400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Жаса,тәуелсіздігім

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында елімізде болған оқиғалар туралы түсінік беріп, оның оңай келмегендігі туралы ұғындыру. Елін, жерін сүйетін өз елінің патриоты болуға, тәуелсіздікті мәңгілік сақтауға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жаса, тәуелсіздігім!


Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында

елімізде болған оқиғалар туралы түсінік беріп, оның оңай келмегендігі туралы ұғындыру.

Елін, жерін сүйетін өз елінің патриоты болуға, тәуелсіздікті мәңгілік сақтауға тәрбиелеу



Көрнекілігі: суреттер, ҚР-ның рәміздері, тәуелсіздікке байланысты слайд

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім

Ата-аналармен ұстаздармен амандасу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

-балалар бір– біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуын сезініп жақсы тілек тілейік. ( тілек айтқызу)



Негізгі бөлім

Мұғалім сөзі:

-Тәуелсіздік дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?

- ал Отан деген не?

- Туған жеріміз деп нені айтамыз

-Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!

Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мол мүмкіндігіміз бар.



Қазақ халқы еркіндікке жету үшін- қаншама қиындықты басынан өткізді. Мыңдаған жылдық тарихы бар,

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Слайдпен жұмыс

Слайд арқылы тәуелсіздік қалай келгендігі туралы тарихқа қысқаша шолу жасау

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.



Балалар, тәуелсіздік алғаннан кейін өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ

Біздің Отанымыз осы 25жылда қандай жетістіктерге жетті соны тізбектесек:

* 1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.

* 2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

* 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.

  • Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік Егемендік Декларациясын қабылдап жариялады. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 1995 жылдан бастап Қазақстан астанасы- АСТАНА қаласы.Мемлекет – адамдарды біріктіретін үлкен отбасы.

  • КОНСТИТУЦИЯ - мемлекеттің негізгі Заңы. Бұл Қазақстан азаматтарының қоғамда өмір сүру ережелері , Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

  • Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы- Президент.

  • 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды. 2015 жылы, яғни бір жылдан кейін Конституциямызға 20 жыл толады. Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерзім. Конституция кітабы 9 бөлімнен, оның ішінде 98 баптан тұрады.

  • 1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты

Сергіту сәті:

Қара жорға биін қойып билету



1998 жылы 6 мамырда ҚР президентінің нұсқауымен Ақмола қаласы – Қазақстан Республикасының астанысы Астана қаласы болып аталынды. Қазіргі кезде ел ордасы Астана қаласы ертегі қалашығына айналды. Түрлі мәдени құрылыс мекемелері, үйлер, ескерткіштер салынды. ( Бұл жерде Қазақ елінің бұрынғы астаналары жайлы айтылып, Астана қаласының суреттері көрсетіледі )

Қазақстан бүкіл әлемге қуатты, тәуелсіз, халық арасында бейбітшілік орнаған мемлекет ретінде танымал болды. Туризм, спорт, білім беру, медицина салаларында жетістіктерге жеттік. Халықтың тұрмыстық жағдайы әлдеқайда жақсарды. Мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салынды, қалалар гүлденді. Зейнеткерлерге, дәрігерлер мен мұғалімдерге жалақыларын арттырды. Жалпы алғанда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі артты.

Қазақстанда 16 миллионнан аса халық тұрса оның 130 әр- түрлі ұлт өкілдері. Әр халықтың тілі мен салт- дәстүрлері бар.Ал мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Қазақстанның табиғатты тамаша ,байлығы мол, жері көз жеткісіз ұлан- ғайыр.Біздің мемлекетімізде табиғатты қорғау үшін көп жұмыстар жүргізілуде. Отанды сүю- табиғатқа қамқорлықпен қарау, туған жерді бағалап сақтау.

Патриот болу үшін қандай жақсы қасиеттерді игеруіміз керек ? батыл, ержүрек, адал, шыншыл,

Ең бастысы- біз Қазақстан деген ортақ үйімізде Әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз.

Ендеше осы Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән-жырымызды шашу етейік.



1.Өлең шумақтары:

25-жыл тәуелсіз елге,

Жеңіске жеттік қосылып бірге.

Еліміздің болашағын,

Ойлану керек-сізбен бізге!



Тәуесіздік мерекесі,

Мерей тойын тойлайды.

Бүкіл халық жиналып,

Жылы лебіз жолдайды.



Туған жерім жайнаған,

Төбемде көгілдір ашық аспан.

Сарқылдап аққан бұлақтар,






Оларды көру бір арман.


Құтты болсын- мереке!

Ынтымағым биікке өрле.

Жаса жайна қазағым,

Желбіреп ұшқан байрағым!


Тәуелсіздік алған ел,

Ата-бабам төккен тер.

Майданға шыққан батырлар,

Қаза тапқан ағалар,

Бәріне біз қарызбыз

Мәңгілік еске аламыз!



2. Ән: Жаса,Қазақстаным!

3.Өлең шумақтары:

1.Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
Шаңырағы биік болып қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы.


Жеткен арман — жаса Тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерлік, тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

2.Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік – шаттығы ғой жерімнің,
Қолға қонған бақ құсындай аялаған
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.

Тәуелсіздік бас арманы болған екен,
Атамыз бен бабамыздың сол етеден
Арманына жету үшін күрескені
Тарихта шежіре боп қалған екен.

Қазағымның рухы сол заманда сынға түскен,
Жаулары сырттай оны сынап жүрген.
Толқымалы сол кезеңде бабамыз
«Қазақ» атын мәңгі сақтап қалған екен.

Соқтықпалы сол заманда сағы сынбай,
Тілі менен салт-дәстүрі жоғалмай,
Ата-бабам «қазақ» атын сақтан қалды,
Тәуелсіздік арманына жете алмай.

Тәуелсіздік тұғырына жету үшін,
Жәлтоқсанның жастары салды бар күшін,
Қанын төгіп, жанын қыйды аямай,
Жанын қиды елі менен жері үшін.

Байлығы мол байтақ жерім кең,
Дүниедегі елу елмен керегең тең,
Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі
Құтты болсын тәуелсіздік мерекең!





4. Би: Қазақ биі

5. Ән: Ел қорғауға әзірміз



Қорытынды бөлім

- Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!


Аяқтау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі