жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты: Жол ережесін сақта балақай!
Тақырыбы : Жол ережесін сақта балақай
Мақсаты: Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру. Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту.. Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
-Жол
заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап
етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер
тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы
көбінесе балалардың жол бойында қалай
болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы
тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға
жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып
келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін
бұзғандықтан кейбіреулер машина
дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері
жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік
мүгедек болып қалады.
Сондықтан
әрбір бала» Жолда жүру ережесі»
тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап,
әр сабақтан қорытынды жасап отыруға
міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде,
жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Сонымен
қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар:
Үлгілі, тәртіпті бала.
Тәрбиеші:
Ал енді» Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
атты тәрбие сағатымызды ашық деп
жариялаймын.
(Аудио дыбыстар естіледі, көше, көліктердің)
Слайд: «Сақта жолдың тәртібін» (жәй әуеннің дауысы естіліп тұрады).
Тәрбиеші:
Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды. Себебі бағдаршамға бағынып жүру тәртібін қатаң сақтаған адам өз өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.
Сұрақ- жауап алу.
Үлкен жолда доп ойнауға, велосипедпен көшеде жүруге бола ма? Балалардың жауаптары.
-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма?
Билингвальды компонент: қауіпсіздік-безопастность, бағдаршам-светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі-пешеходный переход, тыйым салатын белгілер-запрещающие знаки. Дұрыс,жақсы айтты.
Қызықтыру сәті: (әдемі көңілді әуенге бағдаршам келеді). Балалар амандасады.
Бағдаршам:
Менің атым бағдаршам,
Мекен жайым тұрақты.
Жақсы білем міндетімді,
Мүдірмеймін ешқашан.
Тәрбиеші: Қош келдің, бағдаршам!
Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.
Айтыңдаршы, бағдаршамның көшедегі қызметі қандай? - Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.
Бағдаршам ойын ойнатады: Ойын: «Сақ бол!»
Қызыл
көзін жағады. (қозғалмай тұру)
Сары
көзін жағады. (қол
шапалақтау)
Жасыл көзін жағады.
(бір орында тұрып жүру). Балалар
ойынды қызыға ойнады.
Тәрбиеші:
-Балалар, бағдаршамның қай көзі біздің досымыз?
-Балалар мынау қандай жол?
Балалар: - Бізге жолдан өтуге көмектесетін жол.
Бұлар «Көрсеткіш белгілер», яғни оларды «Жаяу жүргіншілер өтпесі» деп атайды.
Иә, балалар! Бұл белгілер біздің достарымыз, ал достарын ұмытуға болмайды.
-Ал,балалар, сендер жол ережесі туралы тақпақ білесіңдер ме?
-Қауіпті ғой көше тым.
Қумай жолдың төтесін.
Жолақтарды іздеймін,
Жаяу адам өтетін. Айым
--Асықпаймын аптығып.
Алдым мұны жақсы ұғып.
Күйсандықтың тіліндей,
Қатар – қатар ақ сызық. Дильназ
- Ортасында тұра қап,
Оңға – солға бір қарап.
Жолдың арғы шетіне,
Жетіп алам жылдам – ақ. Талшын
-Балалар, мен қазір сендерге бір жұмбақ жасырайын:
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы оны пысығым.
-Қазір біз «Жол бойында абай бол!» атты көріністі тамашалайық,
Қонжық пен қоян жол шетінде футбол ойнап жүреді. Оларға велосипед мінген тышқан келеді.
Тышқан: Сәлем, қонжық, қоян. Қалдарың қалай?
-Сәлем, қалымыз жақсы.
Тышқан: Сендер неге бұл жерде футбол ойнап жүрсіңдер?Бұл жерде ойнау қауіпті.
Қонжық: Ой қойшы, шиқылдамай. Біз жолда ойнап жүрген жоқпыз ғой.
Қоян: Бар өз жөніңмен кете бер, біз өзіміз білеміз. Сен бізге ақыл айтасың, ал өзің жолда велосипед тебесің.
Тышқан: Жоқ, мен велосипедті тек арнайы рұқсат етілген жерде ғана тебемін. Әне, рұқсат етілген белгісі тұр.
Қоян: Қонжық, қане допты теп.
(Осы кезде қонжықтың тепкен добы жол үстіне домалап кетеді. Қоян оны аламын дегенде, оны машина қағып кете жаздайды. Машина тежегішін басып, әрең тоқтайды. Қорқып қалған қоянды, қонжық пен тышқан жол үстінен алып шығады. Жүргізуші машинасы жол жегіне қойып бірге келеді. Қорыққан қоян жылап жібереді.)
Қонжық: Жылама, қоян жылама. Келесі жолы абай боламыз.
Тышқан: Жол көліктің жүрегі,
Машина көп жүреді.
Қауіп жоқ деп ойлама,
Жолда футбол ойнама!
Жол сақшысы: -Сәлеметсіздер ме! Бұл жерде не болып жатыр?
Тышқан: Жол жиегінде футбол ойнауға болмайды десем, қоян мен қонжық құлақ аспады.
Жол сақшысы: -Ой қоян, сен жарақаттанып қалғансың ба? Қазір жедел жәрдем шақырайын.
Дәрігер келеді.
Дәрігер: Сәлеметсіздер ме! Кім жарақаттанып қалды?
Жол сақшысы: қоян машинадан қорқып, қашамын деп, аяғын жарақаттап алыпты.
Дәрігер: -қане, қарап көрейін. Аяғыңды созып көрші. Сынғаннан аман екен. Кел, қонжық досыңды тұрғызайық. Келесі жолы абай болыңдар.
Жол сақшысы: -Егер жол ережесін бұзсақ, тек қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зиянымызды келтіреміз. Сондықтан жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығармаңдар.
Жол сақшысы шығып кетеді.
«Сұрақ-жауап» ойыны.
- Бағдаршамның неше түсі бар? Үш: қызыл, сары, жасыл.
- Қай түс жанғанда машиналар жүреді? - жасыл
- Көлік күтетін жерді қалай атайды? - аялдама
- Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді? - жүргішілер
- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді? «Тоқта!» - дейді.
- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді? - Ақ жолақ немесе зебра жол.
- Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? - Көшенің ортасына келгенде оң жаққа қарайды.
- Жарайсыңдар балалар! Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер.
Тәрбиеші: Ережені сақтайық,
Жол тәртібін білейік
Аман-есен жүрейік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген