400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты ":Жеке гигиена"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: "Жеке гигиена (қыздармен)" Мұнда тазалық жайлы жалпы түсінік және қыздарға қатысты тазалық жайында сөз етеміз
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№ 3 арнайы мектеп - интернаты» КММ









Тәрбие сағаты: : « Жеке гигиена туралы» әңгімелесу (қыздармен)

7-8 «Ә» сыныбы








Тәрбиеші: Байболова. Ж
















2020-2021 оқу жылы



Тәрбие сағаты: « Жеке гигиена туралы»әңгімелесу (қыздармен)

Мақсаты:
а) білімділік: Қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы түсінік.  

ә) тәрбиелік: адамгершілікке, ұқыптылыққа, денсаулықты сақтай білуге, алған білімді өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

б) дамытушылық: жеке бас гигиенасың алуан түрлілігі туралы ойларын, ізденімпаздығын дамыту.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру.

- Оқушылармен амандасу

- Оқушыларды түгендеу

Гигиена

Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым.

Жеке адам гигиенасы – гигиена ғылымның бір саласы. Жеке бас гигиенасы дегеніміз - ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралары.

Дене гигиенасы.Тері көптеген қызмет атқарады. Оның бірі - қорғаныш қызметі. Тері құрғақ, жарылғыш болса, везелин немесе глицерин жағу керек. Теріге дұрыс күтім жасалмағанда киім мен аяқ киімді дұрыс тандамағанда, қажалу, қысылу нәтижесінде теріде іріңді-саңырауқұлақты аурулар пайда болады. Басқада тері аурулары мен жарақаттары тері құрғақтығынан, тершендіктен, катты қатудан, дұрыс тамақтанбаудан болуы мүмкін . Теріде микроорганизмдер үшін ыңғайлы орта болатын май мен тер бөлінуінен кір мен шай пайда болады. Кір тері белгілі бір деңгейде өзінің бактерия өлтіргіштік қасиетінен айырылады, ал тері жамылғыларының жарақаттануы (тырналу, жырып кету, жаралар) микробтардың терінің терең тканьдеріне енуіне жағдай жасайды. Теріге дұрыс күтім жасалмағанда киім мен аяқ киімді дұрыс тандамағанда, қажалу, қысылу нәтижесінде теріде іріңді-саңырауқұлақты аурулар пайда болады.

. Алғашқы етеккір, әдетте, 9-13 жаста келеді. Бірақ кейде бұл көрсеткіштен 1-2 жыл ауытқуы мүмкін.

Алғашқы етеккір

Қыз балаға етеккірдің келуі оны есеюге жақындата түседі. Бірақ шындығына келгенде, ол әлі бала. Етеккірдің келе бастауы – жыныстық жетілудің белгісі емес, оның бастамасы ғана.

Қыз балада етеккірдің келуі – оның өміріндегі өте маңызды оқиға. Бұл кезеңде ол өте осал келеді және ересектердің, әсіресе анасының қолдауын қажет етеді.

Алғашқы етеккірдің келуі кешеуілдеген жағдайда, қыз бала қатты қапалануы мүмкін. Бұл жағдайда анасымен бірге гинекологқа барып, кеңес алғаны дұрыс.

Қыз балалардың көбінде етеккір арасындағы үзіліс алғашқы уақытта дәл болмайды. Қанды бөлінділер екі үш айда бір рет, кейде бұдан да сирек бөлінуі мүмкін.

Жыныстық жетілу дами түседі, қыз баланың омырауы өседі, денесі толықсып, қасағадағы түк әйел типі бойынша бөлініп, үшбұрыш пішінді болады, ал қолтықтағы түк қалыңдай түседі.

Гигиена немесе тазалық шарттары

Жасөсіпірім қыз баланың жалпы тазалығымен бірге жыныс ағзаларының, әсіресе етеккір кезіндегі тазалығы аса маңызды. Жыныс мүшелері гигиенасы – жыныс мүшелерінің дұрыс қызмет етуінің және аурулардың алдын алудың алғаш шарты. Жыныс мүшелерін күнделікті тазалап жуу шарт. Бұл жердің терісі тым нәзік, сондықтан оны қабыну мен қозуға жол бермеу үшін ақырын, мұқият жуу керек.



