Жігіт
сұлтаны
Қайырлы күн құрметті
ұстаздар, оқушылар және де қонақтар. Сіздерді бүгін жігітке жеті
өнер де аз дегендей жігіт сұлтаны сайысына қош
келдіңіздер.
Уа,халайық,халайық,
Мұнда назар
салайық.
Ата жолын
жалғамақ,
Ел дәстүрін
қорғамақ.
Жігіттер шықсын
ортаға,
Бүгін сұлтан
атанбақ.
Құрметті көрермен
қауым,ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қарсы
алайық.
1.Өнер туған
жасынан,
Өнері судай
тасыған.
Біздің Ержан
Нұржан
Көрінген көптің
басынан.
2.Келесі біздің
сайыскер,
«Ақжелкен»тобының
жігіті.
Шақырайық
ортаға,
Жылқыбай
Нұртасты.
3.Арман бар биік шыңға
шықсам деген,
Қыран боп көк әлемге ұшсам
деген.
Бүгінгі сайысқа жеңіп
шығып,
Кең сермеп қанатымды ұшсам
деген.
Қойшығара Азаматты қол
соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.
Адам, ғалам ғажайып,жеке
дана,
Жан құмарын іздеген мәңгі
сана.
Өзіңді-өзің танысың істің
басы,
Түзеген өз ғаламын болған
дана.
Жөн сұрасып отырады жүрген
жерде,
Бабамыздың салты ғой ол бұл
күнде.
Үміткерлер «Жігіттің
сұлтанына»өздерін таныстырар осы жерде-дей келе,өзін-өзі таныстыру
кезеңін бастаймыз.
1.Ержан
Нұржан
2.Жылқыбай
Нұртас.
3.Қойшығара
Азамат
Қазақтың түрлі-түрлі
дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанда жұрт
қызығар.
Жауаптарын табама екен бұл
жігіттер,
Сондықтан қойылатын
сұрақтарымыз бар.Ендігі кезекті сұрақ-жауап кезеңіне
береміз.
1.Үш арсызды атап
беріңіз?
2.Жеті атаңды
ата?
3.А.Құнанбаевтың әжесінің
есімі кім?
4.Үй жануарларын
атаңыз?
Құлақтан кіріп бойды
алар,
Әсем әнмен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең менше сүй.-дей
отырып кезекті жігіттеріміздің өз өнеріне жол
берейік.
1.Байбақтиев Нұртас
«Анашым»әні
2.Қаражанов және Құрманов
«Аррива»биімен
3.Байбақтиев Нұрсұлтан
«Акелер»әнімен
Жігіттің көркі
өнері,
Талапты кісі
мұраты.
Өнер қалмақ
артында,
Дүниенің өшпес шырағы-дей
келе «Қыздар өмірдің гүлі»атты сайысымызды бастаймыз.(Қыздарды
сырландырып,шаштарын сәндеу)
Сайысымыздың соңғы кезеңіне
де келіп жеттік. «Кім жылдам?»сайысы.
Жеңістер мен жеңілістерде
тұрады,
Өмір күрес жеткізе ме
мұратын?
Жеңбедім деп,жеңілдім деп
ренжіме,
Қатысуда бір жеңіс
қой,
Жан болсаң егер ұғатын-деп
сөз кезегін әділ-қазылар алқасына
берсек.