткен күнді,
 
Еске алғанның несі бар?
"Желтоқсанда" құрбан болған ,
Ләззат қызды есіңе ал!
Шағаладай қалықтаған,
Көк теңізде- жүр, жаным.
Желтоқсанда- есіңе алған,
Халқым саған, саған ырзамын!
Батыл бас аяқты, жас достар,
Бұл жерде-батыр жоқ қол бастар,
Бұл жерде-жүректе... мұз жатыр,
Бұл жерде-өрімдей... қыз жатыр.
Бұл жерден мәңгілік аттанған,
Халқымның есіне сақталған!
Ән. "Қарабауыр қасқалдақ"
1-жүргізуші:
Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
2-жүргізуші:
Егемендік иесі мен деген сөз,
Екі тізгін бір шылбырын өзі алған.
Көркем жігіт болып өссе көген көз,
Мінбелерден айбарланып сөз алған
Егемендік-ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күйі.
Егемендік деген сөздер естілер,
Ата-жұрттың арғысы мен бергісі.
1-оқушы:
Тәуелсіз ел атандық
Биік даңқың.
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың
Ата-баба қанымен,
Келген бізге.
Тәуелсіздік құт болып,
Қонды еліме
Қорғап сені өтетін
Өле-өлгенше,
Мақтанамын әлемге
Мен азатпын.

2-жүргізуші: Осымен «Жасай бер, жаса тәуелсіз Қазақстаным!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Мұғалім:
 Ал, енді айтылған сөздерді, көріністерден ақиқат өз дегеніне қол жеткізгенін көріп отырмыз. Тәуелсіздігімізді алып, егемен ел болдық. Сөзімді мына өлең жолдарымен жалғағым келіп тұр.
Оян, қазақ тіріл қазақ ұйқыңды аш,
Тағдыр тарту етті жолын қым-қиғаш
Адаспа енді. Таңда өзіңе керегін
Қапы қалма. Қайтып мұндай күн тумас.
Бұдан артық жоқ керемет сый тіпті,
Қамдан бауырым. Ал қолыңа билікті
Білімі асып, бәйге алса басқалар
Шарасыздық тұсар соқыр жүйрікті.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Б.Байқадамов атындағы музыка мектебі ММ










Тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Жасай бер, жаса тәуелсіз Қазақстаным!»


Дайындағандар: Сембіғұл Н.Ә.

Хасен А.Б.




















Арқалық, 2018 жыл

«Жасай бер, жаса тәуелсіз Қазақстаным!» тәрбие сағ. Сембіғұл Н.Ә. Хасен А.Б.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!