Шаш та үнемі күтімді қажет етеді. Шашты апта сайын (күн сайын емес) жылы қайнатылған сумен сабын көбігінде немесе ылайықты шампуньмен жуу ұсынылады. Күніне бірнеше рет жиі тарақпен тарау да пайдалы.

Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.

Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

Киім гигиенасы. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери, ауруханалық киімдер. Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілінуі керек

Аяқ киім гигиенасы. Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ киім болып табылады, ол, суық пен жылу, ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан, жәндіктер мен жануарлардың шағуынан қорғайды. Аяқ киімге төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:

1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;

2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;

3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;

4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;

5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;

Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді.

Ауыз қуысы гигиенасы. Адамның ауыз қуысы жеке гигиенасының негізгі мақсаты, тіс пен ауыздың шырышты қабығын жұмсақ қақтарынан және ас қалдықтарынан тазарту жолмен, сол сияқты, ауыз қуысын үнемі таза ұстау арқылы, стоматологиялық аурулардың және ағзаның ішкі мүшелерінің әр түрлі ауруларының дамуын және күшеюін алдын алу болып табылады.Ересек адамдарда 28-32 тұракты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жаксүйектердегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. 

Ұйқы оның маңызы

Адам күндіз белсенділік көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап, тынығады. Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы аркылы ағза өзінің жұмыс істеу кабілетін калпына келтіреді.

Жаңа туған нәресте тәулігіне - 21-22 сағат, алты айлық нәресте  14 сағат, бір жасар сәби 13 сағат үйыктайды. 15 жасар жасөспірім төулігіне - 9 сағат, 17 жасар жасөспірімдер 7 - 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті.

Тамақтану гигиенасы

Тамақтану – ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады . Ол адамды сумен, энергия мен қамтамасыз етеді. Дұрыс тамақтану – бұл ең алдымен тұрақты тамақтану. Тұрақты тамақтану дегеніміз күніне 3-4 реттен кем емес.

Дұрыс тамақтанбауға байланысты факторлары
1.Адам өмірінің ұзақтығы - 50%

2. Жастар арасында аурулар – 80%

Дүрыс тамақтанбауға байланысты жастар арасында кездесетін аурулар

1.Йодтың жеткіліксіздігінен болатын аурулар - 16%

2. Семіздіктің байқалуы- 20-30%

3. Жүрек-тамыр аурулары

4. Рактың кейбір түрлері

5. Диабеттің пайда болуы.

ІІІ. Қорытынды









Сабаққа өзіндік талдау

Сынып: 7-8 «Ә»

Тәрбие сағаты: « Жеке гигиена туралы»әңгімелесу (қыздармен)

Мақсаты:
а) білімділік: Қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы түсінік.  

ә) тәрбиелік: адамгершілікке, ұқыптылыққа, денсаулықты сақтай білуге, алған білімді өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

б) дамытушылық: жеке бас гигиенасың алуан түрлілігі туралы ойларын, ізденімпаздығын дамыту.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру.

- Оқушылармен амандасу

- Оқушыларды түгендеу

Гигиена

Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым.

Жеке адам гигиенасы – гигиена ғылымның бір саласы. Жеке бас гигиенасы дегеніміз - ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралары.

Әңгімелесу барысында қыз балалармен ең алдымен қандай жастан денеде өзгерістер болатының анықтап алдық. Етеккір келу сәтінде әрдайым тазалыққа жүгіну қажет екенің, сонымен қатар жеке бас гигиенасын әрдайым өз денсаулығымыз үшін ұстану қажет екендігі айтылды. Сонымен қатар, ауыз-қуыс, шаш ,дене күтімі туралы да сөз етілді. Сабақ өту атмосферасы жайлы, оқушылар орташа деңгейде қатысып отырды. Алдыға қойылған мақсат бүгінгі сабақта орындалды деп ойлаймын.



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
3530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі