15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты ""Желтоқсанда үзілген жауқазындар!
Желтоқсанда үзілген жауқазындар!
Мақсаты:Оқушыларды желтоқсан құрбандарымен таныстыру,желтоқсанға қатысқан аға-апалардың ерлігі туралы айту.Еліміздің тарихы туралы түсінік беру.Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету,туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі:Желтоқсан құрбандарын еске алу құрметіне көрме (слайд)
жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі-16 желтоқсан-Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.Дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық тілейміз.Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болсын!
жүргізуші:
Шексіздік көк аспанды жамылады
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүректен шырқайтұғын
Әнұран! Мемлекеттің халық әні
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын!
(Әнұран орындалады).
жүргізуші: Армысыңдар,айналайын адамдар
Айналаңа шын қуанып қараңдар
Жиырма төрт жыл болды,
Тәуелсіздік алдық біз
Келді кезек болашақты бағамдар.
жүргізуші:
Халықтың тыныс - тіршілігін тарих таразысына салып, Ұлы көш алға басып барады. Көшбасшыларының көсем сөзін тыңдап өскен халықтың ұрпағы ретінде ауылымыздың үлкендеріне мерекелік сөз кезегін ұсынамыз.
жүргізуші:
Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 ж желтоқсанда еліміздің азаттығы жасында ерлік пен қайсарлық көрсетіп,қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып,еске алуларыңызды сұраймыз.
жүргізуші:
Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар
Жүректе жылы үміт пен ізгі ар
Ақ құстай бейбіт арманы самғап
Алаңға шықты жігіттер,қыздар.
Ән: « Құсни Қорлан »
Би: «Қара жорға»
жүргізуші:
Өсер ұлдың қай сәттеде бірлік болмақ қалауы
Лаула,лаула желтоқсанның мұзға жатған алауы
Өздеріңдей өр намысты,жас өркені елімнің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы
жүргізуші:
Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ
Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ
Бұның бәрін дұрыс болмас түсінген
Тәуелсізсің, біліп қойғын жас ұрпақ»-дей келе егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - балғын бүлдіршіндерімізге құттықтау сөз кезегі беріледі.
Айкоркем
Қайраттай
қайсар ұлдардың
Жанымен келген
еркіндік
Жазира мен
ляззаттың
Арымен келген
еркіндік
Қасірет пен
қайғының
Бәрімен келген
еркіндік
Ерасыл
Он алтыншы
желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың
жұрт
Бәрін кешті басынан
Назерке
Әр қазақтың
есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер
ақталады
Ел намысын қорғаған
сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік
сақталады.
Нұрайна
Он алтыншы
желтоқсан
Тәуелсіздік алған
күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған
күн
Сайәділ
Көк аспанда
тулардың
Желбіреген күні -
бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні -
бұл.
Сұлу
Елдігімнің
– реңі,
Тендігімнің –
тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай
таным!
Нұрислам
Әділеттің
ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы
боп,
Зор салтанат
құрады.
Асланбек
Тәуелсіздік мәңгілік
сақталсын,
Алдымызда барлық үміт
ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып
қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен
жақталсын.
Нұралы
Енді міне
біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең
болдық
Әрқашанда біз дайынбыз
тайсалмай
Отан үшін болуға да
құрбандық
Айару
Дүбірлетсін
өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
жүргізуші:
Қайрат,Ләззат-ұл-қыздар даралаған Желтоқсан
Қаймықпай-ақ өлімге бара алған Желтоқсан
Тәуелсіздік келген ғой бұл Желтоқсан арқылы
Әлі күнге сөнбейді жанартаудың жарқылы
Ән: «Желтоқсан» өлеңі
Жүргізуші:
Тәуелсіздік-достығымыз,
Ынтымағы жарасқан.
Тәуелсіздік-ел
бірлігі,
Асқақ арман
таласқан.
Тәуелсіздік-өткеніміз,
Асулардан сан
асқан.
Тәуелсіздік-ертеңіміз,
Арайланып таңы
атқан.
Тәуелсіздік-
ардагерім,
Ұрпақтармен
жалғасқан.
Тәуелсіздік аға
жолы,
Болашаққа нық
басқан.
Ән: « Жаса, Қазақстан »
Жүргізуші:
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.
Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек
үнемі.
Жүргізуші:
Бүгінгі « Желтоқсанда үзілген жауқазындар »
бағдарламамызды әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі
ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты
болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене
берсін!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген