400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Желтоқсан-тәуелсіздік бастауы" балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша ұстаздарына арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы”

Мақсаты: Білімділік:Балаларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік

күні туралы түсінік беру;

Дамытушылық: танымдылық қабілетін арттыра отырып,

Балаларды ұлттық сезімге баулу;

Тәрбиелік: Балаларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Н. Назарбаевтың суреті, рәміздердің суреті, түрлі-

түсті қағаздар, күн суреті т.б.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

I.Шаттық шеңберді орындау:

Ашық болсын күніміз,

Биікте тұрсын туымыз.

Тату-дос боп халықтар,

Бақытты болсын балалар.

II.Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін еліміздің

әнұранымен бастайық.

III.Ой қозғау

Тәрбиеші: - Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы

“Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы” деп аталады.

Тәрбиеші: - Балалар, айтыңдаршы “Отан” дегеніміз не?

Иә, бұл сендер тұратын жер, туған үйлерің, халқың. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қане, балалар, Отан туралы кім тақпақ біледі екен?

Балалар Отан туралы білетін тақпақтарын айтады.

Тәрбиеші: - Балалар, ҚР рәміздеріне не жатады?

Балалар: - Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тәрбиеші: - Туда ненің суреттері бейнеленген?

Балалар: - Күн, бүркіт, ою – өрнек.

Тәрбиеші: - Дұрыс. Күн бейбітшілікті, байлықты білдіреді, ал қыран бүркіті –

тәуелсіздіктің белгісі. Ою – өрнек қазақ елінің дәстүрін білдіреді.

Ал елтаңбадан ненің суреттерін көруге болады?

Балалар: - Пырақ, шаңырақ, жұлдыз, “Қазақстан” деген жазу.

Тәрбиеші: - Жұлдыз – жарықты білдіреді, тұлпар – батырлық пен қажырлық

нышаны. Шаңырақ – ошақ амандығын білдіреді.

IV. Балаларға “Тәуелсіздік” сөзінің мағынасын түсіндіру.

V. Дидактикалық ойын: “Күннің шуағы”. Балалар сұраққа жауап беріп, күннің шуақтарын жинайды:

1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)

2. Елбасымыз кім? (Н. Назарбаев)

3.Қазақстанның астанасы қалай аталады?(Астана)

4.Біз қандай қалада тұрамыз? (Ақтөбе)

5.Біздің балабақшаның аты? (Жарқамыс балалар бақшасы)

6.Қазақстан Республикасы рәміздеріне не жатады? (ту, елтаңба, әнұран.)

VI.Сергіту сәтін орындау.

Қане, қане тұрайық,

Қазақ үйді құрайық.

Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа тағайық.

Оңға,солға бұрылып,

Арқандарды тартайық.

VII.Дамытушылық ойын: “Әдемі қала”. Балаларға түрлі-түсті гүлдер таратылады. Ақ қағаз бетіне жапсырады.

-Балалар, барлығымыз өзіміз тұратын Ақтөбе қаласын гүлдендірейік.

-Жарайсыңдар. Қандай әдемі қалаға айналды. Біздер бәріміз де осындай гүлдерміз. Қане, бәріміз гүл секілді күнге созылайық. Гүлдер қалай жайқалады? Жел соқса, гүл не істейді?

Мадақтау.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне белсене араласқан балаларды марапаттау.

Қорытындылау.

-осындай Тәуелсіз Қазақстан елінде тату- тәтті ғұмыр кеше берейік дей келе, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтаймыз.

-сонымен “Тәуелсіздік” дегеніміз не мағына білдіреді?

-қандай ойындар ойнадық?











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
31 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
24493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі