Материалдар / Тәрбие сағаты "Жол ережесін білейік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Жол ережесін білейік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол ережесі туралы сынып сағат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2020
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жол ережесін сақтайық

Мақсаты: 1) Балаларды жол, көлік апаттарынан сақтандырып, жол ережесін қатаң сақтауға үйрету.

2) Жол белгілерімен таныстыру.

3) Оқушылардың бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту, жолда жүру ережесі өз өмірлері үшін қажет екенін түсіндіру.

Көрнекілігі: Бағдаршам суреті, сюжетті суреттер, жол белгілері суреттері.

Барысы.

Мұғалім:

Қай көше, қай қалаға барсаңызда,

Қай ақыл өлшеміне салсаңызда.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп –

Ол ортақ үлкен, кіші бәрімізге.

Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жол ережесін сақтайық» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?
1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.

Мұғалім: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын.

- Балалар, жол деген не?

«Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.
- Тротуар деген не?
Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен қатар, аса қауіпті болып табылады.
- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?
Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.

- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
3 – оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол) деп атайды.

4 – оқушы:

Тұрады ол әрқашан

Бұрышында жолдың.

Қиып өткен сайын

Қарай тұғын болғын.

5 – оқушы:

Жанса көзі жасыл,

Жолың айдай ашық.

Жүре бергін батыл,

Керегі жоқ қорқып.

6 – оқушы:

Қызыл көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанша

Қыбыр етпей тоқта.

7 – оқушы:

Сары көзі жанса,

Сен мынаны аңғар.

Тұрып қалмай онша

Қозғал оған қамдан.

8 – оқушы:

Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

9 – оқушы. Ескерту белгісі:
Қызыл шеңбер ішінде
Үшбұрыш боп тұрамын
Қателеспес үшін де,
Көз сал маған,шырағым!

10 – оқушы:
Құрар үйде сауықты,
Жолдан аман келсе адам-
Жолда күткен қауыпты
Ескертемін мен оған.

11 – оқушы.Тыйым салу  белгісі:
Болмау үшін қиын күн,
Қажеті бар тыйымның.
Қызыл шеңбер ішінен

12 – оқушы:
«Болмайды!» деп бұйырдым.
Тұрады әркез сапта аман-
Сол тыйымды сақтаған.
Тыйым көрсең,тұра қал-
Әрі қарай аттама!

13 – оқушы.  Анықтама белгісі:
Түнде,күндіз,кеште де
Жөн сілтеймін жолға сай-
Аңғармайсың ештеңе
Анықтама болмаса.

14 – оқушы:
Ой-шұңқырды алдағы,
Қалай өту керегін,
Жылдамдықты,ал,көні
Анық айтып берейін!

 15 – оқушы. Көрсеткіш   белгісі:
Жол созылмақ қаншаға,
Қайда асхана,монша бар,
Қонақүй,бар қай жерде,

Қайда музей,қай көрме…-
Көрсетемін саған дәл,
Не көрсетсем,соған бар.

Сергіту.

Сергіту ойынын ойнайық.
Орнымыздан тұрайық
Бағдаршамның белгісін
Қимылмен келтіріп шығайық.
( Мен қызыл дөңгелекті көтергенде отырасыңдар, сары дөңгелекті көтергенде тұрасыңдар, жасыл дөңгелекті көтергенде орындарыңда жүресіңдер).

Мұғалім:- Балалар, кейде қиылыстардағы бағдаршам жұмыс істемей қалуы мүмкін. Бұл жағдайда бағдаршамның міндетін мемлекеттік автоинспекциясының қызметкерлері атқарады. Оны РЕТТЕУШІ дейміз. Сендер реттеушінің қимылын бағдаршамның қандай сигналына сәйкес келетінін алдарыңдағы қызыл, сары, жасыл белгішелерді көтеру арқылы көрсетесіңдер.
Реттеуші: (ала таяғымен реттеуші қимылын 2 рет көрсетеді)

Жұмбақ шешу.

  1. Өзі сөйлеу білмейді,

Бірақ тоқта, жүр дейді. (Бағдаршам)

  1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған,

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (Жол қызметкері)

  1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

  1. Қос арғымақ мінемін,

Жолсызбен де жүремін. (Шаңғы)

Қорытындылау.

Әріптерді таратып беру. Әріптерден «Көшеде сақ болайық» сөзін құрастыру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!