Материалдар / Тәрбие сағаты: «Желтоқсан–тәуелсіздіктің бастауы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: «Желтоқсан–тәуелсіздіктің бастауы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне ашық тәрбие сағатын өткізу кезінде көмегі тиер деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
599
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Желтоқсан–тәуелсіздіктің бастауы»

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз  Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар, слайд.

Барысы: Әнұран орындалады.

Жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер!
 Дүниені дүр сілкіндірген, Тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі желтоқсан оқиғасына арналған «Желтоқсан–тәуелсіздіктің бастауы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 1986 жылы 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толып отыр.

- 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.
- Олай болса, біздің оқушыларымыз тәуелсіздік туралы не айтады екен?
1 оқушы:

Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ак қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

2 оқушы:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған

Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

3 оқушы:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

4 оқушы:

Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр

Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген?

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Хор «Желтоқсан желі» әні
Жүргізуші:
- Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.
- Ал 1941- 45-жылдары қиында ұзақ 4 жылға созылған Ұлы Отан соғысы болды.1418 күнде 20 млн. адам қаза тапты. 
- 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында ерлік көрсетіп,қаза тапқандар:

Қайрат Рысқұлбеков,Ләзат Асанова,Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев

-Енді еліміздің тәуелсіздік шежіресін тыңдайық.
-1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзт әуелсіздігін жариялады.
-1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздері қабылданды. Қазан айында тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.
-1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта–төл теңгеміз дүниеге келді, ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.
- 1995 жылы 30 – тамызда Ата заң қабылданды. Заң 2001 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа Конституция мен еліміздің жаңа тарихы бастау алды. Алғаш рет 1 – желтоқсан Президент күні деп жарияланды.

5 оқушы:

Тәуелсіздік–менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік–сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік–жыр әнім.

Жүргізуші:
- 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлт жанды аға – әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қолжеткіздік. Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Ендеше, осындай бейбіт елде ата- ана, бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!

6 оқушы:

Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 

7 оқушы:

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

8 оқушы:

Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен Ляззаттың

Арымен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік

9 оқушы:
Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке!

Жүргізуші:

  • Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан-тәуелсіздіктің бастауы» атты тәрбие сағаты аяқталды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!