Тәрбие сағаты Жігіт сұлтаны 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Жігіт сұлтаны 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларымызды жарыстырамыз, сыныбымыздың өнерлі жігітін анықтаймыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жігіт сұлтаны

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және де қонақтар. Сіздерді бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей жігіт сұлтаны сайысына қош келдіңіздер.

Уа,халайық,халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қорғамақ.

Жігіттер шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ.

Құрметті көрермен қауым,ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қарсы алайық.

1.Өнер туған жасынан,

Өнері судай тасыған.

Біздің Ержан Нұржан

Көрінген көптің басынан.

2.Келесі біздің сайыскер,

«Ақжелкен»тобының жігіті.

Шақырайық ортаға,

Жылқыбай Нұртасты.

3.Арман бар биік шыңға шықсам деген,

Қыран боп көк әлемге ұшсам деген.

Бүгінгі сайысқа жеңіп шығып,

Кең сермеп қанатымды ұшсам деген.

Қойшығара Азаматты қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Адам, ғалам ғажайып,жеке дана,

Жан құмарын іздеген мәңгі сана.

Өзіңді-өзің танысың істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.

Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде.

Үміткерлер «Жігіттің сұлтанына»өздерін таныстырар осы жерде-дей келе,өзін-өзі таныстыру кезеңін бастаймыз.

1.Ержан Нұржан

2.Жылқыбай Нұртас.

3.Қойшығара Азамат

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.

Жауаптарын табама екен бұл жігіттер,

Сондықтан қойылатын сұрақтарымыз бар.Ендігі кезекті сұрақ-жауап кезеңіне береміз.

1.Үш арсызды атап беріңіз?

2.Жеті атаңды ата?

3.А.Құнанбаевтың әжесінің есімі кім?

4.Үй жануарларын атаңыз?

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.-дей отырып кезекті жігіттеріміздің өз өнеріне жол берейік.

1.Байбақтиев Нұртас «Анашым»әні

2.Қаражанов және Құрманов «Аррива»биімен

3.Байбақтиев Нұрсұлтан «Акелер»әнімен

Жігіттің көркі өнері,

Талапты кісі мұраты.

Өнер қалмақ артында,

Дүниенің өшпес шырағы-дей келе «Қыздар өмірдің гүлі»атты сайысымызды бастаймыз.(Қыздарды сырландырып,шаштарын сәндеу)

Сайысымыздың соңғы кезеңіне де келіп жеттік. «Кім жылдам?»сайысы.

Жеңістер мен жеңілістерде тұрады,

Өмір күрес жеткізе ме мұратын?

Жеңбедім деп,жеңілдім деп ренжіме,

Қатысуда бір жеңіс қой,

Жан болсаң егер ұғатын-деп сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берсек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2021
588
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі