400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Жігіт сұлтаны" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағаты 7 мамырға байланысты сайыс сабағы ретінде ұйымдастырылған "Жігіт сұлтаны" Бұл кез келген мұғалімнің пайдасына жарары сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жігіт сұлтаны


Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.



Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойында өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.

2 – жүргізуші:

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын кез келді!


1 – жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ.

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!

1.

2.

3.

4.

5.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп сыныптың жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.


«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.

2.

3.


Балгабаева Аружан Ән "Биле жастық"



Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.

ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.

ІІІ бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.

ІҮ. «Ескірмейтін есті сөз»- мақал-мәтел сайысы.

Ү. «Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарының шеберлігі.



І бөлім. Ақыл – көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршыңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді – деп, сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.


Ән " Ертегі" Айзада, Зейнеп, Ақбаян


ІІ бөлім.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты. - дей отыра «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» атты өнер бөлімін бастаймыз.


Тақпақтар: Аида, Диана, Ж. Сәния, Әсел, Дильназ


ІІІ бөлім

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай.

Күш өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай - деп өзара білектесіп күш сынасатын «Ақылына күші сай» бөліміне кезек беріледі.






ІҮ бөлім. Бағына бақытты елдің туған ұлан,

Бойына бар асылды жиған ұлан.

Қазақтың қасиетті жігіттері,

Жанына нұр дарыған, жыр дарыған. деп келесі бөліміміз «Ескірмейтін есті сөз»- мақал-мәтел сайысы.



Ү бөлім. Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, сайысымыздың келесі бөлімі

«Шебердің қолы ортақ» яғни үй тапсырмасына кезек беріледі.



Әділ қазылар қорытынды шығарғанша

Диана, Диляра, Аружан - Айгөлек әні

Диляра, Диана - көрініс

Аружан - Балауса


«Жүзден – жүйрік» күшімен,

«Мыңнан – тұлпар» шықты шың

Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!

Құттықтайық ал енді

Сұлтан болған баланы

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы.

Қуанышты жанары,

Шоқтай болып жанады.- деп әділқазыларға сөз беріледі.

Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:

1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»

2. «Дарынды жігіт»

3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».

4. «Өнерпаз жігіт»

5. «Парасатты жігіт»

6. «Алғыр жігіт».

7. «Шымыр жігіт».

8. «Шешен жігіт»

1– жүргізуші:

Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі