400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Жол тәртібін білейік" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Жол тәртібін білейік, Аман - есен жүрейік"
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Интербелсенді тақта, бағдаршам, жол белгілері, нақыл сөздер, макеттер.
Сабақтың барысы: Оқушыларды
қызыл, жасыл, сары түстермен топқа бөлу.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! "Жол тәртібін білейік, Аман - есен жүрейік" атты жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші:

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.


Жүргізуші:

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ
Үлкен - кіші баршамызға!


Жүргізуші:

Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Жарысымыз басталсын сәлемменен.


Жүргізуші: 1 бөлім. Топтарды таныстыру.
1 - топ –«Бағдаршам».
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып!
2 - топ – «Жол белгілері».
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!
3 - топ - «Жүргізуші».
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік!

Жүргізуші:

Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы бәріміз сұрақтарға жауап берейік.

2 -бөлім. «Сұрақты ұстап ал!» әдісі:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршам жоқ жерде, жолды қалай қиып өтуге болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?
5. Қанша жастан бастап, велосипедпен жүруге рұқсат етіледі?
6. Бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанда, кімдерге өтуге рұқсат етіледі?
7. Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
8. Жүрісті реттеп тұратын адам кім?
9. Жолдың қай жағымен жүру керек?


3 - бөлім.

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып - деп «Бағдаршам» ойынын бастаймыз.
Жүргізуші: Алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екендігін байқайды.

Ойын шарты: «Бағдаршам»
1. Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
2. Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3. Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.


4 бөлім.

Көшедегі бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ өзіңе жол сілте
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңнің көзіңе - деп әр топ көше тәртібін білетіндігін рөлдік ойын арқылы сахналайды.


5 бөлім. «Мозайка» әдісі

Әр топ жинаған жол белгілерін құрастырып қорғайды.


6 бөлім. «Конверт-сұрақ» әдісі.

Топтар жол ережесіне қатысты жұмбақтар шешеді.

Жұмбақтар:
І - топ. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)


ІІ - топ. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
(Автоинспекция қызметкері)


ІІІ - топ. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)


Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді.
(Бағдаршам)


Екі аяқты бір ізді,
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен ол менің,
Аяғымды жүргізді.
(Велосипед)


Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)


Үлкен - үлкен қалаларда жүреді,
Табаны темір, төбесінде жүрегі.
(Трамвай)


Жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі - заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.


Қорытынды:
«Мен өзімді қалай сезінемін» оқушылар көңіл күйлерін смайликтер арқылы білдіреді. Әділқазылар өз бағаларын, сыйлықтарын береді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1029
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі