400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: «Желбіре, жеңіс жалауы!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Желбіре, жеңіс жалауы!»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ісмет Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі









Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Желбіре, жеңіс жалауы!»















Сынып жетекшісі:Байкөбекова А













Таукент



« БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСЕМІН»

Директор Оқу ісінің меңгерушісі





______________ _____________________ «___»_______2017 ж «___»_______2017ж



Сабақтың тақырыбы: Желбіре, жеңіс жалауы!

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың жүру барысы: Құрметті қонақтар, балалар !Сіздерді келе жатқан Ұлы жеңістің 72 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасытарыңызға бақыт, бірлік,береке тілейміз.



Жеңіс күні,Жеңіс жыры

Асқақтата шырқалсын.

Ардагерлер қалауы

Мәңгі өшпесін алауы.

Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып осы жеңіс күніне арналған«Желбіре, жеңіс жалауы!»атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Биыл –Ұлы жеңіске 72 жыл толып отыр.Тарих көші үнемі жаңаланып отырады.Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысының қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытқан емес, ұмытылмайды да.1941жылы 22 маусым фашистік Германия елімізге басып кірді.

Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.

Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана баласын сағынып , бала әкесін сағынып. Бала әкесін күте берді, күте берді. Әкесін сағынған бала

Көрініс.

Әке,әке! Тілдесші менімен әкешім!Әлде хат жазуға уақытын жоқпа? Хат неге жазбайсың әке ? Тым болмаса аманмын, немістермен мына жерде шайқасып жатырмын деп бір хабарласшы әке?Сағындым сені әке!Бұрын ерлер тыңдыратын жұмысты қазір аналар,қарттар, тіпті біздер де істеп жүрміз. Бәріде майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!-деп еңбектенудеміз.Сендер Отан үшін, біздер үшін,болашақ ұрпақ үшін соғыста жүрсіңдер. Аянып қалма әке! Мен үшін,еліміз үшін,үйге жеңіспен қайт. Сағындым сені!

Сүйінші, халқым,сүйінші!Неміс фашистері тізе бүгіп,жеңілгендерін мойындапты.Жеңіс,Жеңіс!Біз Жеңдік!

1-оқушы

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі көп балаға.

2 -оқушы

Алаулап от жалындар,

Отқа ораған далалар.

Жарты ғасыр өтседе,

Естен кетпес сол жылдар.

Би :

Мұғалім:1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді.

Хор

3-оқушы

Тастар көкке атылды

Орман шулап, тау құлап

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ

4-оқушы

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ

5-оқушы

Оқ астында зулаған

Туған жермен бір болып

Жау алдында тұрды олар

Жиырма сегіз шың болып

6-бала Ақтілек

Жау жеңілді ақыры

Атты бейбіт таң күліп

Жиырма сегіз батырын

Ұмытпайды ел мәңгілік

Жүргізуші: Олардың ерліктері ешқашанда ұмтылмайды. Ендеше осы батырларымыздың құрметінеән орындаймыз.

Ән

7-оқушы

Жеңіс күні құтты болсын,

Құтты болсын аталар

Ұмытпайды ешқашан

Жауынгерді балалар

Мұғалім:Жеңіс күні адамзат аңсап күткен қастерлі күн.Бұл Жеңісоңайлықпенкелген жоқ. Қазақтың қос жұлдызы Әлиямен Мәншүк есімін,аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлын және осы соғыста ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың,әкелеріміздің есімін қашанда мақтанышпен айтамыз.

8-оқушы

Әлияны бұл күнде,

Барлық бала біледі.

Әлия-аты көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

9-оқушы

Мәншүк апай батырқыз,

Ардақтаймыз атын біз.

Ұқсап Мәншүк апайға,

Өсіп келе жатырмыз.

10-оқушы

Бауыржан атам ардақты

Алды биік атақты

Жетелеп алға қазақты

Жеңіске жолды бастапты

Мұғалім:Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.

Ән «Әрқашан күн сөнбесін»

Мұғалім

Отан – көкшіл туымыз.

Отан біздің еліміз,

Отанды қорғап жүреміз

Туып өскен жеріміз.



Барлығы: Біз Отанның ұланымыз,

Біз Отанның қыранымыз.

Ән: «Елімді мен сүйемін»



Мұғалім: Ұлы Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталатын дастандай жалғаса береді.





















1-оқушы

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі көп балаға.

2 -оқушы

Алаулап от жалындар,

Отқа ораған далалар.

Жарты ғасыр өтседе,

Естен кетпес сол жылдар.

3-оқушы

Тастар көкке атылды

Орман шулап, тау құлап

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ

4-оқушы

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ

5-оқушы

Оқ астында зулаған

Туған жермен бір болып

Жау алдында тұрды олар

Жиырма сегіз шың болып

6-бала Ақтілек

Жау жеңілді ақыры

Атты бейбіт таң күліп

Жиырма сегіз батырын

Ұмытпайды ел мәңгілік

7-оқушы

Жеңіс күні құтты болсын,

Құтты болсын аталар

Ұмытпайды ешқашан

Жауынгерді балалар

8-оқушы

Әлияны бұл күнде,

Барлық бала біледі.

Әлия-аты көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

9-оқушы

Мәншүк апай батырқыз,

Ардақтаймыз атын біз.

Ұқсап Мәншүк апайға,

Өсіп келе жатырмыз.

10-оқушы

Бауыржан атам ардақты

Алды биік атақты

Жетелеп алға қазақты

Жеңіске жолды бастапты



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
1910
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі